Тектік сарын


Бэкте көп мақұлықта кездесе бермейтін ғажап бір қасиет бар-тын: ол — сәтінде адамды да, аңды да құдіретті ететін — ой ұшқырлығы еді



бет4/9
Дата21.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#26031
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бэкте көп мақұлықта кездесе бермейтін ғажап бір қасиет бар-тын: ол — сәтінде адамды да, аңды да құдіретті ететін — ой ұшқырлығы еді. Арпалыста түйсікке бағынатын-ды, әйткенмен миы да жұмысын тоқтатқан емес. Ол жауына бұрынғы иықпен соқпақшы әдісті қанталамақ түрмен тағы ұмтылды да, соңғы сәтте жерге жата кетіп Шпицтің алдыңғы сол жақ аяғына жармасты. Сынған сүйек күтір ете түсті — ақшулан төбет енді үш аяқтап қалған. Бэк қарсыласын құлату үшін үш мәрте әрекеттенді, одан әлгі тәсілін тағы қайталап, оның алдыңғы оң жақ аяғын шайнап тастады.

Жаны көзіне көрініп дәрменсіз халге түскен Шпиц жығылмауға күш салып бақты. Ол үн-түнсіз қоршаған иттердің жарқыраған көздерін, көзді сосын салақтаған тілдері мен демдерінен ауаға көтерілген күміс буды байқады. Сыртындағы шеңбер біртіндеп тарыла түскен-ді,ал бұл шайқаста жеңіліс табушыны қысатын мұндай қоршауды талай көрген. Бұл жолғы тізе бүгуші өзі еді.

Оның тағдыры шешілген-ді. Бэк аяған жоқ. Жұмсақтық көрсететін жер бұл емес екенін білген. Артынша ол шешуші соққыға дайындалды. Иттердің тақала түскені сонша, қос бүйіріне жақындаған жылы демді аңдаған. Шпицтің сыртынан көздері жайнап оның әрбір қимылын баға, бас салуға ыңғайланып жер бауырлағандарды көрді. Бір сәт тыныштық орнаған. Бүкіл ит орын-орнында тасқа айналғандай қатыпты да қалыпты. Тек Шпиц қана қалшылдай шатқаяқтап, төне түскен ажалды үркіткісі келгендей айбарлана ырылдап жүр. Бірақ осы сәтте оған Бэк те ыршып үлгерді, — сөйтті де кері қарғып түскен. Бұл жолғы нықпен жасалған соққы өз дегенін істеген еді.

Шпиц құлады. Иттердің қара құрым шеңбері ай жарығына шағылысқан қар бетінде бір нүктеге шоғарланды да, Шпиц жоқ болып кетті. Ал Бэк сонадай жерде жеңімпаз ретінде асқақ қарап тұрды. Бұл жауының көзін жойып, сонысына іштей риза болып тұрған елти рақаттанған нағыз жабайы жыртқыштың келбеті еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет