Тексерілді: Күні


Тексерілді:--------------------------------



бет3/9
Дата30.03.2023
өлшемі63,97 Kb.
#77452
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-тоқсан тәрбие сағаттары

Тексерілді:--------------------------------
Күні: 26.12.2022ж
Сыныбы: 11 «Б»
Сынып жетекшісі: Өтемұратова Б.Н
Тақырыбы: «Армысың,Жаңа жыл!»
Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесіне деген сығыныштарын сезіну, олардың мерекеге деген құрметтерін арттыру.
1-оқушы
Аппақ бүгін қыр,далам,
Ақ дастархан жапқандай .
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде қуаныш.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
2-оқушы
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы ,арманның
Жақсы дәстүр кеңейсін.
Оқ атпасын ешкім де,
Өмір деген тым ыстық!
Жұмыр жердің үстінде ,
Бұзылмасын тыныштық!
1-оқушы
Ау бақытты ұландар,
Айлы көкке қараңдар.
Мініп аппақ кемені,
Жыл ғарыштап келеді.
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны,
Ән мен билер басталсын,
Мерекелік тойды енді
Мен-Балдырған – басқарсын!
Ән: «Көрікті шыршамыз»
(Бүлдірген балаларды күлдіріп ,әркімге соқтығысып жүреді)
Бүлдірген:
Маған бүгін бәрі көңілсіз!
Сендер бәріңіз неге мәз боласыңдар осы?! Мен бүгін тіпті бір түрлі болып тұрмын.Жамандық істеп, бірдеңені бүлдіргім келіп тұр.
1 оқушы
-Жоқ бүлдірген сен олай балалардың мерекесін бұзба. Бұл мерекені балалар неше ай бойы күтті десеңші?!
-Балалар неше ай күттік?
-Он екі ай!
-Олай болса жақсы ән шырқайық ,сен де тыңда ,Бүлдірген!
Ән: «Бала тілегі»
Бүлдірген:
-Қойыңдаршы осы ән дегенді! Маған ештеңе ұнап тұрған жоқ!
-Қой мен бірдеме бүлдірейін. Қане кімді ұрып жіберейін?!
2 оқушы
-Балалар ,біздің тойымызға бір нәрсе жетіспейтін сияқты?
Бүлдірген.
-Таптым , мен таптым.Менің іс- әрекетім жетіспейді!
Балдырған:
-Қой ,Бүлдірген тойдың шырқын бұзба!
1оқушы
-Балалар , таптым! Біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған жоқ па? Олар біздің мектебімізді таба алмай жүрген шығар. Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды естіп,бізді тауып алар.
Бәрі:
Аяз ата,Ақшақар
Келіңіздер біздің ортамызға!( 3 рет)
Аяз ата:
-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар халайық!
Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан- тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақар:
Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып ,
Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем иіліп.
Келе жатқан ит жылы ,
Береке , бірлік әкелсін сендерге!
Аяз ата:
-Ал балаларым, мен енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Мына менің қасымдағы аса таяғым құр таяқ емес, сиқырлы таяқ. Бұл аса таяққа тисеңдер қатып қаласыңдар.
Ойын :«Ескертіш»
(Балалардың тақпақтары)
Аяз ата:
Ау бүлдіршін қыздарым,
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
-Қане, бастаңдар әндерің мен билеріңді!
Ән «Аяз ата»
Аяз ата:
-Қане кәрі сүйектерімді шытырлатып сендермен би билейін, жіберіңдер музыканы!
Аяз ата мен балалардың көңілді биі.
(Би биленіп жатқан кезде Ақшақардың балаларға алып келген қорабын Мыстан кемпір ұрлап кетеді)
Ақшақар:Ата,Ата менің мына жерде тұрған қорабым жоқ.
-Балалар, менің қорапшамды көрдіңдер ме?
-Кім алды екен?
-Мүмкін Мыстан болар!
Мыстан :-Ә-ә , енді мені естеріңізге алдыңдар ма,
Бермеймін, қорапшаны !Бермеймін деген соң ,бермеймін.Маған не істей аласыңдар!
1оқушы
-Қорапшада не бар еді Ақшақар? Аяз атаның сыйлықтары мына дорбада емес пе?
Мыстан: Ә-ә мына қорапшада ең асыл заттар, сендерге қымбат дүниелер бар.
2 оқушы
Әжетай, сіз қайда да балалардың шырқын бұзасыңыз да жүресіз.Ертегілерде де үнемі адам баласына қастандық жасап келесіз.Жаңа жыл келе жатыр, балалардың көңіл күйін бұзбай – ақ қойыңызшы.
Мыстан: Оған өздерің кінәлісіңдер, үнемі мені шеттетесіңдер де жүресіңдер.Мен де сендермен болғым келеді.Мені неге жұртпен бірге тойға шақырмайсыңдар?
1 оқушы
Әжетай ,шақырарын, шақырар едік-ау, бірақ.....
Сіз үнемі кір- кір , шашыңыз қопырап жүреді. Тіпті балалар тұрмақ, үлкендер де сіздің түріңізден шошып кетеді.
Мыстан :Ой, ол да сөз болып па, менің де әдемі көйлегім бар.
Музыка ойналады (Би биленіп жатқан кезде мыстан кемпір киініп келеді)
Мыстан би біткен соң Аяз ата мен Мыстан тобына бөліп «Қар лақтыру»
ойынын ойнатады.
Жеңілгендер өнер көрсетеді.
Аяз ата: Балаларым, ойын ойнап, ән салып жүргенде жаңа 2023 жылдың да келіп қалғанын сезбей қалыппыз-ау.
1 оқушы
Жаңа жыл келді міне жерімізге
Әкелсін құт- береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
2 оқушы
Төрлет, қане Жаңа Жыл,
Үлестір құт, береке.
Көп қуаныш ала жүр,
Көп болсыншы мереке!
Аяз ата:
Ау халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек «4» пен «5» болсын!
Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар.Енді соларға жол бастайын.
Ақшақар:
Күтіп отыр балалар,
Тағат таппай сағынып.
Оқалы шам бағандар,
Зерделі моншақ тағынып.
Жаңа жылым , жас ұлан,
Тұсауыңды кесейін!
(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)
Ән: «Кел , жаңа жыл ,жаңа жыл»
1 оқушы
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
2 оқушы
Ескі жылға ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз!
Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Құтты болсын Жаңа 2023 жыл!

Би . « Құтты болсын , Жаңа жылым»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет