Тенденциялары



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 «Боран»    романында    еңбек    адамы  –  шопан  
Қоспанның    бейнесі    психологиялық    талдау    арқылы  
жасалған.  Кезең  келбеті,  адам  тағдыры  Қоспанның  ішкі  
сыры    ретінде    табиғаттың    стихиялық    күші  –  боранмен  
психологиялық  параллелизм арқылы  астарласа  ашылады.  
Қоспанның    ішкі    дүниесіндегі    алай-түлей    сезім    мен  
табиғат    құбылысы    параллельді    түрде    суреттеле    келе,  
тұтастықта    танылады.  Романның    ҿн    бойында    адамдар 
ҿмірі    мен    осы  құбылыс    қатар    ҿріліп    отырады. 
Жетімдіктің    тауқыметін    тартқан    жас    қыз    Жаңылдың  
трагедияға    толы    ҿмірі    оның    еске    түсіруі    арқылы  
кҿрінеді.  Ҿң    мен    түстің    арасында    ҿз    ойымен  ҿзі  
арпалысқа    түскен  Жаңылдың    күйін    бейнелеуде    автор 

  19 
 
 
«айқайлаған  еміс-еміс  дауыс»,  «түнде    шырылдаған  
бозторғайдың    ащы  үні»    сияқты    кҿркем  детальдарды  
пайдаланады.    Оның    бойын    билеген  суық    қорқыныш 
аласапыран  боранда  отар  қойымен  адасқан  Қоспанның 
(Жаңылдың    күйеуі)    жай-күйін    сездіргендей.  Осы  
қорқыныш  сезім оның  кҿз  алдына  ҿткен  ҿмір  жолдарын  
ҽкеледі.  Ҽке-шешесінен    ерте    айырылып,    ағайынының  
үйінде    жүргенде    Ұштап    пен    оның    қызы    Ибаштан  
кҿрген    тепкісі,  «буыны  бекіп,  бұғанасы    қатпаған»    сҽби  
сезімін  жаралаған  жетімдіктің  тауқыметі,  күйеуі  Қоспан  
соғысқа    кеткенде      еркегі    жоқ    үйге    басына    келген,  
ауылдың      шолақ    белсендісі  Жаппасбайдың    арам  
пиғылынан тартқан  жан  азабы,  жалғыз  ұлы  Мұраттың  
ҿлімі, одан  кейін  бала  кҿтермеуі -  Жаңыл  тағдырының  
тҽлкекті  тұстары. 
Қоспанның да ҿмірдегі  жүріп  ҿткен  жолы,  қанқұйлы  
соғысқа    қатысуы,    тұтқында    болуы,    еліне    оралғаннан  
кейінгі    кҿрген    теперіштері,    тұтқында    болғаны    үшін  
кҿрген    қудалауы  –  бір    адамның    тағдыры    үшін    аз  
нҽрселер    емес.    Бұл    оқиғалар    алғашқыда    Боранның  
бойына    жасқаншақтықты,    жігерсіздікті    ұялатады. 
Жаңылдың  да,  Қоспанның  да  ішкі   ҽлемінде  ұқсастық  
бар.  Ол  –  біреудің    ала    жібін  аттамас    адалдығы, 
тҿзімділігі,  ҿмір  сүйгіштігі.  
Романда  танымы  мен табиғаты  жағынан  Қоспанның  
адамдық    ҽлеміне      мүлде    кереғар      Жаппасбайдың  
характері    іс-ҽрекет    үстінде    ашылады.  Қоспан    мен  
Жаппасбайдың    ішкі    дүниесі    ешқашан    бітіспейді. 
Ҿйткені, 
Жаппасбайдың 
ұғымына 
ар 
алдындағы  
жауапкершілік  сезімі  жат. 
Осы  ретте  Ф.Оңғарсынованың  ҿлеңіндегі    ақын 
жанының бітімге  келмейтін жауы  еске түседі: 
Ол – адамдар шындыққа  жүгінбейтін, 
кҿлгірсіп күлімдейтін, 

  20 
 
 
Ҿзі істеген  жауыздық, зұлымдықтан, 
Қайғы шегіп  ішінен түңілмейтін. 
Жаппасбайдың  табиғаты  осыған  ұқсас.  Біреудің 
тұнығын  лайлап,  содан  лҽззат  алуды  ҿзінің  ҿмір  сүру 
машығына  айналдырған  Жаппасбайда  жазықсыз  адамның 
обалынан,    киесінен    қорқу  деген  жоқ.  Автор  бұл  жерде 
кейіпкердің 
іс-ҽрекетін 
оның 
психологиясынан 
туындатумен 
бірге 
жақсыларын 
жасытып, 
Жаппасбайларды  тайраңдатып  қойған  қоғамның  да 
кҿлеңкелі  тұстарына  бойлатады.  Жаппасбай    характерінің  
астында ұлт трагедиясының  шындығы жатыр.              
Қоспанның ішкі жан иірімдерін, терең  толғаныстарын  
саралауда    автор    пейзажды    ұтымды    қолданған. 
Суреткердің  поэтикалық сҿз ҿрнектері  даланың  ақ  түтек  
боранын  суреттеуде  ҽйгіленеді.Табиғат  кҿрінісі  боранды  
«Ақ  дүлей»  (Қоспан    берген  атау)  -  тылсым    күштің  
бейнесінде    береді.  «Ақ  дүлейдің»  жанды  бейнесін  
танытатын  детальдар    бар.  «Шарбы  бұлттың  арасынан  
нұры    қашып,    жүдеу    тартқан    ай    сығалайды.Тҿрт    күн  
соққан  боран  оның  да  ажарын   алып кеткен  сияқты»,- 
дей    келе,    бұл  құбылысты    «кең  атырапты    жүндей  
түткен»,    адамға    тізе    бүктірген    жойқын    күш    түрінде  
бедерлейді. 
Роман    соңында  Қоспан    ҿзінің  ҿткен    жолына    сын  
кҿзбен    қарап,    бойындағы    кемшіліктерін    ой  елегінен  
ҿткізеді. Бұл ойға  итермелеген - ҿмірі үшін күрес, боранды 
күнгі    арпалыстан    кейін  бойында    пайда    болған  рухани 
күш,  серпіліс.Романды талдау барысында  психологиялық 
талдаудың  компоненттеріне,  олардың  Қоспан,  Жаппасбай, 
Жаңылдың характерлерін даралаудағы кҿркем мҽніне назар 
аудару  қажет.  Қаһарманның  рухани  болмысында  болып 
жатқан  ҿзгерістердің,  жаңарулардың  себеп-салдарын 
автордың 
қаншалықты  кҿркем 
жинақтай 
алғанын 
қадағалау орынды. 

  21 
 
 
60-жылдардағы  ҽдебиет  қоғамдық-ҽлеуметтік  ҿмірдегі 
сан  қырлы  ҿзгерістерді    кҿркем  зерттеп,  жаңа  заман 
адамының сана-сезімін, психологиясын, рухани болмысын 
жан-жақты  саралауға  ден  қойды.  Ауылшаруашылық, 
ҿндіріс салаларында жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық 
санасын  зерделеп,  олардың  бойындағы  адамгершілік, 
моральдық  принциптерді,  ҿз  мүддесінен  ұжым  мүддесін 
жоғары қою секілді сапаларды аша кҿрсету  күн тҽртібінен 
түспеген  мҽселелер  болды.  Адамның  ішкі  ҽлемін 
меңгеруде    кҿркемдік  принциптер  мен  психологиялық 
стильді  оның  бойындағы    қайталанбайтын  ҿзгешелікті 
таңбалаудан  гҿрі,  ұжымдық  санасының    қырларын 
танытуға бағындырды.          
Ауылшаруашылық 
 
проблемаларын 
кҿтеретін 
туындылардың  бірі  –  Тәкен  Әлімқұловтың    «Ақбоз  ат» 
романы.  Романда  Біркімбайдың  отбасындағы  жағдайлар, 
оның  қызы  Гүлнаш,  немересі  Шырынның  бастарынан 
ҿткен  күйлер  ҽңгіме    болады.  Негізгі  оқиғалар  осылардың 
тағдырларынан  туындайды.Ҽр  қаһарман  ҿмір  жолында 
рухани жағынан ҿзгеріп, олардың мінез-құлқы, сана-сезімі 
ҽлеуметтік шындық нҽтижесі ретінде кҿрінеді. 
Біркімбай - ҿмірдің талай талқысына түскен, 
қиыншылықты кҿре жүріп, түйгені мол, кҿпті кҿрген адам. 
Оның кҽсібі- сҽйгүлік атты баптау. Шонай байдың жүйрік 
Ақбоз атына қатысты тұста Біркімбай мен оның қызы 
Гүлнаштың мінездері дара сипатқа ие  болады. Шонайдың 
адам тағдырын (Гүлнаштың) саудаға салуы, ата-анаға 
тҽуелді, салт-дҽстүрдің шырмауынан аса алмаған 

  22 
 
 
Гүлнаштың мұң-наласы, іштей күйзелсе де, Біркімбайдың 
да дҽуір салтынан аса алмауы,  жаңа сананың адамы  
Шырынның іс-ҽрекетіндегі, ой-санасындағы еркіндік – бҽрі 
де ҿзіндік ҿмірі бар адамдардың тағдыры. Осы 
кейіпкерлердің жан-дүниесінен, санасынан, мінезінен 
халқымыздың ұлттық  қасиеттері аңғарылып отырады. 
Шырынның қандай еркін ҿссе де, ата салтын ұмытпай,  
Елеусізге қатысты жағдайда ҽдеп сақтауы – ұлттық 
сананың, ұлттық психологияның  кҿрінісі. 
Біркімбай  қарт    ата  дҽстүрімен  сҽйгүлік  аттардың 
тұқымын  ҿсірумен  айналысады.  Бұрын  жүйрік  атқа  жеке 
басының  қамы  үшін,  ҿз  мерейінің  үстемдігі  үшін  ғана 
қызықса,  енді  болашақ  үшін  бар  күшін  салады.  Романда 
қаһармандардың 
ҿзгерген, 
түлеген 
ішкі 
рухани 
болмыстарына үңіле келе, автор қоғамдағы адам дамуының 
диалектикасына ҿзінше үңіле алған. 
Ауылдың  еңбек  адамдарының  ҿміріне    арналған 
туындыларда  кҿркемдік тереңдікпен  қатар ауыл мҽселесін 
жалаң суреттеп  кететін жағдайлар да аз емес.     
Жазушылардың  шығармашылық  нысанында  болған 
мҽселелердің    қатарында  тың  игеру  тақырыбы  да  бар. 
С.Жүнісовтің 
«Жапандағы 
жалғыз 
үй» 
(1966), 
З.Шашкиннің  «Сенім»(1966)  романдарындағы    инженер 
Райхан,  агроном  Нұрлан  образдары  ҿз    халқының  
жанашырлары,  адал    азамат,  іскер    маман  деңгейінде 

  23 
 
 
шыққан.  Тың    игерудің    кҿлеңкелі    тұстарына,  ҽсіресе,  
қазақтың  мал  ҿрісін  тарылтқанына,  қамқорлықпен  
қарамаса,  жердің  де    озатынына  мҽн    беріп,  ой    тастау 
түрінде болса да жеткізе алған. 
ХХ  ғасырдың  басында  ҿткен  тарихи  оқиғалар  –  1916  
жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс,  Қазан  тҿңкерісі,  азамат  
соғысы 
кҿркем 
ҽдебиетімізде 
қызыл 
империяның 
таптаурын  танымымен  зерттеліп  келгендігі  белгілі. 
Жазушыларымыз  ертелі  – кеш  тарихымыздың  осы  тұсына 
айналып  соғып  отырды  да,  адамтану  мҽселесінен    гҿрі 
кеңес  дҽуірінің    құдіретін  паш  ету,  асыра  мадақтау  үрдісі 
белең  алды.  Ҿйткені    кҿркем  туындының  маңыздылығын 
осы белгісіне қарап ҿлшеді.  
Бүгінгі күні қазақ тарихының осы оқиғалары жайында 
сан-қилы  пікірлер  айтылып  жүр.  Тіпті  қара  күйе  жағу 
нышандары  да  байқалады.  Бірақ  халықтың,  қоғамның  
ҿткеніне    тым    үстірт,  сыңаржақты  қарау,  бҽрін  теріске 
шығару 
ұлтымыздың 
кҿсегесін 
кҿгертпесі 
айқын. 
Сондықтан бұл тақырыпта жазылған кҿркем  туындыларды 
талдау кезінде жаңаша пайымдауды сол дҽуірдің қоғамдық 
–  саяси,  ҽлеуметтік-мҽдени  дамуының  ерекшеліктерін 
зерделеумен сабақтастырған абзал. Ҿйткені  ҿткенге дұрыс 
баға бермей, болашаққа қадам баспақ жоқ. 
Бұл тақырыптың кҿркем ҽдебиетте игерілуінің ҿзіндік 
тарихы  бар.  С.Сейфулиннің  «Тар  жол  тайғақ  кешу» 
ғұмырнамалық  романы,  І.Жансүгіровтің  «Жолдастар», 
С.Мұқановтың  «Ботагҿз»,  «Теміртас»,  «Ҿмір  мектебі», 
З.Шашкиннің  «Тоқаш  Бокин»,  Ғ.Мұстафиннің    «Кҿз 
кҿрген»  ғұмырнамалық  романы,  «Дауылдан  кейін», 
Ғ.Мүсіреповтің  «Оянған  ҿлке»,  «Жат  қолында»  т.б. 
романдары  тарихи  оқиғаны  тап  тартысы  аясында 
қарастырғанмен,  ҿткен  ғасырдың  басындағы  аласапыран 
дҽуірдің панорамасын жасап , тарихтан шежіре шертеді. 

  24 
 
 
2. Хамит Ерғалиевтің (1916-1997) 
шығармашылығы 
Х.Ерғалиев  Атырау  обсының  Махамбет  (бұрынғы 
Новобогат)  ауданында  дүниеге  келген.  Мұнай  рабфагын 
бітірген  соң,  Қазақ  мемлекеттік  университетіне  (1939) 
оқуға  түскен.  Бірақ  аяқтауға  мүмкіншілігі  болмай,  Ұлы 
Отан  соғысына    аттанған.  Соғыстан  соң  республикалық 
«Социалистік  Қазақстан»  газетінде,  Қазақстан  жазушылар 
Одағында 
қазақтың 
мемлекеттік 
кҿркем 
ҽдебиет 
баспасында қызметтер атқарады. 
1959-жылдан  ҿмірінің  ақырына  дейін  бірыңғай 
шығармашылық жұмыспен айналысқан. Баспасҿз бетіндегі 
алғашқы ҿлеңі 1936 жылы жарияланған. Содан бері 40-тан 
астам тҿл кітаптары мен аударма жинақтары жарық кҿрген. 
«Ҽке  сыры»,  «Үлкен  жолдың  үстінде»,  «Оралдағы  отты 
күн», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан» 
жҽне т.б. жиырмаға жуық поэманың авторы. Шығармалары 
түгелдей  дерлік  орыс  тіліне  аударылып,  Мҽскеу 
баспаларынан  бірнеше    кітабы  жарық  кҿрген.  Ҽңгімелері 
мен  публицистикалық  мақалалары,  очерктері  де  кітап 
болып басылған. 
Орал  қаласындағы  рабфакта  оқып  жүрген  кезінде 
қабырға газеттерінің бетіне алғашқы ҿлеңдері шыққан жас 
ақын  іле-шала  «Ұлы  кек»,  «Дүние  теңселгенде», 
«Шыңдағы  сұлу»  атты  дастандар  жазыпты.  Бірақ  газет 
бетінде  жарық  кҿргені  соңғысы  ғана.  Поэзия  ҽлеміне 
осылайша үнмен екпіндей енген ақын жырлары Ұлы Отан 
соғысынан 
кейін 
кҿркемдік-эстетикалық 
тұрғыдан 
кемелденіп,  рухани  күш-қуатқа  ие  бола  түсті.  Ақынның 
шығармашылығы  негізінен,  бірнеше  салаға  бҿлінеді.  Атап 
айтқанда, 
олар 
лирикалық 
ҿлеңдері, 
дастандары, 
аудармалары,  публицистикалық  шығармалары.  Бұл  арада 
атап айтатын нҽрсе – Х.Ерғалиев жақсы қалыптасқан лирик 
болуымен  қатар оқырманға, ең алдымен эпик ақын ретінде 

  25 
 
 
кеңінен  танылды.  Оның  шығармашылығының  басым 
бҿлігін  құрайтын  туындылар  да  –  осы  дастандары  десек, 
артық айтқандық емес. 
Ақынның «Құтты қоныс», «Санаттағы сарбаз», «Кҿбік 
шашқан»,  «Алтын  зерен»  сияқты  жинақтары  –  оның 
сарабдал,  арқалы  ақын  екендігінің  айқын  мысалы.  Бұл 
кітаптарының  қай-қайсысында  да    ақын  ҿзіне  тҽн 
азаматтық  пафосты кҿркемдікпен айшықтап, жасампаздық 
рухқа  құлаш  ұрады.  Оның  қай  туындысынан  болса  да, 
рухани  қайсарлықтың  нышаны  кҿрініп  тұратынын  атап 
айту  қажет.  Ақын  шығармашылығына  жалаң  ҿсиет, 
жадағай  дидактика  жат.  Есесіне  суреткерлік  қуаттың 
нышандары 
басым 
келеді. 
Ақынның 
лирикалық 
ҿлеңдерінің  тақырыптары    негізінен,  бірнеше  саланы 
қамтиды.  Атап  айтқанда,  олар  –  патриотизм,  жалпы 
адамзаттық  мҽселелер,  табиғат  жҽне  адамның  жеке 
басының  кҿңіл-күйі  сияқты  поэзия  үшін  ескірмейтін 
ауқымды  тақырыптар.  Ақынның  пайымдауынша,    ҿз 
халқыңды,  ұлтыңды  шексіз  махаббатпен  сүймей  тұрып, 
бүкіл  адамзатқа  тҽн  материалдық  жҽне  рухани  игіліктерге 
қол жеткізу қиын. Патриотизмді  жырлаған кезде ақынның  
жүрекжарды  үні,  туған  халқына  деген  сүйіспеншілігі 
алдыңғы қатарға шығады. 
Қаныммен жаулап алған қайран бағым, 
Қанжардай қажет дейді қайралмағым. 
Ісім не күн мен түнде, келе берсе 
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым. 
 
Мұратым – мұң-шапағатым бҿлінбейтін,  
Менің де пірім бар кҿк бҿрім дейтін. 
Жарық жасырынса, қала алмайды 
Кҿкжалдың кҿзі болып кҿрінбей түн. 
 
Кҿзімде түннің оты маздағаны –  

  26 
 
 
Арланның азап-сордан азбағаны. 
Сұқтансаң сұлулыққа, түк еместей, 
Жүректің тоқтап қала жаздағаны. 
 
Қайғының қарысы да ызғары ішті, 
Ҿз елін ҿле сүймек қызғанышты. 
Сол үшін дем біткенде  талай тарлан, 
Қоштасып арманымен, құздан ұшты. 
 
Ҽзірше күйсе күйсін нақақ хатым, 
Сатусыз ҿз жұртыма махаббатым. 
Сұм ажал астамшылық істеп кҿрген 
Кеудеме зеңбірегін тақап та тым. 
Ей, пенде, кҿңілі мен кҿзі бҿтен, 
Сен менің келе алмайсың сҿзіме тең. 
Дҽуірлі дҽптерімнің ақ бетінде, 
Осылай сайран  салып ҿзім ҿтем. 
Ақынның  ҿзі  айтқандай,  «ҿз  жұртына  махаббатын 
сатпайтын»  шын  мҽніндегі  азаматтық,  биіктік  тек  үлкен 
жүректі,  ірі  тұлғалы  жандарға  ғана  тҽн.  Осындай  сезім 
күйін  бекем  бейнелей  отырып,  ақын  ҿзінің  жас 
оқырмандарын да махаббатын сатпауға ишаралайды. 
Патриотизм  ұғымын  жалаң  бейнелеу    мҽселесі  де 
ақынға  жат.  Ол  осынау  киелі  түсінікті  нақты  бір  жермен, 
нақты  халықпен  байланыстырып  жырлайды.  Ол  жер  – 
ақынның ҿзі туған Қазақстаны, нақты халық – ақынның ҿзі 
шыққан  қазақ  халқы.  Туған  ұлтының  ҿзіне  тҽн  қадір-
қасиетін, ешкімге ұқсамас жақсы жақтарын масайрап айту 
үшін  ақын  кҿп  ҿлеңдерінде  тарихымызға  шолу  жасап 
отырады.  Оның  елеулі  деген  тұстарын  назардан  тыс 
қалдырмайды. Тарихымыз жайында тебірене келіп, «Туған 
жер толғауы» атты ҿлеңінде былайша философиялық түйін 
жасаған екен: 
Бабадан қалған байтақ жер! 

  27 
 
 
Сырың жоқ бізден жасырын: 
Қасірет, бақыт, бай тағдыр –  
Барлығы сенің жан сырың. 
 
Халқымыз сенен жаралған 
Ҿсімдік, ауаң, суыңдай- 
Ҿлең де сенен нҽр алған, 
Ҿзегі бір сҽт суынбай. 
Қазақ  жерінің  тарихы  қайғы-қасіретке  толы  болып 
келгенін  жас  ұрпақтың  біліп  ҿскені  абзал.  Еліміз  де, 
жеріміз  де  керемет,  тарихымыз  жақсылыққа  толы  деген 
сияқты  декларациялық  жылтыр  сҿздерге  Х.Ерғалиев 
қаламы үйір емес. Ол еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқының 
басынан  кешкен  азапты  жолдарды  поэмаларында  да, 
лирикалық  жырларында  да  ҽлсін  ҽлі  еске  салып  отыруға 
бейім.  Тіпті  кеңес  дҽуірінде  ұлы  халық  деп  дҽріптелген 
орыстардың  қазақ  жеріне  қалай  кҿз  алартқанын, 
отаршылдық, шовинистік пиғылын да жасырмайды:  
Баса кҿктеп Жайыққа орыс келген,  
Жерді тартып алмақ па?.. 
Ол істелген. 
«Қазақ» деген ұлт атын жҽне тонап, 
Құм, тақырдан «киргизге» қоныс бҿлген. 
Малын айдап аларда малшыны атқан, 
Қарсы шыққан қарттарын қамшылатқан. 
Жас баласын ұрлап ап, жаттығарда 
Нысана қып, тірідей қаңсыратқан. 
Сатқындардан қажетке тізім жинап,  
Кҿнбегеннің кҿзінше қызын қинап, 
Есаулға немесе бірер түнге  
Сыйланыпты бұрымы ұзын бейбақ. 
Кезінде  оның  ҽдеби  сын  тарапынан  талдау  объектісі 
ретінде назар аударған шығармаларының бірі – «Бауырсақ» 
атты ҿлеңі. Кҿлемі жағынан шағын, бұл лирикалық ҿлеңнің 

  28 
 
 
кҿркемдік  шешімі  келісті,  айтар  пікірі  ҿрісті.  Қазақтың 
ұлттық  тамағы  бауырсақ  осынау  жыр  жолдары  арқылы 
символикалық  мҽнге  ие  болып,  туындының  кҿркемдік-
идеялық салмағын арттыра түскен.  
Есіме қайтып ене алмас, 
Желді күн, яки тымық күн. 
Қай сҽтте анам ең алғаш 
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым. 
 
Ҽлде ол шешем ҽкеммен, 
Базардан алған үн шығар?.. 
Ҽлде оны сатып ҽкелген 
Саудагер жылпос ұншы бар?.. 
 
Ҽлде оны жақын туыстан 
Ҽкелген аштық-ауыр шақ?.. 
Ҽйтеуір титтей уыстан 
Шығармай жедім бауырсақ. 
Жалпы, 
поэзияға 
қойылатын 
қатал 
талап 
Х.Ерғалиевтың ҿмір бойғы ұстанып ҿткен шығармашылық 
кредосы. Сонымен бірге ҿзінің азаматтық кҿңіл-күйін, жеке 
позициясын  жырлары  арқылы  іркілмей  оқырманға  ұсыну 
қасиеті де оған тҽн.  
Уақытында жаңалық болып саналған сол бір ізденістер 
бүгінгі    күні  де  кейінгі  жас  талапкерлер  үшін  кҿркемдік 
нышаны  болып  табылатыны  сҿзсіз.  Бір  қарағанда,  ақын 
жырларында  дерексіздік,  жалаң  философия  орын  алатын 
сияқты кҿрінгенімен, ҽрбір жырдың тұтастай беретін ҽдемі 
ҽсері, эстетикалық эмоциясы бұзыла қоймайды. Ақын жай 
қарапайым  ҿмір  кҿріністерінен,  тіршіліктің  типтік 
нышандарынан  поэзиялық  үйлесімділік  кҿре  біледі. 
Сҿйтіп,  ҿмірдің  жадағай  құбылыстары  Х.Ерғалиев 
қаламынан  мағыналы  жырға,  поэтикалық  сырға  айналып 
сала бергендей болады.  

  29 
 
 
Ҿзінің шығармашылық ҽлемінде ҽу бастан-ақ ұстанған 
эстетикалық  қағидатқа  арқа  сүйеп  отыратын  Х.Ерғалиев 
мақсат 
еткен 
эстетикалық 
үрдісінен, 
кҿркемдік 
принциптерінен  ҿмірінің  соңына  дейін  айнымаған 
ақындардың  бірі.  Қосымша  түсініктемені  қажет  етпейтін 
парасатты  пайым,  философиялық  түйін  оның  ҽрбір 
жырынан дерлік кездеседі.  
Демократия  мен  тҽуелсіздік  келген  жылдары  уақыт 
тынысын жете сезінген ақын былай тебіренеді:  
Сҿзім жоқ жұрттан бҿлек жаңасыған, 
Мезгілмен жатса болды жарасып ҽн; 
Қашан да маған серік қара ҿлеңім, 
Қиналған  сағатымда  жаны  ашыған.  –  деп,  ҿзін-ҿзі 
жұбатып  келеді  де,  уақыт  тынысын  жете  сезіне  отырып, 
бұдан ары былайша толғанады:  
Қиын, қиын... Зарлау қиын ҽріден,  
Зарлана деп ұрысу қиын бҽрінен. 
Етек басты болып біткен ежелгі 
Ел науқасы емделмейді дҽрімен. 
Ол  осы  ойын  кейінгі  кездегі  ҽр  кітабында  үдетіп, 
жалғастырып отырған. Мысалы, «Сонеттер» жинағының 74 
– сонетінде: 
Алыпсатар дырау болған заманда, 
Жаттанды сҿз жырау болған заманда,  
Елдің тілін тірілтуді жаттан да  
Жалбарынып сұрау болған заманда, 
дейді  замана  шындығын  ащылау  тілмен  тайсалмастан 
бейнелеп.  
Ғасырлар  бойы  аңсаған  тҽуелсіздіктің  бастапқы 
жылдарына  куҽ  болып  үлгерген  ақын  жаңа  заманға 
қатысты  азаматтық  кҿзқарасын  іркіп  қала  алған  жоқ. 
Қаттығына  қарамастан,  оқырманды  баурай  алатын 
шабытты  жырлар  туғызды.  Ҿзіне  тҽн  ақындық  үнімен, 

  30 
 
 
кҿркемдік  иірімдерімен  бүкіл  шығармашылық  ғұмырында 
кҿркем машық қалдыра білді.  
Х.Ерғалиев  –  аударма  саласында  да  қажырлы  жұмыс 
жасаған,  еңбеккер  қаламгер.  Ол  ағылшынның  ұлы  ақыны 
ҽрі  драматургі  В.Шекспирдің  күрделі  шығармаларын, 
солардың  ішінде  сонеттерін  қазақша  сҿйлетті.  Ұлы 
драматургтің  «Ричард  үшінші»,  «Дуалы  түнгі  думай», 
«Гамлет»  сияқты  айтулы  драмалық  туындыларын  ана 
тілімізге 
жатық 
аударып 
берді. 
Пушкин 
мен 
Лермонтовтың,  Шекспир  мен  Байронның,  Науаи  мен 
Маяковскийдің 
туындыларын 
аударуға 
атсалысты. 
Қырғыздың  «Манас»,  қарақалпақтың  «Қырық  қыз»  атты 
дастандарын да қазақшалауға қатысты. 
Оның  мақтан  тұтатыны,  құлашын  кеңге  сілтей 
отырып,  шабыттана  жырлайтыны  –  туған  халқы,  ҿскен 
Отаны,  еңбекқор,  ҿжет  те  оптимист  замандастары.  Бір 
сҿзбен  айтқанда,  Хамит  Ерғалиев  поэзиясы  күңгірт 
мағыналы ҿлеңдер шоғыры емес, күрескерлік поэзия.    
Х.Ерғалиевтің  «Құрманғазы»,  «Күй  дастан»,  «Аңыз 
ата»,  поэмаларында  ҿнер  адамдарының  бейнесі  жасалған. 
«Құрманғазы»  поэмасы  атақты  күйші  Құрманғазыға 
арналса,  «Күй  дастан»  поэмасы  композитор  Ахмет 
Жұбановқа арналған. 
«Құрманғазы» поэмасында ҽңгіме Құрманғазының жас 
кезін  суреттеуден  басталады.  Оның  сҽби  күнінен  бастап 
ерекше  жаратылғандығы,  табиғаттың  тылсымынан  сыр 
ұғып ҿскен жұмбақ ҽлемі сҿз кестесіне түскен. 
Күй  толған  кҿкірегін  ашқан  даланың  тағысы  –  Ақсақ 
киік, сүйгені - Ҽуес, тар жер – түрме іші, ел ішін жайлаған 
ҽділетсіздік.  Поэмада  осы  сҽттер  кеңінен  жырланады.  Ел 
билеушілері  жылқы  ұрлап,  біреудің  қызын  алып  қаштың 
(Ҽуес)  деп,  жала  жауып  Құрманғазыны  түрмеге  тығады. 
Ақсақ  Ҽбіл,  болыс  Ақбаевтар  ҿзінің  асылдың  түбіне 
жететін  арам  пиғылдарымен  кҿрінген.  Құрманғазы 

  31 
 
 
түрмеден  қашып  келе  жатып  бір  үйге  тоқтап,  сол  үйдің 
керегесінде ілулі тұрған домбыраны  кҿзі шалады.  
                   Тиегі құралайдың асығындай, 
                   Бойында бір қызық бар жас ұғымдай... 
                   Ыстығын ҿр кҿңілдің арттырады 
                   Сағынып енді кҿрген ғашығындай. 
Домбыраның  иесі  –  күйші  Айжан  қыз.  Айжанның 
домбырада  ойнаған  күйінің  ҽуені  басқа  –  шаттық-күй, 
жастық  күй.  Автор  күйдің  сарынын,  ҽуенін  поэтикалық 
ҿрнектермен берген. 
Құрманғазы  үйіне  келсе,  анасы  Алқа  зар  илеп  жылап 
отыр екен. Ҽйелі Ҽуесті қашқынның ҽйелі деп, алты айлық 
баласымен  абақтыға  алып  кеткен.  Құрманғазы  оларды 
құтқарып,  ҽйелін,  баласын  алып,  қашқын-ғұмырдың 
жолына  түседі.  «Байдың  қызы,  бай  баласы»  деген  айдар 
тағылған,  Құрманғазы  Бҿрібай  деген  лақап  атпен  бҿтен 
елде  жасырынып  жүреді.  Поэмада  Бҿрібайдың  Исатай  – 
Махамбетті дҽріптеген ҿлең жолдары кіріккен. 
Бҿрібай  бірде  домбырамен  «Кішкентай»  күйін 
орындайды  да,  оның  Құрманғазы  екендігі  туралы  ел  іші 
құлақтанып  қалады.  Ел  ішінде  Құрманғазының  бой 
тасалап,  қашып  жүргенін    болыс  Ҽбубҽкір  Ақбаевқа 
жеткізеді  де,  Құрманғазыны  қолға  түсіріп,  тұтқындайды. 
Поэманың  бірінші  кітабы  осымен  аяқталады.  Екінші 
кітабында  Құрманғазының  абақтыдағы  ҿмір  суреттеледі. 
Мұндағы    кітап  деп  отырғаны  -  бҿлім  дегені.  Түрмедегі 
ұлын  сағынған  ана  кҿңілі  қамыққан.  Автор  ананың  зары 
арқылы азап-сорға айналған сұм заманның келбетін ашқан.  
Орынбордың  губернаторы  Перовскийдің  ҽйелінің 
ҿтінішімен    күй  тыңдау  үшін  түрмеден  Құрманғазыны 
алдырады.  Сол  кеште  «Балбырауын»  күйі  тартылады. 
Құрманғазы түрмеге қайтып келсе, анасы күтіп отыр екен. 
Осы сҽттегі ана күйін, кісен салған баласын кҿргендегі қан 
жылаған    ана  жүрегін  ақын  ерекше  сезіммен  жырлаған. 

  32 
 
 
Осындай  жағдайда  туған  күйдің  аты  –  «Қайран  шешем». 
Құрманғазы оны түрмеде орындайды.  
Қайран шешем, қайран шешем, сағындым! 
Жаңа бір сҽт жанарыңа шағындым. 
Кҿз алдымда күллісіндей бар болдың 
Кҿк теңіздің, Ақ Жайықтың, Шағылдың. 
Құрманғазы  анасына  деген  сағынышын  ҿзінің  осы 
күйімен 
жеткізеді. 
Автор 
Құрманғазының 
ҿнер 
туындысының  қалай  дүниеге  келгенін  оқиға  үстінде, 
мінездер  қыры  арқылы,  ана  психологиясы  арқылы 
суреттеген.  Ҽдемі  ырғақ,  ҽсем  ҿрнек  күй  психологиясын 
ашып  тұр.  Бұл  поэма  І.Жансүгіровтің  жыр  тасқынын  еске 
түсіреді.  «Күйші»  поэмасындағы  дҽстүр  осы  туындыда  ҿз 
үрдісін тапқандай.  
Ананың психологиясын, оның жан арпалысын кҿркем 
детальдармен  ашқан.  Құрманғазы  түрмеден  тағы  қашып, 
Лавочкин  деген  досының  үйіне  тығылады.  Сҿйтіп 
қашқындықта  жүріп,  Кенже  балуанның  қызы  Динаны 
кездестіреді.  Динаның  үйіне  келіп,  кешінде  ол  үйде  күй 
тартылады. Суреткер қоштасар кездегі Динаның жылауын, 
таза, пҽк күйін Құрманғазының монологымен берген. Ҿмір 
дүрбелеңін  басынан  ҿткізіп,  қашқылықты-қуғылықты  күй 
кешкен,  ҿз  топырағында  ҿгей  атанған  Құрманғазының 
кҿзіне  Дина  тұлымы  желбіреген  пҽк  балалықтың 
символындай кҿрінеді. 
                   Торғайдай жаны қалмай шырылдаған  
                   Бір сарын ұқтырады сырың маған. 
                   Апыр-ау, дүние, малға сатыла ма?  
                   Сенің де шекер-балдай шырын бағаң? 
                   Еріксіз шымылдыққа енермісің, 
                   Сен дағы бүркенумен ҿлермісің? 
                   Бір жола қош айтысып жоғалар ма. 
                   Бос мойын балапандай ҿнер–құсың? 
                   Ақ жамбы желінбейді тот та қонса

  33 
 
 
                   Жүлдең бар алынбаған топта қанша?! 
                   Сахара сандуғашы болармысың 
                   Жүрегің тозып барып тоқтағанша?! 
Поэмадағы  Динаның  портреті  Құрманғазы  кҿзімен 
жасалған.  Ақын  сырт  пішін  портретінен  гҿрі,  жан 
сұлулығы портретін береді. 
Поэмада кезінде ҿнерімен баршаны тҽнті еткен Айжан 
қызбен  Құрманғазы  тағы  да  кездеседі.  Айжан  кҽрі  шалға 
тиген  соң,  қолындағы  домбырасы  соның  ошағына  от 
болған. Бұл образда қазақтың ҿнерлі қыздарының тағдыры 
бар. 
Құрманғазы: 
                   Ұзақ түн кҿңіл айтам сол есікте  
                   Жоғалған махаббат пен ҿлген күйге. 
Поэмада «Кҿбік шашқан». «Серпер» күйінің кҿркемдік 
образы  бар.  Соңында  тағдырлы  тұлға  күйлерінің 
(«Алатау», «Сарыарқа» т.б.) оркестрде орындалуын эпилог 
түрінде берген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет