Тенденциялары



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

М.Мақатаевтың 
поэмаларындағы 
романтикалық  сарын.  Мұқағали  Мақатаев  поэма 
жанрында  ерекше  қолтаңбасымен  дараланды.  Қазақ 
тарихының  құбылысты  мҽселелеріне  барумен  бірге,  ҿзі 
ҿмір  сүрген  кезең  шындығына  қалам  толғады.  Саяси- 
ҽлеуметтік,  қоғамдық-саяси  сарындағы  поэмаларының 
ҿзінде  шынайы  кҿңіл  шымырқаныстарына  толы  кҿркем 
шындықты бейнелейді.  
Ол  поэма  жанрын  тақырыптық  жағынан  байытты, 
жанрлық-стильдік  тұрғыдан  жаңғырта  түсті.  Дастан, 
поэмаларында 
лирикалық 
сарындар, 
азаматтық- 
ҽлеуметтік,  тарихи  арна  барынша  жеке-дара  оқшауланып 
кҿрінді.  Саяси  тақырыптарға  да  барып,  бірнеше  талантты 
поэмалар  қалдырды.  «Аққулар  ұйықтағанда»,  «Дариға 
жүрек»,  «Арман»,  «Досыма  хат»,  «Алтай-Атырау», 
«Мұзбалақ»,  «Қырандар,  қош  болыңдар»,  «Ару  ана» 
поэмалары-  ҽдебиет  тарихында  елеулі  орны  бар, 
кҿркемдігі  кемел,  психологиялық  талдауларға  ден  қойған, 
қазақ  елінің  ҽр  кезеңіндегі  ахуалын,  ұлттық  жан-дүниесін 
терең  ашып  кҿрсеткен  туындылар.  1973  жылы  мерзімді 
баспасҿзде жарияланып, кейін кітаптарында жарық кҿрген 
«Аққулар  ұйықтаған»  поэмасы-ақынның  шығармашылық 
ҿмірінің  ерекше  бір  шоқтықты  биігі.  Поэма  кезінде  ҽдеби 
үрдісте  де  соны  серпін  ҽкелгендей  болды.  Негізінде, 
Мұқағалидың  поэма,  дастан  секілді  ірі  жанрлардағы 
шығармалары кҿркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық 
сипаты  басым  болып  келеді.  Лирикалық  жырдың  шебері, 
оның  ішінде  адам  баласының  ішкі  психологиялық 
иірімдеріне  сергек  кҿңілмен  тереңдеп  баратын  ақындық 
қасиет дастандарында да ерекше кҿрініс береді. 
«Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасының  кҿркемдік 
бітімін алдымен осы ыңғайда түсінуге болады. 
Поэманың  сындарлы  сымбаты  сҿйтіп  сұлу  сырлы 
суреттерден, терең сезім тебіреністерінен түзіледі. Сюжеті 

 203 
 
 
қарапайым,  поэмаға  тҽн  кесек  бейнелеулер  де  жоққа  тҽн. 
Лирикалық  туынды. Кейіпкерлердің кейіптелуінде де ҽлде 
бір  шарттылық  қылаңдайды.  Оқиға  қисыны  қарапайым: 
Ана  баласының  жанын  алып  қалу  үшін,  тҽуіптің  ауыр 
науқаста  жатқан  баласын  аққумен  аластау  керек  дегені 
үшін  Ана  аққудың  кҿзі  қиып  атады.  Атады  да,  дҽстүрден 
аттағаны  үшін,  киелі  құстың  қарғысы  мен  наласына 
ұшырадым  ба  деп  күйініп,  күңіренеді.  Ал  аққулар  Жетім 
кҿлде  кҿрінбей  кетеді.  Халық  санасындағы  наным,  сенім, 
сұлулыққа  деген  қастерлі  сезімді  асқақтата  кҿтере 
жырлайды. Шығарма классикалық лирикалық шығармалар 
дҽстүрінде  туған  ҽдемі  сазды  туындылар  қатарында  ұзақ 
сақталатындығы, 
оқырмандардың 
талай-талай 
толқындарының рухани талғамын қанағаттандыратындығы 
ақиқат.  «Аққулар  ұйықтағанда»  қазақ  оқырманының  жан 
дүниесіне  етене  жақын  ұлттық  шығарма  жҽне  ҿз 
кезеңіндегі ҽдеби үрдіс тынысының мектебін танытады.  
«Райымбек! Райымбек!» поэмасы тынысты жанрдағы 
ақын  шығармаларының  ішінде  ҿз  тынысымен  танылды. 
Ақынның  жеке  шығармашылық  ҿмірінің  биік  бір  белесіне 
айналды да, стильдік мҽнері жағынан қолтаңбасының жаңа 
бір қырын ашып кҿрсетті.  
Ақынның  ҿзінің  жан  азасындай,  аққу  ҽніндей 
«Моцарт.  Жан  азасы»  ҿнердің  биік  нотасында  ҿмір 
философиясына  бойлатады.  «Табыт  үні»,  «Халық  үні», 
«Жесірлер  үні»,  «Жетімдер  үні»,  «Бесік  жыры» 
тараулары – ақындық қуатымен де, түйсік тебіреністерімен 
де  аса  шеберлік  танытқан,  қайталанбайтын  толғамдар. 
М.Мақатаевтың 
поэма, 
дастандары 
суреткердің 
дүниетаным  кеңдігін,  білім-парасатын,  ұлттық  ҽдебиеттің 
тынысын ҽлемдік ҽдеби ізденістер, адамзаттық тебіреністер 
арнасымен 
тоғыстыра 
алуымен 
бірге, 
ақын 
шығармаларының 
тақырыптық-кҿркемдік 
кеңістігін 
барынша  кеңейтті.  Поэзияның  ірі  жанрларында  күрделі 

 204 
 
 
тақырыптарды,  ұлттық  мҽселелерді,  тарихи  таным 
табиғатын  талантты  толғаумен  ол  жетпісінші,  сексенінші 
жылдар ҽдебиетінде ҿзгеге ұқсамайтын, бітімі бҿлек, терең 
із 
қалдырды. 
Сондай-ақ, 
«Ильич», 
«Шекарада», 
«Большевиктер»,  «Мавр»,  «Чили  –  шуағым  менің», 
«Космонавт ойлары» сынды поэма, дастандары да замана 
тынысына  үн  қосумен  қатар,  талантты  да  кҿркем 
ізденістерімен  дараланды.  Кеңес  дҽуірінің  шындығы 
ортасында,  идеологиялық  сарындардың  ҿзегінде  жазылса 
да,  кҿркемдік  тұрғыдан  «Ильич»,  «Мавр»  сынды 
поэмалары ақындық таланттың қуаты мен қарымдылығын, 
алымдылығын  аңғартатын  дүниелер.  Жеке  талант  пен 
қоғамдық 
саясаттың 
ара 
қатынасындағы 
күрделі 
байламның  бір  шындығы  осы  тұста  байқалады.  Талантты 
ақынның шеберлігін танытатын кҿркем шығармалары жҽне 
қазір  күні  ҿтіңкіреген  саяси  тақырып  қайшылығы.  Қалай 
дегенде де, қаламгердің шығармасы шын  талантты, шебер 
жазылған  болса,  ҽдебиет  тарихынан  шетте  қала  алмайды. 
Оның  үстіне  Ленин,  Маркс  сынды  тарихи  тұлғалардың 
жеке  адамшылық  келбетін  толғаған  туындылардың  да 
саясат  жҿнімен  таразыға  тартылуы  ҽділеттілікке  жатпас 
еді.  Яғни,  қай  тақырыпқа  жағылса  да,  шын  талантты 
суреткерлік туындылар ҽрдайым ҿз биігінде қалуы тиіс.  
Қазақ  ҿлеңінің  сыршылдық,  ұлттық  нҽштеріне  ҿз 
ҿрнегін  қосып  түрлік,  стилистикалық,  троптық  жағынан 
құнарландырып байытқан Мұқағали Мақатаев таланты, туа 
бітті  ақындық  дарыны  ұлттық  поэзиямыздың  мҽртебесін 
ҿсірген  осындай  шығармалармен  дараланады.  Ақынның 
барлық  еңбегі  тұтастай  алғанда,  ҿткен  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  қазақ  елінің  рухани  дүниесін,  тұрмыс-
күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін 
шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады.  
Қазір  Мұқағали  Мақатаевтың  жүрек  сырын,  жырын, 
ҿмірін білмейтін қазақ кемде-кем!?  

 205 
 
 
Оқырман  мен  ҿлең  ара  қатысындағы  уақыт  табы 
осындан да аңғарылады.  
Кезінде  мерзімді  баспасҿзден  толық  жарияланған 
«Реквием» («Жан азасы») толғауы «Ҿмір - ҿзен» жинағына 
недҽуір ықшамдалып енген болатын. Бұл ақынның аққу ҽні 
еді.  Бірақ  ол  ақынның  жарық  дүниемен,  миллиондаған 
оқырмандарымен  қоштасуы  емес,  мҽңгілік  қауышу 
тебіренісі  болатын.  «Жан  азасы»  -  ҿмірге,  кең  дүниеге 
деген мҽңгілік іңкҽрілік үні.  
Ҿлеңмен  де,  ҿмірмен  де  бүкпесіз  қауышып, 
алтарыссыз  сүйген  ақын  жүрегі  соңғы  деміне  дейін 
кіршіксіз  сезім  ҿртінде  ҿтті.  «Жүрегінің  түбіне  кір 
жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті.  
Ол – қазақтың қарапайым тілінің нҽрі мен мҽнін Абай, 
Қасымдардан  кейін  түсініп  жазып,  түсіндіріп  ҿткен  бір 
ақын. «Сҿз ҿнерін дертпен тең» кҿрген парасат қаламгер.  
Ол  ҽр  ҿлеңінде,  ҽр  шумағында  бүкпесіз,  ақжарқын 
кҿңілімен сазды сыр тҿгіп отырғандай. Ҿлеңнің ырғағынан 
да,  тербелісінен  де  ақынның  қимылын,  даусын,  мҽнерін 
естіп, мінез-құлқын танимыз. Ҿйткені ол ҿлеңнен, ҿнерден 
сыр  іріккен  емес.  Ҿлеңге  ҿз  жан  дүниесін  ашты,  ҿлеңнің 
сырлы құпияларын жария етті.  
Ал  ҿлең  жолдарына  ҿмір  болып  құйылу  –  таланттың 
талантының басына қонар алтын құс!  
 
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Кҽрібаева 
Б. 
Қазіргі 
қазақ 
лирикасының 
поэтикасы.-Алматы,1988. 
2.
 
Кҽрібаева 
Б. 
Қазіргі 
қазақ 
лирикасы.-
Қарағанды,1990. 
3.
 
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981. 
4.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 

 206 
 
 
5.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
ҽдебиеті.-Алматы, 1987. 
6.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дҽуіріндегі  қазақ  ҽдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
7.
 
Дҽдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
8.
 
Қазақ  ҽдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
9.
 
Алпысбаев Қ. Мұқағали ҿрнегі.-Алматы, 2001. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: кҿркемдік ізденістер.-
Алматы,1995. 
2.
 
Дҽрібайұлы  С.  Қияға  самғаған  қыран  ақын.//Қазақ 
елі,№33, 1992. 47  
3.
 
Қуандық  Мҽшһүр-Жүсіп.  Қазақ  лирикасындағы 
стиль жҽне бейнелілік. 
4.
 
Амантай Шҽріп. Қазақ поэзиясы жҽне ұлттық идея.-
Алматы, 2000. 
5.
 
Алпысбаев Қ. Поэма жҽн сюжет.-Алматы, 1992. 
6.
 
Базарбаев  М.  Қазақ  поэзиясы:  кҿркемдік  ізденіс.-
Алматы, 1995. 
7.
 
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы,1981. 
8.
 
Қуандық  Мҽшһүр  Жүсіп.  Қазақ  лирикасындағы 
стиль жҽне бейнелілік.-Алматы,1990. 
9.
 
Нарымбетов Ҽ. Қазіргі қазақ поэмасы.-Алматы,1982. 
10.
 
Нарымбетов  Ҽ.  Қазіргі  совет  поэмасы.-
Алматы, 1977. 
11.
 
Сейітов С. Ҿлең ҿлкесінде.-Алматы,1984. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет