Тексерілді: Күні


Бекітемін: Күні,айы,жылы



бет4/9
Дата30.03.2023
өлшемі63,97 Kb.
#77452
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-тоқсан тәрбие сағаттары

Бекітемін:
Күні,айы,жылы: 19.12.2022жыл
Сынып жетекшісі: Өтемұратова Б.Н
Сыныбы: 11«Б»
Тәрбие сағат тақырыбы: «Менің Отаным»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.
Жүргізуші
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Туған жерім менің - Қазақстаным » -деп аталады.
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Жүргізуші. Ән ұраным – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады,
Туған жерім сағынарым,
Республикам әнұраны!
Оқушылардың әнұранды орындауы.
Отан дегеніміз не? (Балалардың жауабы)
Біздің мемлекетіміздің рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран, ту, елтаңба) (слайд көрсету) Қазақстан Республикамыздың азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан аумағында жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті.
Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәлелелрін еске алады. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Ту – ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі.

-Балалар, Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?


-Балалар, Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер? (балалар ортаға шығып, тақпақтарын айтады)
Отан туралы тақпақтар:
1 оқушы.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен.
2 оқушы.Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?!
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!

3 оқушы.Бақытты боп жүргенім


Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Жүргізуші:
Қазақта «Сөздің көркі – мақал» деген ұғым бар. Мақал-мәтелдердің қай-қайсысын алсақ та, замана қиындықтарын танытарлық құдірет бар. Мақал-мәтел, ақыл-нақыл аталы сөздер, шешендік сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен мақал-мәтел, аталы, шешендік сөздердің адам өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміздің дұрыстығын, Отан жайлы мақал-мәтелдер айтысы дәлелдейді.
Сөз кезегін оқушыларымызға берелік:
-Отан туралы мақал-мәтелдерді кім көп біледі? Ендеше, мақал-мәтел сайысын ұйымдастырайық.
Оқушылардың орындауында флешмоб
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Туған жерім менің - Қазақстаным» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін, Қазақстанымыз туымыздағы қырандай самғай берсін! Хош, сау-саламат болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет