сыры» атты повесть (1963) күйінде-ақ даңққа бҿленді.
1965 жылы орыстың кеңес кезіндегі озат ойлы, ең беделді,
ерек талғамды «Новый мир» журналында, бұрын-соңды еш
қазақ туындысы жарық кҿрмеген басылымда шығуының
ҿзі қандай абырой. Повесть ҿңделіп, толықтырылып,
романға айналды. Бірсыпыра одақтас республикалардың
тіліне аударылды. Шет елдік неміс, түрік, парсы тілдеріне
тҽржімаланды. Авторы 1966 жылы Қазақ КСР-інің Абай
атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Т.Ахтановтың «Боран» романында кҿтерілген кҿп
жайлар ҿз тұсында заман мен идеология қыспағынан
ашық айтылмады. Айтылған күнде де астарлып,
айналсоқтап ҿтуге тура келді.
«Боран» романында еңбек адамы – шопан
Қоспанның бейнесі психологиялық талдау арқылы
жасалған. Кезең келбеті, адам тағдыры Қоспанның ішкі
129
сыры ретінде табиғаттың стихиялық күші – боранмен
психологиялық параллелизм арқылы астарласа ашылады.
Қоспанның ішкі дүниесіндегі алай-түлей сезім мен
табиғат құбылысы түрде суреттеле келе, тұтастықта
танылады. Романның ҿн бойында адамдар ҿмірі мен осы
құбылыс қатар ҿріліп отырады. Жетімдіктің тауқыметін
тартқан жас қыз Жаңылдың трагедияға толы ҿмірі
оның еске түсіруі арқылы кҿрінеді. Ҿң мен түстің
арасында ҿз ойымен ҿзі арпалысқа түскен Жаңылдың күйін
бейнелеуде автор «айқайлаған еміс-еміс дауыс», «түнде
шырылдаған бозторғайдың ащы үні» сияқты кҿркем
детальдарды пайдаланады. Оның бойын билеген суық
қорқыныш аласапыран боранда отар қойымен адасқан
Қоспанның (Жаңылдың күйеуі) жай-күйін сездіргендей.
Осы қорқыныш сезім оның кҿз алдына ҿткен ҿмір
жолдарын ҽкеледі. Ҽке-шешесінен ерте айырылып,
ағайынының үйінде жүргенде Ұштап пен оның қызы
Ибаштан кҿрген тепкісі, «буыны бекіп, бұғанасы
қатпаған» сҽби сезімін жаралаған жетімдіктің тауқыметі,
күйеуі Қоспан соғысқа кеткенде еркегі жоқ үйге басына
келген, ауылдың шолақ белсендісі Жаппасбайдың арам
пиғылынан тартқан жан азабы, жалғыз ұлы Мұраттың
ҿлімі, одан кейін бала кҿтермеуі - Жаңыл тағдырының
тҽлкекті тұстары.
Қоспанның да ҿмірдегі жүріп ҿткен жолы, қанқұйлы
соғысқа қатысуы, тұтқында болуы, еліне оралғаннан
кейінгі кҿрген теперіштері, тұтқында болғаны үшін ҿрген
қудалауы – бір адамның тағдыры үшін аз нҽрселер емес.
Бұл
оқиғалар
алғашқыда
Боранның
бойына
жасқаншақтықты, жігерсіздікті ұялатады. Жаңылдың да,
Қоспанның да ішкі ҽлемінде ұқсастық бар. Ол – біреудің
ала жібін аттамас адалдығы, тҿзімділігі, ҿмір сүйгіштігі.
Романда танымы мен табиғаты жағынан Қоспанның
адамдық ҽлеміне мүлде кереғар Жаппасбайдың характері
130
іс-ҽрекет үстінде ашылады. Қоспан мен Жаппасбайдың
ішкі дүниесі ешқашан бітіспейді. Ҿйткені, Жаппасбайдың
ұғымына ар алдындағы жауапкершілік сезімі жат.
Осы ретте Ф.Оңғарсынованың ҿлеңіндегі ақын
жанының бітімге келмейтін жауы еске түседі:
Ол – адамдар шындыққа жүгінбейтін,
кҿлгірсіп күлімдейтін,
Ҿзі істеген жауыздық, зұлымдықтан,
Қайғы шегіп ішінен түңілмейтін.
Жаппасбайдың табиғаты осыған ұқсас. Біреудің
тұнығын лайлап, содан ләззат алуды ӛзінің ӛмір сүру
машығына айналдырған Жаппасбайда жазықсыз
адамның обалынан, киесінен қорқу деген жоқ.
Автор бұл жерде кейіпкердің іс-әрекетін оның
психологиясынан туындатумен бірге жақсыларын
жасытып, жаппасбайларды тайраңдатып қойған
қоғамның да кӛлеңкелі тұстарына бойлатады.
Жаппасбай
характерінің
астында
ұлт
трагедиясының шындығы жатыр.
Қоспанның ішкі жан иірімдерін, терең толғаныстарын
аралауда автор пейзажды ұтымды қолданған. Суреткердің
поэтикалық сҿз ҿрнектері даланың ақ түтек боранын
суреттеуде ҽйгіленеді.Табиғат кҿрінісі боранды «Ақ
дүлей» (Қоспан берген атау) - тылсым күштің бейнесінде
береді. «Ақ дүлейдің» жанды бейнесін танытатын
детальдар бар. «Шарбы бұлттың арасынан нұры қашып,
жүдеу тартқан ай сығалайды.Тҿрт күн соққан боран оның
да ажарын алып кеткен сияқты»,- дей келе, бұл
құбылысты «кең атырапты жүндей түткен», адамға тізе
бүктірген жойқын күш түрінде бедерлейді.
Роман соңында Қоспан ҿзінің ҿткен жолына сын
кҿзбен қарап, бойындағы кемшіліктерін ой елегінен
ҿткізеді. Бұл ойға итермелеген - ҿмірі үшін күрес, боранды
күнгі арпалыстан кейін бойында пайда болған рухани
131
күш, серпіліс.Романды талдау барысында психологиялық
талдаудың компоненттеріне, олардың Қоспан, Жаппасбай,
Жаңылдың характерлерін даралаудағы кҿркем мҽніне назар
аудару қажет. Қаһарманның рухани болмысында болып
жатқан ҿзгерістердің, жаңарулардың себеп-салдарын
автордың
қаншалықты кҿркем
жинақтай
алғанын
қадағалау орынды.
60-жылдардағы ҽдебиет қоғамдық-ҽлеуметтік ҿмірдегі
сан қырлы ҿзгерістерді кҿркем зерттеп, жаңа заман
адамының сана-сезімін, психологиясын, рухани болмысын
жан-жақты саралауға ден қойды. Ауылшаруашылық,
ҿндіріс салаларында жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық
санасын зерделеп, олардың бойындағы адамгершілік,
моральдық принциптерді, ҿз мүддесінен ұжым мүддесін
жоғары қою секілді сапаларды аша кҿрсету күн тҽртібінен
түспеген мҽселелер болды. Адамның ішкі ҽлемін
меңгеруде кҿркемдік принциптер мен психологиялық
стильді оның бойындағы қайталанбайтын ҿзгешелікті
таңбалаудан гҿрі, ұжымдық санасының қырларын
танытуға бағындырды.
Романның жұртшылық назарына бірден ілігуінің ҿз
сыры бар. Бұл актуальдігі, зҽрулігі айырықша шығарма,
Сталин
культінің
кетеуін
кетіріп,
тоталитаризм
кінҽраттарын бетіне басқан алпысыншы жылдар ағымының
(«Шестидесятники») алдыңғы толқын үздігі.
Повесте орталық кейіпкер біреу ғана – Қоспан шопан.
Ал, романда ондай кейіпкер – екеу Аупартком хатшысы
Қасболат образы бұрынғы қосалқы рҿлдегі қалпынан
ҽлдеқайда толысып, қомақтанып, орталық қаһарман
ҿресіне кҿтеріледі. Повесті ұлғайтып роман жанры етудегі
автор ойының түп қазығы айқын: сол кездегі ақ дегені
алғыс, қара дегені қарғыс, ақырып тұрған партиялық
басшылықтың шын мҽнінде кетеуі кете бастағанын ҽйгілеп
ҽшкерелеу.
132
Автордың үлкен табысы – Қоспандай кейіпкердің
Қасболатқа қарсы ішкі наразылығын тартыс формасына
түсіріп, қос тағдырлы роман қабаттарын қиюластырып,
бастапқы кішілеу жанрдың тұтас бітімді сюжетін бұзбай
сақтағандығы. Ішкі монолог құралы арқылы екі адамның
қиын да күрделі ҿмірін Кеңес Одағындай алып мемлекеттің
шешуші кезеңдердегі сұрапыл тарихымен ұштастыра
отырып шебер суреттегендігі.
«Біздің халықта ҽкім кҿп болғанмен, азамат аз» Тахауи
романының осы бір іргелі қағидасы Қоспанға да,
Қасболатқа да тікелей қатысты. Азаматтық неден
басталады? Елін, жерін сүюден, қоғамдық ҿмірге саналы
түрде, белсене араласудан, шындық, ҽділет жолын ар-
намыс туы етіп ұстанудан, ҿзіңе де, ҿзге адамдарға да қатаң
талап қоюдан. Романның бір кейіпкері, атап айтқанда,
Қоспан азаматтық биігінде шыңдала түседі. Екінші
кейіпкер Қасболат, керісінше, барды-жоқты азаматтық ар-
инабатын мансабына құрбан етіп – омақаса құлауға тақау.
Қоспан – негізі мықты, мінезге бай, сүйекті характер.
Халық орманының емені. Бір кездегі солдат, артынан
шопан, азды-кҿпті білімі де бар еңбек адамы. Істеген ісіне
адал,
мейлінше
жауапкершілікпен
қарайтын
жан.
Жолдастыққа, достыққа берік. Кең қолтық мейірімділігі,
кешірімділігі, балажандығы, - бҽрі қосылып келіп,
қарапайым қазақтың мол пішілген момын тұлғасының
жиынтық образын кҿзге елестетеді. Алайда бұл кейіпкерде
жағымпаздық демесек те, жалбақтаушылық, кісі кҿңілін
жықпаймын деп қалбалақтап жүріп, есе жіберіп алушылық,
бір ұшы саясатқа тірелетін енжарлық басым. Роман сюжеті
барысында Қоспан азаматтық қасиет-қадірінде олқы соғып
жатқан осы бір кемшіндерінен біржола айығады. Тҿрт
тҽулік ақ дүлейде отарымен адасып жүріп, ақ таяқ ұстап
қалуының себептерін іздеп, іштей қатты толқыныс-
тебіреністе ширығып шынығады. Іштегі сезім боранының
133
ұйтқуы сырттағы бораннан кем соқпайды. Роман басында
танысатын Қоспан мен соңғы қоштасар кездегі Қоспан
бірдей емес. Кейінгі Қоспан – күрескерлік дҽрежеге
кҿтерілген қайрат иесі. Ҿзіне де, ҿзгеге де қояр талабы зор
нағыз азамат.
«Қасболаттың шаужайына неге мықтап тұрып
жармаспады? Сонау Алматыға барғанда неге қақсап тұрып
айтпады? Қандай кежір желкесінен тартып, еңсесін
басқан?».
Бар еңбегінің зая кеткенін Қоспан осы ҿкінішті
сұрақтарды дер кезінде қоя алмаған ынжықтығының
салдары деп түсінеді. Қыстың басы қатты боп, қораның
маңындағы ҿрісті уақытынан бұрын жеп қойған-ды. Үюлі
пішені там-түм. Оны сары майдай сақтамасыңа амал жоқ.
Қой қоздап, жаппай тҿл тҿккенде пайдаланбақ. Алыстағы
қамсаусыз жайылымға амалсыз кетті. Сонда жаямын деп
мұндай күйге үшырады.
Роман бар кінҽні Қасболатқа артады. Негізінде ол
жаман жігіт емес-ті. Жас кезінде ҿжет, пысық Қасболат
комсомол жұмысына араласты. Игі істер атқарды.
Ашаршылықта жетім қалған балаларға қол ұшын беріп,
интернатқа орналастыруға, басқа да істерге жанын салып
кіріскен жанып тұрған азамат болатын. Ұлы Отан
соғысының офицері ретінде қан майданда бір кісідей
шайқасты. Ал, соғыстан оралып, жауапты қызметке қолы
ілінген жылдары бірқыдыру жақсылық қасиеттерінен
айырылып қалады. Шҽрипа деген ынтығына үйлене алмай,
бойындағы қорқынышқа (мансабына залал тие ме деген)
жеңдіріп бір тоналады. Қоспан - қандыкҿйлек досы. Бір
кезде шегініп бара жатып, тосқауылда қалдырған ержүрек
солдаттарының бірі еді. Сол сарбазы еліне оралғанда сүтке
тиген күшіктей хал кешеді. Фашист тұтқынында болғаны
үшін сенімсіз аталады. Қызмет таба алмай, ҽуре-сарсаңға
түседі. Дҽп осы қиын-қыстау мезетте кадр бҿлімін
134
басқарып жүрген Қасболат бұрынғы солдатына қол үшын
беруі тиіс еді ғой. Бірақ ол қара басының тыныштығын
ойлап, жҽрдем беруден жалтарады. Ар-ұяттан кетіп, кісілік
қалпынан тағы да тоналады. Бастығының дегенін екі
етпесем, (мансабымды сақтармын) деп ойлап, кҿтере алмас
шоқпарды беліне қыстырады. Аудан бойынша жоғары
социалистік міндеттеме алып, қой басын шұғыл кҿбейтуге
кіріседі. Артын ойламай істеген істің ащы таяғын жейді.
Ауданда тҿрт күн ақ дүлей боранда ығып кеткен отар бір
Қоспандікі ғана емес. Талай отар жұтқа ұшырайды.
Роман проблемасы шаруашылық қидалаңдардан
туыңдайды десек те, қадала зерттейтіні - замандас келбеті.
Құлдилап кері басқан Қасболатты аяусыз ҽшкерелеудегі
мақсаты - моральдық азып-тозғындаудың қоғам үшін
қауіптілігіне назар аудару. Ұстазы, қарт коммунист
Сҽтімбек Ҽлиасқаров Қасболаттың мансап үшін от-суға
қойып кеткіш мінезі бар екенін ерте байқап: «сенің
ыстықтай қабатын жерің кҿп»
18
деп ескерткені бар-ды.
Бірақ ұстазының тағылымын ол жүре тыңдаған.
Қорытынды шығармаған. Соның зардабын ҿзі ғана шексе
бір сҽрі. Бүкіл бір аудан дҽулетін қаусатып алып отыр.
Қасболат - типтік образ. Мансапқорлық кембағал
мінездің ұйтқысы. Алайда қоғамға кесірі тиген кесапат бір
тұлғамен шектеліп тұрған жоқ.
Романда жамандауға да, жақсылауға да келмейтін бір
кейіпкер бар. Ол - облыстық партия комитететінің
басшысы Иван Митрофанович. Хрущевтей кҿкесіне кҿп
ұқсайтын жақтарымен елең еткізеді. Хрущев шахтер
болдым деп кеудесін қақса, бұл жүрген жерлерінде бұрын
бақташы, тракторшы болғанын еске алғыш. Қарапайым
еңбек адамымен шүйіркелесе кететін ҽдеті ел арасында
халықшыл деген дақпыртқа ие етті. Хрущевке тартқан тағы
бір жері - жүгерішіл. «Ҿмірден, халықтан үйреніңдер»
дегенді аузынан тастамайды. Тек бір сүйікті мҽтелі ғана
135
кҿңілге түйткіл енгізеді. Ойындағысын орындамай
орағытып бара жатқандарға: «Не финти мне, голубчик, я не
либерал» дейді. Роман жазылып жатқан мезгілдегі нағыз
большевик деп мақтатқызатын мҽтел ғой. Бірақ қазіргі
оқылуында
мүлде
басқаша
естілетіндей.
Бүгінгі
либералдық реформалар жағдайында Иван Митрофанович
халықшыл бейнеге ұқсай қояр ма екен деген күмҽн туады.
«Суық мүйізді қысады, мүйіз тұқылды қысады». Иван
Митрофанович тҿменгі буын басшыларды үнемі қыспаққа
алып, дегенін істеткізеді. Бір кезде жүгері егісіне мҽн бере
қоймаған Қасболатты мықтап бір бұқтырып алады да, қой
шаруашылығын күрт ҿрлету жҿнінде кҿтеріңкі міндеттеме
қабылдатқызады. Істің бұл жағы романда аса сақтықпен,
ишарамен астарлы айтылған... Иван Митрофановичке тіке
шүйілмегенмен, роман «бір сҿзді тамағыма қойдым тақап»
тҽсіліне жүгінгендей.
Мал басының ойсыраған шығынға ұшырауы билік
басындағылардың ҿлшеусіз авантюризмінде еді. «Балық
басынан шіриді» деп тегін айтылмаған. Бар кесел кеңес
кезіндегі жүйенің даңғаза ұранпаздығында, сҿзі мен ісінің
алшақтығында
екенін
Тахауи
романынан
терең
мағынасында ұғамыз.
Кҿркем шындық статистикамен ҿлшенбейді. Поэзия
ҿмірдің ҿзінен де ҿмірлірек десек те, жазушы жұт
фактілерін ойдан шығарып отырған жоқ. Қазақстанның
ҽсіресе қойы кҿп оңтүстік аудандары қатты қыс қаһарына
жиі ұшырайтын. Жергілікті жағдаймен санаспаудың
салдарынан қазақ елі не қиянат тартпады? Мал кҿбейт
дейді. Жайылымы қайда? Жайылымдар тың игеру
науқанында жойылуға жақын қалды. Қосымша қора-қопсы
салуға қаражат жетпеді. Қой шаруашылығынан түскен
табыс оның ҿз игілігіне жаратылып кҿрген емес. Романда
Қаламүш атты «бала бүркіт» шопандардың комплексті
бригадасын ұйымдастырайық, соның күшімен қоғамдық
136
мал үшін жеткілікті жем-шҿп базасын, жайылымдарда
ықтасын, қора-жайларды ҿзіміз ыңғайлап алайық деп жар
салып жүр. Бірақ ол ұсынысқа колхоз басқармасы да, аудан
басшылығы да кҿңіл бҿлмейді. Ҿйтетіні қолдарында тиісті
Қаражаты, құралы жоқ. Құр идеядан не ҿнбек? Мҽселенің
түп тамыры қазақ ҽкімдерінің қыңыр кержақтығында ғана
емес. Одан тереңіректе... Орталық ойларына келгенін
істеді. Қой шаруашылығының материалдық жағынан
нығайту шараларын жүзеге асыру орнына, кҿп қиындықты
ҽкімшілік ҽмірлік Қыспағымен жеңбекші болды.
«Боран» - Тахауи Ахтановтың бас шығармасы.
Ойдағыдай шығуына барын салған туындысы. Тілі ме,
стилі ме, образ саптауы ма, қай жағынан да үкілі туынды.
Қып-қызыл белсенді, арызқойлығы жалақорлығынан,
жалақорлығы
арызқойлығынан
асатын
Жаппасбай,
Қоспанның махаббаты мен инабаты бірдей бҿліскен ҽйелі
Жаңыл, жаңашыл жас Қаламүш (шын аты-Ғалымжан),—
қай кейіпкер бейнесін алсаң да ісмер қолдан құйылған.
Қыл аяғы бір ғана кҿрінетін қайыс қара Салиқа, Қоспаң
шопанның иттері Құтпан мен Майлыаяққа дейін ҽрқайсы
ҿз мінез-сыпатымен есіңде қалып қояды.
Ҽрине, уақыт табы қалмайтын шығарма кемде-кем.
Тахауи романында да бүгін ескірген түсініктер ішінара
ұшырасып қалады. Автор үлкен ізетпен суреттейтін
Ҽлиасқаровтың
аузына
мынадай
сҿздер
салады.
«Ұлтшылдардың «ұлт азаттығы» деген қызыл сҿзінің ар
жағында ауыз тұшытар үлкен программасы жоқ болатын».
Немесе «Ең қиын шайқаста, тап тартысында жеңіп
шықтық» деген сияқты. Бүл қағиданы Қасболатпен бірге
негізінен автордың ҿзі де қолдайтын тҽрізді. «Негізінен»
дейтініміз, Қасболат Ҽбдіқалықовты, жалпы қызыл
идеологияны ҿзінше сынағансиды. «Сол шығынды
болдырмау қолдан келмесе де, аз етуге болатын еді ғой» -
деп жүйе кінҽратын жеке адамдардың ұр да жықтығына
137
үйіп-тҿгеді. Жүйе таза, Сталин культы болмағанда... деген
ҿкініш кҿп айтылатын кез.
Бұдан туатын қорытынды біреу ғана. Жазушы
дүниетанымы үстем кҿзқарас догмасы шырмауынан
түбегейлі шығып үлгірмеген. Роман тақырыбын ҿрбітуге
Алаш
орда
қозғалысын
сынап-мінеудің
пҽлендей
жанасымы жоқ болса да, сол ұлтшыл атанып сорлағандарға
қарсы қамшы үйіру де айтылғанға қосымша дҽлел.
Жалпы алғанда, Тахауидың «Боран» романы, уақыт
табы түсірген кей ҽттегенайына қарамастан, ҿз кезіндегі
ҽдеби үрдіске үлкен ықпал еткен шығарма. Қарапайым
адам ба (Қоспан), қой бастаған кҿк қошқар - билік
басындағы
кҿсем
бе
(Қасболат)-кім
де
болсын,
азаматтығын
кҿздің
қарашығындай
сақтауы
тиіс.
Романның моральдық кредосы осы. Ол кеңес кезіндегі
жағдаяттардан туындағанымен, бүгінгі мен ертеңгінің
кҽдесіне де жарамды. «Боран» романы - қазақ ҽдебиетінің
кҿп жылдар бойы сырын да, сынын да жоғалтпайтын
туындысы.
Тахауи Ахтанов конъюнктурадан аулақ, ағымдағы
саясат ықпалынан тыс шығарма жазудан да қалыс қалған
жоқ. Онын «Махаббат мұңы» повесі (1960), сол аттас
пьесасы тақырыбынан кҿрініп тұрғандай, мҽңгілік
тақырыпқа бойлайды. Бойлай отырып, махаббаттың мұң
шағуының бірқатар қырларына зер салады.
Гюстав Флобер «Мадам Бовари - менің ҿзім» десе,
повестің бас кейіпкері Лҽззат - Тахауидың ҿзі деуге толық
негіз бар. Лҽззат махаббатынан опа таппаған қыз ретінде
суреттелсе де, бұл жҽйт кездейсоқ оқиға сияқты
қабылданады. Шығарманың бас тақырыбы ол емес. Талант
ҿркенінің ҽдебиеттің егін жайында қылтиып ҿсіп гүлденіп
қанат жаюы. Ҽдебиет ісіне жауапкершілігін азайтқан
адамның тауы шағылып, талайы қайтатындығы. Осы
тақырыпты ҿрістетуде Ахтановтың жазушылық һҽм
138
сыншылдық
тҽжірибесі
кеңінен
пайдаланьшғанын
байқаймыз.
Бір кҿңіл қоярлық жҽйт, Лҽззат кеңес кезінде оқу
оқып, тҽрбиеленген жас кҿрінсе де, кҿбіне ҿз жүрегінің
түкпірлеріне үңілгіш. Шабыт алар қайнары - коммунизмнің
алыстан қол бұлғаған сҽулетті шыңдары емес, туған
табиғаты, ҿлкесі. Айнала тіршілік лебі жас қыз кеудесінде
қуаныш күйіндей сайрайды. Соның бар қызығын кҿкірегіне
сықап, алғашқы жыр жолдарын иіген емшек сүтіндей
асқақтатады.
«Қыз кҿңілі белгісіз бір нҽрсені аңсап арман билеп,
алысқа шақырады. Алдында жарқын мейрамы барын сезіп,
сол сағатты асыға күтетін болды. Оның қандай боларын да
білмейді, бірақ ҽйтеуір ҿмір жолында ҿзін тосып түрған
үлкен бір қуаныш бар?»
Тахауи повесінде қыз жүрегін баураған қуаныш алдап
соққан сүйіктісі Нияздан емес, ҿлең ҿлкесінен табылады.
«Кейін ҽдебиетке кеңірек араласқан соң білді. Нияз да
ҿзінің аз-ақ алдында жылтырап шыққан кҿп жас ақынның
бірі екен. Ҽп-ҽдемі ҿлендер жазып ауызға іліккен. Бірақ
екеуінің одан арғы тағдыры екі түрлі. Лҽззаттың құнығып
істеген кҿп еңбегі зая кеткен жоқ. Аз жылда абыройы асып,
жұрт мейірін қандырар біраз шығарма беріп тастады. Ал
Нияз болса ескі жұртында айналсоқтап ҿріске шыға алмай
жүр. Сол баяғы «жас ақын», ҿндіргені шамалы».
Лҽззатты мұңайтатын махаббаты да осы байламға
қатысты. Сүйгені Нияз ҽйелі барын жасырып, алдап соқты.
Сонда да қыз кҿп жылдар бойы алғашқы сезім жетегінде
жүреді. Ниязбен арасы үзілгенімен, оған тілектестік
дҽмеден арыла қойған жоқ еді. Сол дҽмесі де құрдымға
кетеді. Махаббат мұңы - соңғысында. Нияздың кҿрінеу
тоқырауы, ҽрі жасаған қиянатына қарамастан Лҽззаттың
оған жақсылық тілеп жүргенін түсінбеген керең кеуделігі
ғашық қызын ақыры жирендіріп тынады.
139
3. Т.Ахтановтың драматургиясындағы тартыс және
характер. 1960 жылдың алғашқы жартысынан бермен
қарай Ахтанов драматургия жанрына кҿңіл бұрды. 1962
жылы «Сәуле», 1966 жылы «Боран» пьесалары Қазақтың
М.Ҽуезов
атындағы
академиялық
Драма
театры
репертуарынан орын алса, 1964 жылы Семей облыстық
драма театрында «Арыстанның сыбағасы» пьесасы
қойылды. Жетпісінші жылдары қатарынан бес пьеса
дүниеге келеді. Бұлардан «Күтпеген кездесу» (1970),
«Ант» (1973) М.Ҽуезов атындағы академиялық драма
театрында , «Махаббат мұңы» (1974), «Күшік күйеу»
(1976) Алматы жасҿспірімдер театрында, «Әке мен бала»
(1975) Талдықорған облыстық драма театрында қойылды.
Шығармалар жинағының бес томдығына кірген бүл
шығармаларының басында бҽрінен кейін дерлік жазылған
эпикалық сипатты «Ант» драмалық дастаны тұр. Осыған
қарағанда драматург үшін ҿзге пьесалары бір тҿбе де,
«Ант» бір тҿбе болғанға ұқсайды.
«Ант» үш бҿлімнен тұрады. Ақ ҿлеңмен жазылған бұл
шығарма қазақ халқының елін, жерін қорғап соғысып, ат
үстінен түспеген екі жүз жылдық тарихының ең бір
шемеңді де шешуші кезеңдерін қамтиды. Атап айтқанда,
бірінші
бҿлім
негізінен
«Ақтабан
шұбырындыға»
арналады.
Екіншісі - басқыншы жау - ойраттарды ойсырата
жеңген «Аңырақай» шайқасы, үшіншісі Ресейге «ҿз
еркімен» қосылу хикаясын қамтиды. Ҽр бҿлімнің келесі
бҿліммен жалғасатын тараушалары бар. Осыншалық зор
оқиғаларды бір пьеса аумағына сыйғызу - қиынның қиыны.
Алайда талантты драматург үлкен оқиғаларды аясы тар
жанр аясына сахналық шарттар заңына сҽйкестендіріп,
сығымдап сыйғыза білген. Пьесаның ҿзегі - қазақ
халқының елі, жері үшін қиянкескі тартыс болғанда, драма
ұйытқысы
-
жеке
тағдыр
мен
ел
тағдырын
140
байланыстыратын жүлгелес психологиялық оқиғалар:
Сауран мен Бҽтима махаббаты, Жанарыс қазасы. Соңғы
екеуінсіз драма композициялық тұтастықтан айырылып,
қожырап кетер еді.
Пьеса кеңес кезінде қойылғанда Ҽбілқайыр ханды алға
шығарып, Ресейге ҿз еркіммен қосыламын деген ҽрекеті
үшін оны идеал қаһарманға айналдырып жіберетін. Пьеса
идеясы жаңа тұрғыдан оқылғанда, бұрын жете мҽн
берілмей келген қыры барлығы аңғарылады. Ол Ресей
империясына ҿз еркімен қосылудан гҿрі, ел береке-
бірлігіне саяды. Аңырақайдағы жеңістен соң Ҽбілқайыр
хан аузынан мынадай үлкен мҽнді сҿздер айтылады:
«Асқар белім Бҿкенбай, айпалайып, Саураным, екі
бірдсй бсренім, ҽттең, шіркін, екеуің, ертерек тізе қосқанда,
ақтабан боп шұбырған, алқакҿлде сүлаған, қаралы күнді
кешегі шыққыр кҿзім кҿрер ме ед?!»
Бҿкенбай - Орта жүзден. Сауран - Кіші жүзден. Үш
жүз қазағы бастары біріксе, ҽнеки, ең зор күш-қуат та, қүт-
береке де сонда. Амал не, Аңырақайда біріккен білекпен
жауын жайратқан қазақ, тағы да жүз-жүзге жіктеліп жүз
шайысып, бет-бетімен тарқасып кетеді. Жұмылған
жұдырық қайта жазылып күші азаяды. Мұның аты - ел
шетіне жау келтіру екенін ҿзі шыққан тауының биік
болғанын кҿксейтін Сҽмеке хан, Қайып хандардың
түсінгісі жоқ. Бақталас хандар - ел соры. Бҽленің түп себебі
- тҿре тұқымының қараша делінетін қазақ халқына
балтыры сыздап, басы ауырмауында еді. Ҽттегене, пьесада
бұл тақырып қағас қалған...
Тарихи дастанның жоғын жоқтамай, бар материалын
қанағат тұтып талдағанда, оның жұлыңды идеясы ел, жер
тұтастығын кҿздейді. Оны жүзеге асырушы Сауран сұлтан
- пьесаның бас кейіпкері. Сахнаға Ҽбілқайыр ханның
ҿзінен де жиі шығатын Сауран, шығарманың бірлікшіл
идеясын бҽрінен де берік, дҽйекті ұстанатын бҿлек
141
жаратылған тұлға. «Азғана елді қырқыстырып, Арасынан
жем іздейтін» құзғындарды иттің етінен жек кҿреді. Сауран
образы - автордың үлкен жетістігі. Образ тақырыбы-
Атамекен мүддесін бҽрінен де жоғары қоюды кҿксейді.
Тартыс дүрбелеңі оның ҿз кеудесінен от алып дүрілдеп,
күллі шығармаға ҿртке тиген дауылдай екпін бітіреді.
Сауран ел бірлігін сақтау қамында тіпті сүйген қызын
басқа біреуге қияды. Ҽбілқайырды хан ету үшін Ҽлім
тайпасымен сүйек шатысты болу қажеттігі туады да, ол
ғашығы Бҽтиманы Ҽбілқайырға ҽйелдікке беруге келіседі.
Осының бҽрін ҿз қолымен атқаратын Сауран - ердің ері. Ел
тҽуелсіздігінің табанды күрескері һҽм құрбаны.
Пьесаның екінші жартысындағы Сауран ҽрекеті тіпті
бҿлек. Елдің шырқын бұзып, жүрттан алабҿтен жырыла
кҿшіп, бұра тартқан хандарды уысынан шығарып алған
Ҽбілқайырға ыза болған Сауран, бұл іске бел шешіп ҿзі
кірісіп кетеді...Ел тағдыры тығырыққа тірелгенде, бірлік
мҽселесін білек күшімен шешуге болатынына хан
кҿнбейді. Оның Ресейге қосылу ниетін естігенде, Сауран...
терісіне сыймай, бұлқан-талқан болады. Ҽбілқайырдың бұл
қылығын исі қазақ еліне жасалған зұлымдық деп
қабылдайды. Сауран характерінің күштілігі - ел тҽуелсіздігі
жолында
не
харекеттен
болса
да
тайынбайтын
табандылығында. Ресейге қосылмаймыз деп бітіспейтін
жерге жеткенде Сауран қанды кҿйлек серігі Бҿкенбайдан
үзілді-кесілді айырылады, оның достасқан кезде алмасқан
қылышын қайырып беріп түрып, «ҿз қылышың ҿз басыңды
кесіп түспесін» деген қоқан-лоққысына селт етпейді,
Ресейге қосылып, ел мүддесін саттың деп жҽне бір қимасы
Ҽбілқайыр ханның жанын жҽһҽннамға жібереді.
Ел басына зауал тҿнгенде аянатын еш нҽрсе жоқ.
Дұшпаннан жан аяйтын не қадды дегізген сайын Сауран
ҿркештене, буырқанып бұрсана түседі. Жеке басының
142
мүддесін құрбандыққа шалып, бар хан, билерден асып
түсетін ҽрі харекетті қаһарман дҽрежесіне биіктейді.
Пьесада Сауран бейнесін де, ҿз бейнесін де асқақтатып
тұрған жҽне бір характер бар. Ол - Бҽтима (Бопай)
характері. Бҽтима басына түскен бар қиыншылыққа тҿтеп
береді. Ҽйелдік нҽзіктігі, майысқақтығы сынбайтын, керек
жерінде айтыс-сайысқа еш қаймығусыз қойып кететін
шешімді мінезімен жарасымды ұштасқан. Бұл - образдың
ең бір тартымды да татымды қасиеті. Бастапқыда Бопай
махаббатының
құрмалдыққа
шалынғанына
қатты
қиналады. Бірақ кіл бір сезімнің шырмауында қалып
қоймайды. Сауранды жан-тҽнімен сүйсе де, шешуші жерде
күйеуінің намысын, ҿзінің ҽйелдік арын сақтай білетін
тұстарында кҿрінеу биіктеп кетеді. Сауран ҽуелдегі
ашыналығына иек артып, Бопайға Ҽбілқайырды Ресейге
қосылуға кҿндір деп қолқа салады. Ҿйту қолымнан
келмейді дейтін Бҽтима ханымға «Бопай ҿліпті ғой» - деп
ҿкпе-наз айтады. Қыз Бопайдың Бҽтимаға ханымға
айналуы арасындағы сапалық ҿзгеріс осы жерде белгі
береді. Енді ел тізгінін ұстауға кҿшкен Бҽтима ханым адам
танығысыз ҿзгерген. Сауранға ҿжет кесімін іркіліссіз мҽлім
етеді: «Бопайды енді іздеме. Сатып кеткен малын қайта
даулаған
саудагерді
кҿріп
пе
ең?!..
Түтеткенім
Ҽбілқайырдың түтіні. Сҿйлейтінім де соның сҿзі,
жасырман» - деп тҿтесінен бір-ақ қайырады.
Достарыңызбен бөлісу: |