Тенденциялары


қарасын  ажыратуына  жол  ашты.  Осыған  орай



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

қарасын  ажыратуына  жол  ашты.  Осыған  орай  
кӛркем  характерге    рухани-эстетикалық  категория 
ретінде  ерекше  мән  беріліп,  ұлттық  характер 
концепциясын 
қалыптастыруға 
басты 
назар 
аударылды. 
1960-жылдардағы  роман    жанрындағы  кҿркемдік 
ізденістер 
қазақ 
ҽдебиеті 
дамуының 
 
негізгі 
тенденцияларын  айқындайды.  Бұл  ретте    М.Әуезовтің  
«Ӛскен  ӛркен»  (1962),  Т.Ахтановтың «Боран»  (1963),  
Т.Әлімқұловтың    «Ақ    боз    ат»    (1962)  романдарынан 
ҿзгеше ізденіс, ҿзгеше кҿркемдік сипат  танылады.  
Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, кешегі  қан 
майданда Отанын қорғап, замандастарымен қатар қазақтың 
жауынгерлік  рухын  кҿтерген,  сол  ерлікті  қарымды 
қаламының  күшімен  ақ  қағазға  айғақтаған,  ҽдебиетіміздің 
тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов есімі 
елімізге, алыс-жақын, шет жақ жұртқа кҿптен ҽйгілі. 
Тахауи  Ахтанов  1923  жылғы  25  қазанда  Ақтҿбе 
облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге 
келген. Кейіндер ҿзі қайта-қайта оралып жазған, жырлаған 
Ұлы  Отан  соғысы  бұрқ  еткен  «қаһарлы  күндері»  жас 
Тахауи 
Қазақтың 
Абай 
атындағы 
Мемлекеттік 
педагогикалық  институтының  екінші  курсында  оқып 
жүрген-тін. Ел басына қатер тҿнген сын сағатта Тахауидің 
ер  тҽуекел  мінезі  тұңғыш  рет  жарқ  етіп  кҿрінді:  жас  жігіт 
ҿзі  тіленіп  қан  майданға  аттанды.  Елге  аман-  есен  оралса, 
қалам  иесі  атануы  тиіс  екенін  сұрапыл  соғыстың 
окоптарында  сезінді,  отаншыл  жүрек  тебіренісін  майдан 
газеті беттерінде ҿлең, очерк түрінде ұшқындатты. 

 110 
 
 
1948 жылы соғыстан оралғанда біраз ҿлеңдерінің басы 
құралып  қалып  еді.  Сол  жҽне  басқа  жырлары  «Жастар 
даусы»  аталған  ұжымдық  жинақта  басылды.  Бірақ 
Ахтановтың  жазушылық  есімін  жұрт  аузына  алғаш 
іліктірген  сын  жанры  еді.  Ҽдебиеттің  келелі  мҽселелері 
туралы шалымы кең, проблемалық ҿткір мақалалар жазып, 
құнарлы 
баяндамалар 
жасады, 
Ғабит 
Мүсірепов 
шығармагерлігі  жайынан  ҽдеби  сын-очерк  (1956)  жазды. 
Кейінірек, 1969 жылы «Керуен», 1980 жылы «Кҿкейкесті» 
жинақтарында  ҽдебиет  туралы  ойларын  ортаға  салды. 
Аударма саласында кҿп еңбектенді. А.Пушкиннің  «Алтын 
ҽтеш 
туралы 
ертегісін», 
И.Тургенев, 
М.Горький 
шығармаларын, 
А.Толстойдың 
«Азапты 
сапарда», 
С.Бабаевскийдің  «Алтын  жұлдызды  жігіт»  романдарын 
қазақшалады. Сын, аударма жанрларында тҿселу Тахауиға 
үлкен  проза  мен  драматургияға  жол  ашты.  Осы  салаларда 
ҿнімді  де  жемісті  еңбек  етуіне  шығармашылық  мекемелер 
мен  ұйымдарда,  кҿркем  ҽдебиет  баспасында  редактор, 
бҿлім  меңгерушісі,  киностудияда  сценарий  бҿлімінің 
бастығы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан 
Жазушылар  одағының  хатшысы,  Қазақ  КСР  Мҽдениет 
министрлігі  Кҿркемҿнер  бас  басқармасының  бастығы, 
республикалық 
Кітап 
палатасының 
директоры 
қызметтерінде істегендігі кҿп септік етті. 
Баспасҿз жүзінде кҿрінген ілкі ҽңгімесі «Алғашқы ҽн» 
1955  жылы  8  тамызда  «Қазақ  ҽдебиеті»  газетінде  «Күлкі» 
деген  атпен  жарияланды.  1956  жылы  прозалық  тұңғыш 
сүйекті  шығармасы  -  «Қаһарлы  күндер»  романы  ҿмірге 
келді.  Бұдан  соң  ҽңгімелері  мен  повестері,  очерктері 
«Махаббат  мұңы»  (1960),  «Кҿк  құтан»  (1968),  «Үндістан 
хикаясы»  (1971)  кітаптарында  жарық  кҿрді.  Драматургия 
саласында  жазған  еңбектері  «Ана  даусы»  жинағында 
(1978)  жылы  жарияланды.  Соңғы  романы  «Шырағың 
сҿнбесін»  (1973,  1981)  деп  аталады.  1983-1985  жылдар 

 111 
 
 
аралығында жазушы шығармаларының бес томдық жинағы 
басылып шықты. 
Проза, 
драматургия, 
кҿркем 
публицистика 
саласындағы  елеулі  жетістіктері  Тахауи  Ахтановты  қазақ 
кеңес ҽдебиеті жазушыларының алдыңғы сапына шығарды. 
Қаламы  қазақ  ҽдебиеті  алыптар  тобынан  жоғары  бағасын 
алды.  Мұхтар  Ҽуезов  Тахауидай  талантты  інісін  қазақ 
кҿркем сҿзінің үміт күтетін болашағының ҿкілі  санатында 
таныды. 
Тахауи  Ахтановтың  майдандағы  ерлігі,  соғыстан 
соңғы  шығармашылық  жемісті  еңбегі  жоғары  бағаланды. 
Екінші  дҽрежелі  Отан  соғысы  орденімен,  екі  рет  «Қызыл 
Жұлдыз»,  «Еңбек  Қызыл  Ту»,  «Құрмет  Белгісі» 
ордендерімен  марапатталған.  «Дала  сыры»  (1963)  үшін 
(ҿңделіп, толықтырылған соң «Боран» романы) Қазақ КСР-
інің  Абай  атындағы  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді. 
Қазақстанның Халық жазушысы атағына ие болды. 
Тырнақалды туындысы: жоғарыда аталған «Алғашқы 
ән»  және  «Қызғаныш»  (1959),  «Күй  аңызы»  (1960) 
әңгімелері  шығармашылық  адамының  шабытты  ісінің 
тұңғиық  құпияларына  бойлайды.  Ҿнер  иесінің  шығарма 
тудыруға  деген  құлшынысы  неден  ҿрбиді?  Ҽн  болса, 
қайтсе ол ҽсем шығады? «Нар идірген» деген күй бар екен, 
ондай сазды дүниеге ҽкелген не құдірет? Қалам ұстаған ҽр 
адам  осы  сауалдардың  жай-жапсарын  білмекке  құштар. 
Жас  Тахауи  сол  талабына  жауапты  кҿркем  зерттеу 
құралымен табуға талпынды. 
«Алғашқы  ән»  әңгімесінде  Серҽлі  деген  сазгер 
шығармагерлік  дағдарысқа  ұшырайды.  Бастапқыда  бірден 
сұлу ҽнімен жұртшылық кҿзіне түскен ол ендігі дүниелерін 
қолға 
алғанда 
кібіртіктеп 
тұралап 
қалады. 
Ҿз 
шығармаларына  ҿз  кҿңілі  толмайды.  «Жас  композитор 
деген атақтан құтылмай жатып-ақ таусылғаным ба?» - деп 
шошынады.  Ҽңгіме  сюжеті  қарапайым:  Серҽлі  бір  кезде 

 112 
 
 
ауылда  жүргенде  кҿңіл  қосқан  қызы  Гауһарды  ұмытып, 
басқа  біреуге  үйленген.  Гауһар  да  тұрмысқа  шыққан. 
Серҽлі  біраз  жылдардан  соң  ауылына  оралып,  алғашқы 
махаббатын  жолықтырғанда  шаладай  бықсып  ҿлусіреген 
музасы  қайта  лап  етіп  тұтанады.  Осы  қас  қағым  сҽттің 
құбылмалы  күй  ҿрнегін  жас  жазушы  дҽл  түсіруге 
тырысады. 
«Серҽлі ҿз ойымен ҽлек болып, ақырын аяңдап келеді. 
Толқып  кеткен  кҿңілін  енді  үн,  ҽуен  дүниесі  жайлап 
барады.  Тұтасқан  қалың  бұлттай  ырғалып,  үнсіз  бір  күй 
тербейді  кҿкірегін.  Оның  ҽзірге  ырғақ,  машығы,  нақышты 
бейнесі  жоқ,  тек  тебіренген  толқуы  ғана  бар...  Осы  кезде 
адам жанының асыл қазынасы, ҽсем кҿрінісі, қуанышы бар 
екенін  паш  еткендей  -  тағы  да  ерке  күлкі  естілді.  Бұл  ҽлі 
бейнеге  түскен  музыка  емес-ті,  бірақ  осындайдан  кейін 
музыка туады». 
Күлкі  иесі  -  Гауһар  Серҽлінің  алғашқы  ҽніне  қанат 
берген  махаббаты.  Гауһарды  бұрынғыдай  сүйеді  екен. 
Сазгердің  мына  жүрек  бұлқынысына  қарағанда  ҿшкені 
қайта жануы мүмкін ғой... Бірақ бұл психологиялық оқиға 
желісі  осы  жерде  үзіледі.  Серҽлі  ауьш  қызынан  мұрын 
шүйірген  ҿрескел  қьшығына  Гауһардан  кешірім  сұрайды 
да,  қатты  ойланып  қалады.  Ҽңгіме  «Кімге  де  болса 
ойланған  жақсы  ғой»  -  деген  кекеткен  сыңайлы 
қорытындымен  соңына  жетеді.  Автордың  бұл  ҽңгіме 
арқылы не айтқысы келгені түсінікті. Махаббатсыз жүрек - 
тұл.  Талантты  тұтандыратын  тамыздық  -  суреткер 
жүрегіндегі  аяулы  асыл  сезімі.  Ҽрине,  балаңдықтың  аты 
балаңдық.  Ұтымды  идеяның  кҿркемдік  формасы  тым 
жұпыны.  Сюжеті  мен  композициясы  болбырлау.  Осылай 
болса  керекті  деген  жорамал  ҽңгімені  схематизмге 
ұрындырған.  Гауһар  мен  болашақ  сазгер  Серҽлінің 
махаббаты 
құр 
баяндауға, 
жаттанды 
эпизодтарға 
құрылғандықтан,  жаңа  музыканың  туу  процесі  жүрекке 

 113 
 
 
жететіндей  сурет  ҿресіне  кҿтеріле  алмаған.  «Осындайдан 
кейін  музыка  туады»  дейтін  силлогизмге  оңтайлырақ 
тұжырыммен шектелген. 
Қандай да суреткердің бейнесін оның шығармашылық 
ҿмір тарихынан іздеу - Мұхтар Ҽуезовтің «Абай жолынан» 
қалған  дҽстүр.  Сол  дҽстүрді  Тахауи  келесі  «Қызғаныш», 
«Күй  аңызы»  әңгімелеріңде  жалғастырады.  Бұлардағы 
негізгі сарын - ҿнер адамының жүрек тазалығы хақындағы 
тҽрбиелік маңызы зор идея. «Қызғаныш» ҽңгімесі суреткер 
психологиясындағы  кішкентай  кілтипанның  ҿзін  ауырлап, 
қит  етсе  сабынша  бұзылатын  кінҽмшіл  ҿнердің  киелі 
мінезін дҽріптейді. 
«Баурына  қызғылт-сарғыш  алтын  жалатқан  шҿкімдей 
бұлтты  кҿріп  соны  салып  еді.  Енді  сол  қызыққан  бұлтты 
бояуы сҽтсіз, баттасып түсіп, ертеңгі мҿлдір кҿк аспанның 
кіршіксіз  ажарына  жұққан  лас,  дақ  сияқты  кҿрінеді.  Бояу 
жарастығына 
келгенде 
қытықшыл 
суретші 
іштей 
тітіркеніп,  «сүртіп тастау керек»  деді  ҿзіне. Енді  бір  сҽтте 
ҿзінің де аяулы сезіміне сүртіп тастауға болмайтын, жуық 
арада ҿшпейтін дақ салып алғанын сезді». 
Суретшінің аты - Жұмабек. Бір татымсыз қылығы үшін 
құшып  сүйемін  бе  деп  жүрген  қызы  Розадан  айырылады. 
Ол  аздық  еткендей  шабыт  күйі  мазаң  тартады.  Ҿзі-ҿзіне 
жексұрын  кҿрінетін  халге  ұшырайды.  Себебі  біреу  ғана  – 
бойындағы  үлкен  міні  –  қызғаншақтығы.  Сол  мінезіне 
басып, Ермек деген талантты қыл қалам иесіне халтурщик 
деп  кҿрінеу  жала  жабады.  Бұл  күйе  Ермекке  емес,  ҿзінің 
жүрегіне  дақ  түсіреді.  «Гений  и  злодейство  –  две  вещи 
несовместимые»,  «даналық  пен  аярлық  –  сыйыспайтын 
нҽрселер»  деген  Пушкиннің  поэтикалық  тұжырымы  қазақ 
ҽдебиеті топырағында тағы да расталғандай. 
Автор 
ҽңгімелерінің 
психологизмін 
оқиғалар 
тоғысынан 
таратады. 
Кейіпкердің 
ішкі 
жан 
диалектикасына  үңілуден  гҿрі  оның  ҽрекетіне  кҿбірек  ден 

 114 
 
 
қойып,  моральдық  тағылымдық  сыпатты  толқынысты 
кҿбірек  қаузайды.  «Күй  аңызы»  ҽңгімесі  «Нар  идірген» 
күйінің  шығу  тарихы  негізінде  уақыттың  бағасын 
білмеудің зардабын ой қазығы етеді. 
Нағыз  психолог  жазушы  шеберлігі  «Жоғалған  дос» 
ҽңгімесінде  айқын  кҿрініс  табады.  Бұл  шығарма  - 
лирикалық  проза  ауылынан.  Ҽңгіме  майдангер  кейіпкер 
атынан жүргізіледі. Ал, ол кешегі соғыстағы қанды кҿйлек 
досын  сҿйлетеді.  Ол  досы  ҿз  кезегінде  Ғани  апай  атты 
ҽйелдің  «буы  басылмаған  ыстық,  ашық  жарасы»  жайлы 
тарихты ҽңгімелеп береді. 
Ұлы Отан соғысы ел мен ер намысын болып кҿрмеген 
биікке  кҿтергені  мҽлім.  Кешегі  майдангер  Тахауи 
Ахтановтың  ҽңгімесі    сол    қағиданы    адал  жар,    пҽк 
махаббат  тақырыбына  ұластырады.  Отан  қорғау  ісінде 
шейіт  кеткендердің  даңқын  асырады.  Ел  кҿкірегіндегі 
қасиетті  бейнесін  жырлайды.  Оны  қастерлемесең,  киесі 
ұрады,  -  дейді  Тахауи  ҽңгімесі.  Қастерлемей,  қателікке 
ұрынған  жанның  келеңсіз  образынан  жирендіреді.  Ғайни 
майданнан  оралмаған  күйеуі  Мырзахметті  былай  ҿлдіге 
санап жүргенімен, құдай қосқан жарының жарқын бейнесі 
жүрегінде  тірі  еді.  Артында  қалған,  ҽкесінен  аумай  туған 
Ғалияш  екеуі  Мырзахметті  аузынан  тастамайтын.  Ал, 
нелер  жыл  хабар-ошарсыз  кеткен,  сонда  да  сағынуынан 
жаңылмаған  Мырзахметтің  бір  асханада  кездейсоқ 
жолықтырғандағы  Ғайнидің  күйін  айтып  жеткізу  қиын. 
Ғайни  жүйке  ауруына  шалдығады.  Бірақ  бҽрінен 
аяныштысы  -  Мырзахметтің  кҿзі  бозарып  күткен  бала 
шағасын  алдап, соғыстан аман қайтқанын жасырып, басқа 
бір  шүйкебасқа  телініп,  биігінен  құлап  түскендігі. 
Майдандас досының да, сүйген жарының да кҿңілінде тірі 
ҿлікке 
айналғаны. 
Жазушы 
кейіпкерлерінің 
бір 
психологиялық  қалыптан  екінші  қалыпқа  түсуін  үлкен 
трагедиялық  ҿреге  кҿтеріп,  шыншыл  шеберлікпен  жеткізе 

 115 
 
 
білген. Ҽңгіме ар-инабат хақында терең ойларға батырады, 
адами пҽлсҽпаға мойын ұсындырады. 
2. Т.Ахтановтың романдарындағы тарихи шындық 
және  кӛркемдік  шешім.  Алайда  Тахауи  Ахтановты 
республика  ғана  емес,  исі  Одақ  оқырманының  назарына 
іліктірген  –  қазақ  ұлтының  Ұлы  Отан  соғысындағы 
жауынгерлік  ерлігін  бояуы  қанықты  сурет  салып 
бейнелейтін,  күні  бүгінге  дейін  ҽсерін  жоғалтпаған 
«Қаһарлы күндер» атты романы. 
«Іздену,  зерттеу  –  басты  шарт»  деген  мақаласында 
жазушы  «Қаһарлы  күндер»  романының  жазылу  тарихына 
тоқталады.  Автор  соғысқа  қатысты  тарихи  материалды 
ретіне 
қарай 
іріктеген. 
Соғыс 
жайлы 
жазьшған 
шығармаларды  шұқшия  оқыған.  Оған  кескілескен 
ұрыстарда  бастан  кешкендерін  қосқан.  Қалың  ҿрттің 
ішінде  жүріп,  тҿрт  рет  жараланды.  «Сҿйтіп,  -  деп  жазады 
Тахауи  аталмыш  мақаласында,  -  барлық  жағдайды  екшей 
келгенде – үш жыл бойы соғыстан кҿрген-білгенімді – 1941 
жылдың  қаһарлы  күзіне  топтауға  болады  екен  деген  ойға 
келдім». 
Міне,  осы  үлкен  даярлық  арқасында,  шығармашылық 
қиял қуатын тиімді  пайдалана отырып, жазушы кҿркемдік 
сапасы  құнды  образдар  кестеледі.  Романнан  Қазақстанда 
жасақталған  даңқты  28-гвардиялық  панфиловшылар 
дивизиясының  1941  жылдың  соңғы  ширегінде  Мҽскеудің 
жан  жүрегі  –  Кремльге  тура  дік  еткізетін  Волокалам  тас 
жолынан жауды ҿткізбеген шайқасының ұзын сұлбасы дҽл 
түсірілгені  сезіліп  отырады.  Сол  шайқастың  басты 
қаһармандары – генерал Панфилов пен  қазақтан  шыққан     
асқан  сардар  Бауыржан  Момышұлы «Қаһарлы күндерде» 
дивизия  командирі  Панферов  пен  капитан  Мұрат 
Арыстанов  образында  кҿрінетіні  шығарманың  эпостық 
ҿрісін  кеңейткен,  байтақ  Ресей  ҿңіріне  жайған.  Ойдан 
қосылған  бейнелер  арасынан  соғысқа  дейінгі  қазақ 

 116 
 
 
қоғамының  ҿкілдері  де  (Ержан,  Раушан,  Кҿжек  т.б.) 
ҽрқайсысы ҿзі мінезімен, тілегімен дараланып есте қалады. 
«Қаһарлы  күндерде»  күні  кеше  ғана  кеще,  надан 
делініп  келген  қазақтардың  күші  басым  жауға  қарсы 
соғыста  жаппай  ерлік  кҿрсетуінің  негізінде  нендей  сана-
сезім  жатқаны  айтарлықтай  сенімді  кҿрсетілген.  Бұл 
романның  құндылығы да  атыс-шабысты  қызықтап  кетпей, 
жауды  жайратқан  ҽр  қимылдың  тамырын  аршуында, 
интернационализм  рухы,  халықтар  достығы  сезімінің 
тереңдігі  мен  теңдесі  жоқ  қуатын  аша  білуінде.  Жазушы 
интернационализм  идеясын  рупор  етуден,  патетикалық 
жалаң,  жылтырақ  сҿзділіктен  барынша  сақтанып,  ой 
түйіндерін  майданның  ҿрт-жалынындағы  ҿмір  үшін 
арпалыстан туындатады. 
Тіпті  соғысқа  бара  жатқан  жолда-ақ  болашақ 
шайқастың  рухани-моральдық  диспозициясы  түзілетіндей. 
Мҽскеу  түбіне  дейін  баса  кҿктеп  келіп  қалған  жау  бетін 
қайтаруға  Қазақстанда  даярланып,  вагонға  тиеліп, 
майданға  аттанған  дивизия  тиісті  үлес  қоса  ма,  қоспай  ма 
деген  мҽселе  аяқ  астынан  үлкен  мҽнді  айтыс  тақырыбына 
айналады. 
Полк 
штабының 
бастығы 
Купцианов 
дивизияның жауынгерлік қабілетіне дүдамал пиғылда. Оны 
шын мҽніндегі ҽскер жасағы емес деп есептейді. «Ҿзімізді 
ҿзіміз  алдарқатып  қайтеміз,  -  дейді  Купцианов. 
Шындықтың  жүзі  қанша  суық  болса  да  тура  қарауымыз 
керек. Ҽйтеуір,  талғажау демесе, біз шын  мҽніндегі  армия 
емеспіз». 
Мүраттың  алғыр  ойы,  шар  болат  характері  осы  тұста 
қыннан  суырылған  алмас  қылыштай  жарқ  етеді. 
«Қолыңдағы мылтығының оталмайтыны барын білген адам 
–  жекпе-жекке  тайсалмай  шыға  ала  ма?  Командир  де  сол 
сияқты. Мұндай пікірмен соғысқа баруға болмайды», - деп 
шорт кеседі. 

 117 
 
 
Характерлер  қақтығысы  бірден  психологиялық  аяға 
ауысады да, мұның арты неге соғады екен дегендей сюжет 
барысына  қадала  түседі.  Шығарма  шиеленісінің  бұлайша 
ҿрістеуі сюжет желісін ширатуға қолайлы ҽсер етіп, нағыз 
соғыстың  қызған  шегінде,  ҿмір  мен  ҿлім  арпалысында  да 
бастапқы  алған  бағытын  дҽйекті  ұстанады.  Солдат, 
командирдің  қолына  қару  ұстаған  майдангердің  қас 
жаумен  алыс-жұлысын  кҿрсетумен  қосақабат  оның  адами 
жанын да айқара ашып, оқушы жүрегіне жақындата түседі.  
Мұрат  батальоны    шегініс    бұйрығы  дер    кезінде  жетіп 
үлгермегендіктен,  жау  қоршауында  қалып  қояды.  Осы 
жағдайды пайдаланып, Купцианов Мұратты табалап, біраз 
жерге  апарып  тастайды.  Сұңғыла  генерал  Панфилов  штаб 
бастығының  Мұратты  қыжыртуынан  оның  ҿзімшіл  топас 
жан  екенін  аңғарып  тыжырынады.  Тұтас  батальон 
жоғалды,  оған  ҿкінудің  орнына,  бұл  шіркін  айызы 
қанғандай ажал аузында жүрген адамды ҿсектейді. 
Купциановтың  дегені  болмай,  Мұрат  батальоны 
қоршаудан ҽупірімдеп шығады. Бұл ҿзекті тартысты автор 
ақырына  дейін  апармаса  да,  Купцианов  образы 
шығарманың орта тұсынан аяғына дейін солғын тартса да, 
роман  Купцианов  пен  Мұраттың  айтысын  түпкілікті 
шешеді деп есептейміз. Кешегі аға шопан Кҿжек, басқа да 
бейбіт 
құрылыс 
адамдары 
жаттығуларда 
үйреніп 
үлгірмегенін  окоп  мектебінде  толықтырады.  Сҿйтіп  қазақ 
офицері  Мұраттың  «соғыс  шыңдайды»  деген  сҿзін 
растайды.  Қоршауда  келе  жатып  «Қаһарлы  күндер» 
кейіпкерлері  ҽскери  ҿнер  жағынан  ғана  емес,  рухани 
жағынан  да  ҿсіп  жетіледі.  Ғашығы  Раушанды  жылпың 
офицер  Уҽли  арамдап  кетіп,  моральдық  тығырыққа 
ұшыраған  Ержан  мен  роман  финалында,  шешімінде 
«шегінетін  жер  қалмады,  артымызда  -  Москва!»  деген 
ҽлемге ҽйгілі ұран тастайтын Василий Кусков (тарихи шын 
аты  –  Клочков)  арасындағы  ҽңгіме  соғыс  туралы  үлкен 

 118 
 
 
ойға бастайды. «Шынайы ерлік кҿңілі таза адамдардан ғана 
шығады.  Кҿңілі  кір  адам  кісі  ҿлтіргіш  болғанмен,  ер  бола 
алмайды.  Соғыс  деген  жақсының  да,  жаманның  да  сырын 
ашады», - дейді Кусков. 
Шынында,  пейілі  пҽқ  адал  жігіт,  «анкет  толтырса, 
ҿмірбаяны  жарты  бет  қағазға  жетпейтін»,  ҿзіне  риза 
болмай,  қапаланып,  қайтсем  жақсы  командир  дҽрежесіне 
жетем  деп  ҿзін  ҿзі  қайраумен  жүретін  Ержан  соғыс 
барысында  «тісі  шығып»  нағыз  айбынды  командирге 
айналады.  Ең  басты  олжасы  -  адамда  «соңғы  күш» 
дейтіннің  қандай  қиындықта  да  таусылмайтынына,  «енді 
біттім»  дегенде,  тағы  бір  күш  сараңның  қалтасынан  шыға 
беретін тиындай сарқылмайтынына кҿз жеткізген, ҿзі ғана 
тапқан, тапқан соң шынықтырып ҿсірген иланымы еді. Ал, 
аға  лейтенант  Уҽли  суы  кеппеген  ағаштай  бықсып 
жанбайтын  бірдеңе.  Бұрынғы  мамандығы  –  оқытушы. 
Үйлі-баранды  кісі.  Қулық,  айлакерлікке  тҿселген  су 
жұқпас.  Бейбіт  шақта  сыр  алдырмаған.  Тек  соғыста  ішіне 
рухын  шірітетін  құрт  түседі.  Тамам  мұғалімнің  арасынан 
ала-бҿле ҽскерге алынғанына наразы. Сол құрт оны ақыры 
жегідей жеп тынады. 
«Қаһарлы 
күндерді» 
кеңес 
ҽдебиетінің 
соғыс 
тақырыбына  арналған  татымды  шығарма  қатарында 
кҿрсететін  оның  психологизмінің,  іштен  туған  ҽрекет-
сезімнің  байлығы  болса  керек.  Ержан  мен  Раушан  –  шын 
ғашықтар.  Уҽлидің  қырсығынан  аралары  ажырап  кетті. 
Бірақ  кҿңілдері  мүлде  суысып  кетпеген.  Соны  кҿрсетуге, 
екі  жастың  кҿңіліндегі  ақталмаған  арманды  жеткізуге 
жазушы  ұтымды  психологиялық  дҽлел  таба  білген. 
Раушанның  ерлікпен  қаза  болуына  байланысты  эпизод 
арқылы ыңғайын келтіріп, бітіспейтінді бітістірген. 
«Ержан  да  Раушаннан  кҿз  алмады...  Нұры  сұйыла 
бастаған  қара  кҿзі  шарасы  үлкейіп  Ержанға  мҿлдірей 
қарайды.  Адам  ойы  да  кейде  сҽуле  сияқты,  ең  алыс 

 119 
 
 
түкпірді  жарығымен  шарпып,  кҿріп  қалады.  Ержан 
Раушанның  осы  бір  соңғы  кҿзқарасынан,  сҿзбен  айтып 
жеткізуге  болмайтын,  тек  жүрекпен  ғана  ұғысатын  шексіз 
жақындықты  түсінді.  Түнеугіден  бергі  ҿз  кҿңіліндегі 
кірбеңнің  мынау  биік  қасиеттің  алдында  соншалықты 
ұсақтығын бар жанымен сезіп, ҿзін қорсынып қалды». 
Ҽбдіжҽміл  Нүрпейісов  айтқандай,  «Тахауи  адам 
жанын  нҽзік  береді,  кей  жағдайда  кісі  кҿзі  шалмайтын 
үлбіреген нҽзік құбылыстарды үзілдіріп беруге шебер-ақ». 
Сол  нҽзіктілік  адам  жүрегінің  соңғы  лебізін,  лүпілін 
кҿңілдегідей жеткізіп қана қоймаған. Отан үшін шейіт кету 
– одан биік қасиет жоқ екенін миға құйып тұр. Сол қасиет 
алдында екі асыл жас жүрек үнсіз арыздасады... 
Романның бұл сияқты психологиялық иірімі, сан қилы 
беттері ҽлі де талай ұрпақты қызықтыратынына күмҽн жоқ. 
Тағы  да  бір  артықшылығы  –  халықтар  достығы, 
интернационализм  идеясында  тҽрбиеленген,  құрамында 
нешеме ұлт ҿкілдері бар ҽскердің тізе қосып соғысқан ерен 
ерлігін  иланымды  сыпаттайтындығы.  Жолдастық,  достық 
желісі  романның  басынан  аяғына  дейін  дҽйекті  түрде 
тартылған.  Қазақ  жауынгерлерінің  интернационалдық 
қасиетке  жомарттығы,  кҿп  ұлтты  халық  ҿкілдерін 
жатсынбай, 
олардың 
ҽрқайсысына 
бауырмалдық, 
сыйластық  сезіммен  қарап,  Кеңестік  Отан  үшін  қасықтай 
қаны  қалғанша  соғысқанын  айғақтайтын  шындық  айғай-
ұйғайсыз,  шым-шымдап,  байсалды  қалыпта,  байыбына 
келтіре  жеткізіледі.  Мысалға,  бұл  тақырып  орыс  шалы 
Ерофей  Максимычтың  образы  арқылы  жақсы  ҿрбітілген. 
Ержан  ротасы  жау  қоршауында  қалып,  аш-жалаңаш 
шаршап-шалдығып  титықтағанда  осы  шалдың  үйіне 
кезігеді.  Қарт  кемпірі  екеуі  барын  ортаға  салады,  ақыры 
Ерофей  Максимыч  ротаға  қалың  орман  ішінен  жол 
кҿрсетіп,  Ержандардың  ҿз  батальонына  қосылуына 
септеседі.  Қазақтардың,  ұлт  жауынгерлерінің  жанқиярлық 

 120 
 
 
ерлігін  кҿзімен  кҿрген  шал,  роман  финалында  Волокалам 
тас  жолындағы  қаптаған  танкті,  темір  сауыт  тажалды 
ҿткізбей,  жан  ұшырған  Ержан  жасағының  ерлігін  естіп, 
сҽлемдесуге ҽдейі іздеп келеді. 
«Қарағым,  -  деді  ол  даусы  бұзылып,  -  бҽрін  естідім. 
Мен  орыстың  қартайған  шалымын.  Орыс  мекені 
ҿртенгенде,  ҿзегім  ҿртенбеді  дейсің  бе?!  Бҽрің  осылай 
соғысқасын... Қандай жау алмақ бізді!». 
Романның  ақырғы  нүктесі  осылайша  қойылады. 
Шығарма жұпынылау сҿйлеммен аяқталған. Бірақ ҽсер ету 
күші асқақ сҿзден, патетикадан ҽлде қайда ҿтімді. Аңғарған 
кісіге  тақырыбы  да,  шешімі  де  терең  мағыналы:  орыс 
жерін,  сен  қазақ,  ҿз  жеріңдей  қорғадың  деп  тұр.  Бүгінгі, 
ертеңгі береке-бірлікке үндейтін мҽңгілік тірі сҿз. 
Кҿп  жылдан  кейін  жазушы  соғыс  тақырыбына  қайта 
оралды.  «Қаһарлы  жылдардан»  соң  араға  он  жеті  жыл 
уақыт  салып,  «Шырағың  сӛнбесін»  романы  («Жұлдыз» 
журналының  1973  жылғы  10,  11  сандарында,  1980  жылғы 
2,3  сандарында)  қалың  оқырман  назарына  ұсынылды.  Бір 
жазылған  тақырыпқа  қайта  айналып  соғудың  ҿз  себептері 
бар  еді.  Елдегі  елеулі  бетбұрыс,  зор  ҽлеуметтік-саяси 
ҿзгерістер,  Сталиннің  жеке  басына  табынушылықтың 
ҽшкереленуі  тоталитарлық  жүйенің  іргесін  шайқалтты. 
Осыған байланысты жазушының кҿп нҽрсеге кҿзі ашылды, 
соғыс  кезіндегі,  оған  дейінгі  оқиғаларға  кҿзқарасын 
ҿзгертті,  бірқатар  құндылықтарды  қайта  қарауға  тастүйін 
бекінді.  Жаңа  романында  айтайын  дегенін  ірікпей, 
ақжүрегінен  сҿйлейтін  қаһарман  іздеп,  ақыры  қарапайым 
ауыл қызы Нҽзираны бас кейіпкері ҽрі шығарма баянының 
иесі  етіп  алды.  Нҽзира  ҿз  жайынан  бүге-шігесін 
қалдырмай,  ақтарыла  ҽңгімелейді.  Орта  мектепті  бітіруге 
тақаған  шағында  Батыс  ҿлкеде  ҽскери  қызмет  атқарып 
жүрген  кіші  лейтенант  Қасымбектің  етегінен  ұстап, 
танымайтын  ҿлкеге  сапар  шегеді.  Кҿп  ұзамай  соғыс  ҿрті 

 121 
 
 
лау  етіп,  басқа  командирлердің  жұбайларымен  бірге  жау 
тылында қалып қояды. Соғыс от-жалынында шынығып, ой-
сезімі  ҿсіп,  толысып,  шыңдалады.  Бұл  кейіпкер  –  қазақ 
ҽдебиетіңдегі  ҽйелдер  галереясының  ойы  алымды,  сезімі 
шырынды бейнелерінің бірі. 
Т.  Ахтановтың  «Шырағың  сӛнбесін»  романы  Ұлы 
Отан  соғысы  тақырыбына  арналған.  Оқиға  –  Украина 
жерінде ҿтеді. Негізгі кейіпкер – Нҽзира. Романдағы бүкіл 
сюжеттік  оқиға  Нҽзираның  атынан  суреттелген.  Романда 
Отан  соғысының от  жалынын бастан кешірген  Нҽзираның 
тағдырында  екі  желі  бар.  Біреуі  –  оның  ҿз  ауылындағы 
ҿмірі  де,  екіншісі  –  Қасымбекке  күйеуге  шыққан  соң 
басталған  жат  жер  –  Украинадағы  ҽскери  ҿмірі  мен  соғыс 
кезі. Романда осы екі желі қатар ҿріліп отырады. Автордың 
негізгі идеясы – соғыс тауқыметін тартқан совет адамының 
ҿршіл рухын таныту. Соғыс зардабын нақтылы тұлға ҿмірі 
арқылы  ашуды  мақсат  еткен.  Автордың  идеялық  – 
эстетикалық концепциясы - осы. 
Нҽзираның  соғыс  басталған  соң  Украина  орманының 
ішінде  бастан  кешкен  қиыншылығы,  адам  ҿлімі, 
фашистердің жауыздығы, сонымен бірге аяғы ауыр кезінде 
Дуня апайдың үйінде тығылып жатуы, Қасымбекпен соғыс 
кезінде қайта  табысуы,  Дулаттың    дүниеге  келуі  –  бҽрі  де 
шығарманың  сюжеттік-композициялық  арқауын  құраған. 
Нҽзираның  бала  кезінде  ашаршылықты  бастан  ҿткізуі, 
шешесінің  ҿліп,  ҽжесі  Қамқаның  қолында  ҿсуі  –  негізгі 
оқиға – соғыс кезімен  параллельді суреттелген.  
Автор ҿз идеясына лайықты оқиғаларды іріктей білген. 
Кейіпкердің  жан-сыры,  психологиялық  тебіреністері 
арқылы  қазақ  қызының  соғыс  жылдарындағы  кҿрген 
азабын  танытады.  Жазушы  ҿзінің  осы  идеясын  жүзеге 
асыру  үшін  партизандар  ҽрекетіне,  достық,  ҿзара  кҿмек 
тҽрізді  маңызды  мҽселелерге  кҿңіл  бҿлген.  Николай  мен 
Света тағдыры, ұрысқақ Мусяның ҿлімі – бҽрі де нанымды 

 122 
 
 
суреттелген.  Жау  қоршауында  қалған,  ҿмір  мен  ҿлім 
ортасында  қалған  жаумен  табан  тіресе  айқасқан  нағыз 
патриоттардың  қажырлы  келбеті,  қилы  тағдыры  ҿтіп 
жатады.  Мҽселен,  Нҽзираның  ҿмір  жолы  арқылы,  сол 
кездегі кез-келген адамның трагедиясына ортақтастырады. 
Соғыста  адамның  моральдық-психологиялық,  рухани-
этикалық  қадір-қасиеті  үлкен  сынға  түседі.  Света  образы 
арқылы  ҽйел  тағдырының  ауыр  сҽтін  берген.  Қиянатпен 
зорлық  еткен  неміс  фашисінен  аяғы  ауыр  болып,  бала 
тууы,  күйеуі  Николайдың  оны  естіген  соң  Светаны  жек 
кҿріп  кетуі  –  соғыстың  адам  тағдырын  трагедияға 
ҽкелгенінінің  бір  кҿрінісі.Романның  тақырыптық-идеялық 
желісін кҿтеріп тұрған образ – Нҽзира образы. 
Нҽзира  хикаяты  оқырман  қауымға  таныс  фабуладан 
тарайды.  Жазушы  шын  болған  оқиғаның  беталысын 
ҿзгерткенімен, 
роман 
материалынан 
есімі 
күллі 
Қазақстанға  танымал  майдангер  Жылбек  Ақҽділов,  оның 
жүбайы  Жамал  мен  партизан  отрядында  туған  қызы 
Майяның  басынан  кешкен  тҿтенше  оқиғаның  табы 
сезілмейді  емес.  Ақҽділовтың  ҿз  естеліктерін  былай 
қойғанда,  жауынгер  мен  оның  үйелменінің  бастан  кешкен 
хикаясы  туралы  қазақ,  орыс  тілінде  бірқатар  мақала, 
суреттеме  жҽне  повесть  жарық  кҿрді.  1959  жылы 
«Социалистік Қазақстан» газетінің 10 қазан күнгі санында 
жазушы  Қалмұқан  Исабаевтың  «Партизан  қызы»,  1963 
жылдың  22  маусымында  «Лениншіл  жас»  газетінде 
«Жиырма  жылдың  жырлары»  атты  суреттемелері,  сол 
жылғы  «Казахстанская  правда»  газетінің  9  мамыр  күнгі 
нҿмірінде  З.Танхимовичтің  «Память  сердца»  мақаласы 
жарияланды. Ондағы ҽдемі, қызғылықты детальдар, кешегі 
күркіреп  ҿткен  соғыстан  естен  қалғысыз  елес  беретін 
фотосуреттер  оқушысын  бірден  баурап  алады.  Бұған 
партизан жазушы Ҽди Шҽріповтің «Партизан қызы» (1961) 
повесін,  «Жеңімпаздар»  (1965)  атты  жинақтағы  «Жылбек 

 123 
 
 
пен  Жамал»  естеліктерін  қоссақ,  романның  материалға 
кенде болмағандығы аңғарылады. 
Тахауидың  бұл  романы  да  жанр  табиғатына  бағып, 
оқушысын  енді      не      болар      екен      деп      ынтықтыратын   
қызықты   оқиға сюжетінің кестесіне  кҿңілдегі ойын қоса 
торлап  отырады.  Жау  тылында  қалған  екіқабат  қазақ 
ҽйелінің  тірлігін,  бастан  кешкен  қиямет        қиындықтарын    
психологиялық    бояуын    келістіре, реалистік қарыммен 
суреттей  отыра,  философиялық  реңкті    ой  толғаныстарын 
негізгі екі тарапта түйіндейді. Біреуі кітаптың мұқабасына 
жазылған  «Шырағың  сҿнбесін»  делінген.  Оның  мҽні 
кітаптың  алғашқы  беттерінде  бас  кейіпкер  Нҽзираның 
ҽжесі  Қамқа  сҿзімен  түсіндіріледі.  Нҽзира  анасынан  ерте 
айырылады.  Ҽжесі      сол      анасының      қабіріне      шырақ   
жағып,      бата      оқиды.  «Шырағың  сҿнбесін!»  деп 
күбірлейді.  Жас  бала  Нҽзира  түсінбей  күдік  айтады. 
Жаққан  шырағыңыз  майы  таусылып  ҽрі-беріден  соң  сҿніп 
қалмай ма дейді. Сонда ҽжесі басын шайқап жауап береді. 
«-  Ҽй,  балам-ай,  ҽлі  баласың  ғой...  Сенсің  ғой  оның 
шырағы. Сенің тілеуіңді тілеп кеткен жоқ па, бейшара». 
Мҽңгілік  заң:  қырық  жыл  қырғында  ажалды  ҿледі. 
Ҿзге ҿмір жасай береді. Ҿмірге ажалдың шамасы жетпейді. 
Роман осы ақиқатгы үлкен пафоспен жеткізеді. Кішкентай 
орыс  қызы  бүкіл  деревня  тұрғындарын  бір  жерге  қамап, 
атып  жайпауға  ыңғайланғанда:  ағатайлар,  атпандар,  мен 
сендерге ҿлең айтып беремін! - деп жалынады. Фашист оғы 
аямай  үнін  ҿшірсе  де,  қыз  ҽні  оқырман  құлағында  қалып 
қояды...  Қасымбек  пен  Нҽзираның  жаққан  шырақтары  да 
сҿнбейді.  Тұла  бойы  тұңғыштары  -  Дулат  бір  құдайдың 
демеуімен дейіқ соғыс ҿрті ішінен дін аман шығады. 
Екінші  тарапты  идея  күллі  адамзат  құлағына 
арналғандай.  Бастапқы  күйеуі  Қасымбектен,  одан  соң 
шыққан  Абан  деген  жігіттен  айырылып,  бір  баласын 
жетектеп,  екіншісіне  жүкті  болып,  ел  шетіне  іліккен 

 124 
 
 
Нҽзира  жасы  жиырма  бірге  енді  іліксе  де,  кҿпті  кҿрген 
кҿнедей ой түбіне сүңгитін мінез тапқан. Сол бір сҽттерде 
кҿз алдына кҿшпенді  қазақ ҿмірінен бір тағылымды оқиға 
келе  қалады.  Найман  кҿші  «Екі  жасты  ҿлтіргені  үшін 
ағайынның бетіне қарай алмай, ата қоныстарынан ығысып 
ҽрірек  кетіп  барады.  Найман  қолынан  қаза  болған,  тіпті 
Еңлік пен Кебек болса да, екі-ақ адам еді-ау. Бірақ кісі ҿлді, 
қан тҿгілді, ағайын арасын ажал бҿліп кетті. Нақақ қанның 
ұяты  қалың  елді  қонысынан  ығыстырды.  Сол  найман 
баласының ұятын адам баласына берсе...» 
Бұл – ұлттық шеңберде тұйықталып қалып қоймайтын 
сҿздер.  Ҿйткені  ол  сҿздерде  адам  қанын  судай  шашқан 
кешегі  фашизмді  айыптау  үстіне,  жалпы  адамдық  санаға 
бағышталған  ақ  тілек  те  баршылық.  Ұяттан  кешіп,  бҿтен 
елді қанға бояйтындар бүгін де адамзат арасынан, амал не, 
молынан  табылады.  Ендеше,  ар-инабат  мҽселесінен  үлкен 
ойларға  бастайтын  осынау  қазақ  романының  бұдан 
былайғы  жер  басып  жүргендерге  бағамы  артпаса, 
кемімеген деп ауыз толтырып айтуға толық қақылымыз... 
Роман  философиясы  кҿркем  бояулы  образдар 
қуатымен жеткізілген. Балажанды жүрегі отбасында қаңдай 
жұмсақ  болса,  жауынгерлік  борышын  ҿтеуге  келгенде 
сондай қатқыл Қасымбектің бейнесі құрыштан құйылған ба 
дерсің. Албырт та алғыр жас, айбынды жауынгер Абан ше? 
Қарапайым қазақ қызы Нҽзира ҿзінің жеке басының қамын 
ойлаудан  бүкіл  халық  тағдырын  ойлау  биігіне  кҿтеріледі. 
Жҽне  сол  ҿсу  жолы  мейлінше  нанымды  жеткізілген. 
Туынды  оқиғасы  Ресейдің  батысыңда  ҿтетіндіктен,  роман 
жұртының  кҿбісі  ҿзге  ұлт  ҿкілдері.  Ҽсіресе,  орыс  жағы 
басым. Тахауи Ахтанов қаптаған кҿп орысты басы-басына 
даралап  мінездеп,  қазақ  ҽдебиетінде  бұған  дейін  болып 
кҿрмеген  табысқа  қол  артқан.  Даралау  шеберлігіне  тҽнті 
еткізетін  жҽне  бір  қыры  -  бұл  сипаттамалардың  қазақы 
ҽйел кҿзімен берілетіндігі. 

 125 
 
 
Бастықтың елде ҿзі бастық қана емес, ҽйелі де бастық 
болғысы  келіп  тыраштанатыны  ежелден  белгілі  ақиқат. 
Полк  командирінің  жұбайы  Елизавета  Сергеевна  –  сондай 
ҽйелдердің  бірі.  Күйеуінің  қарауындағы  офицерлердің 
бҽрінің 
ҽйелдеріне 
бұйыра 
сҿйлемесе, 
кҿңілі 
кҿншімейтіндей.  Қиындық  дегеннің  бір  ҽділетті  жері, 
қандай  да  адамның  ҿмірдегі  нағыз  орнын  ҿзі  тағайындап 
береді.  Кімнің  кім  екенін  нақтылы  ашады.  Елизавета 
Сергеевна  сондай  қиындықта  жасып  қалады.  Сол  күйі 
Нҽзира кҿзімен былайша бейнеленеді. 
«Елизавета  Сергеевнаны  басынан  үнатпап  едім:  ҽкім 
болғысы келіп сонша тыштаңдаған, ҽйелдің ішінен шыққан 
бюрократ,  ҿр  кҿкірек...Мұның  да  сыртқы  жылтырағын 
соғыс  сыпырып  алғанда,  ар  жағынан  қорғансыз,  керек 
десең  мүсҽпір  ҽйел  шыға  келді.  Еркектер  осалдықты  жек 
кҿреді, бірақ ҽйел халқы олай емес. 
Ал мен болсам Елизавета Сергеевнаның мүшкіл халін 
кҿргенде жаным ашып, аяп, бүрынғыдай емес, тіпті жақын 
тартып  кеттім.  Абзалы  адам  ҿзінің  құдай  тағала  жаратқан 
табиғи кейпіне түскенде бір-біріне, жақынырақ кҿрінеді-ау 
деймін». 
Ұрысқақ  Муся  мен  күлегеш  Муся,  қысылтаяңда  ақыл 
тапқыш Алевтина Павловна, мінезі қатқыл, жүрегі жұмсақ 
Дуня  апай,  сырты  да  ішкі  жаны  да  сұлу,  бірақ  талайсыз 
сорлы,  тағдыр  тҽлкегіне  ұшыраған  аяулы  Света,  партизан 
отрядының комиссары, ел мүддесін ҿз мүддесі деп білетін, 
отыз  жетінің  ойранында  большевик  досының  нақақтан 
ұсталуына  ара  түсе  алмаған,  жүрегінің  жарықшағы  жҽне 
бар  қайсар  Носовец,  кешегі  белсенді,  бүгінгі  сатқын 
Усачевке  дейін  сюжет  шытырманында  жан-жақты 
ашылып, сыралғы жандардай кҿз алдыңнан ҿтіп жатады да, 
кҿкейінде қалып қояды. 
Роман  -  тынысы  терең  жанр.  Уақытының  да, 
кеңістігінің  де  кеңдігін  қалайды.  Сақа  жазушы  роман 

 126 
 
 
оқиғасының азын-аулақ жыл ішінде ҿтетін  уақытын Қазақ 
елінің  XIX  ғасырының  аяқ  шені,  XX  ғасырының  алғашқы 
жартысындағы  ҿмірінен  алынған  белесті  оқиғаларды  еске 
түсіріп, шегініс жасау арқылы ұлғайтады. Нҽзира ҿткеннен 
кҿп  жайларды  еске  алады:  ашаршылық  нҽубеті,  сталиндік 
қанды    қасап,    неміс-фашист    оккупанттарының    салған  
ойраны,  партизандық  соғыс  шындығы  -  бҽрі  біртұтас 
композиция құрайды. Рас, Қасымбек - Нҽзиралардың ерлі-
зайыпты  хикаяты  аяқтала  бере,  бұл  іші  алай-түлей  қайғы-
мұңнан  діріл  қаққан  ахуалды  енді  Абан  -  Нҽзира 
сүйіспендігіне  айналдырып  жалғау  шығарманың  соңғы 
жағын  созалаңқы  тартқызған.  Құдай  қосқан  қосағының 
қазасына  жыл  толмай  жатып,  қаралы  Нҽзира  қайта 
тұрмысқа  шығуға  кҿңілі  кетуін  асығыс  ақтау  жҿнді 
қисынын  таппаған.  Сҿйтіп,  жалпы  шебер  шегенделген 
композицияға  жарықшақ  енген.  Роман  мазмұны  бас 
кейіпкер  атынан  баяндалады  дедік.  Бұл  формаға  салмақ 
сала  бермей,  ретті  жерінде  суретке  орын  берілетін  тұстар 
романның  ең  тандаулы  беттеріне  жатады.  Ҽттегене,  бұл 
тҽсіл кей сұранып тұрған жерінде қолданылмай қалады. 
«Кішкентай  Дулатжан  ата-анасына  ғана  емес,  бел 
шешпей  түзде  жортып  отбасы  ошағының  жылуын  аңсап 
жүрген еркектерге де жақсы ермек болып алды. Ҿтіп бара 
жатқан  біреуі  қайрылмай,  оны  еркелетпей  кетпейді, 
кішкене  сҽбиді  кҿргенде  түзде  тотыққан  суық  жүздері 
жылып қоя береді...» - делінеді романда. 
«Сұрқай  ҿмірдің  ортасында  жылтыраған  кішкентай 
нҽзік  шырақ»  -  шығарманың  негізгі  кҿркемдік  идеясы... 
Соны  бұл  жолы  баяндамай-ақ,  жҽ  болмаса  сын  жанры 
іспетті түсіндіріп талдамай-ақ толыққанды кең ҿрістетілген 
сурет  етіп  жайғанда  ұтымдырақ  шығып,  күллі  роман 
кеңістігін жарқыратып жіберетін бе еді, қайтер еді. 
Мҽселен,  Қалмұқан  Исабаевтың  «Жиырма  жылдың 
жырлары»  деген  мақаласында,  партизан  ҽйел  Александра 

 127 
 
 
Степановна Некрасованың соғыс біткен соң Майяға жазған 
хатынан ұтымды детальдар келтірілген. Майя аяғын ҽнтек-
тҽнтек басысымен партизандардың жер кепесін ҿз бетімен 
аралауды  шығарады.  Кішкентай  сҽбидің  «тілі  шыға 
бастағанда,  -  деп  жазады  Некрасова,-біздің  ротаның 
командирі  Василий  Новиков  жігіттерге:  «Енді  боқтап 
сҿйлеуді  қойыңдар,  Майяны  да  үйретіп  алып жүрерміз»,  - 
деп артық сҿзге тыйым салған. 
Қ.Исабаевтың  «Партизан  қызы»  суреттемесінен 
деталь:  «Тұтқиылдан  жау  самолеті  келіп  қалса,  лагерь 
маңында  аяғын  тап-түп  басып  ойнап  жүрген  Майяны  кез 
келген  партизан  кҿтеріп  алып,  тасаға  қарай  жүгіретін. 
Сонда  Майя  ҿзі  де  аспанға  қолын  шошайтып:  «-У-у, 
самолет», - деп сол партизанның ҿзін қорқытатын». 
Романда немістер партизандарды қыспаққа алатын осы 
тҽріздес  кҿп  эпизодтар  қайталана  береді.  Соның  бірлі-
екеуінің  есебінен  баламысың  дегізіп  езу  тартқызатын 
детальдарға,  тҽй-тҽй  баса  бастаған  жанның  тҽтті  қылығын 
суреттеуге  лайықты  орын  берілуі,  үлкендердің  кішкентай 
қорғансыз 
сҽбиді 
кҿргенде 
елжіреп, 
мейірленетін 
шақтарының  бедерлі  бейнеге  түсірілуі  қажет-ақ  еді. 
Детальсыз  құр  баяндау  «Шырағың  сҿнбесін»  идеясына 
жҿнді  қызмет  етпей,  шығарманың  бұл  тұстарын 
шырайсыздандырып-ақ тұр. 
Бұл  мысалдар  кҿркем  шығармадағы  поэтика  рҿлінің 
мазмұнға  тигізетін  ҽсерін  кҿрсету  үшін  келтіріліп  отыр. 
Негізінен,  «Шырағың  сҿнбесін»  образ  тақырыбын  жеріне 
жеткізе  шешкен.  Тырнақалды  «Қаһарлы  күндердей  емес» 
Бұл  романында  Мұраттың  соғыстан  бұрынғы  кезеңде 
байларды кҽнпескелеуге білек сыбанып кірісіп кеткені сол 
кездердегі  идеологиялық  қасаң  нормативке  байланысты 
жазылса  керек.  Ҽйтпесе  мейлінше  адал,  ақ  жүрек 
Мұраттың  образы  логика  шеңберіне  сыйыспай  тұр.  Үздік 
командир  шаршысына  қалай  тез  кҿтерілген  дегізбес  үшін 

 128 
 
 
бұл  бейне  прототипінің  «кадровая  армия»  дейтінде 
шыныққанын  алу  керек  пе  еді?  Купциановтың  кейіпкер 
ретінде  жақсы  суреттеліп  келе  жатып  орта  жолда  ҽрі-сҽрі 
қалып  қоятыны  жоғарыда  ескертілді.  Тахауидың  алғашқы 
романының  ақауы  ретінде  бірен-саран  олқылықтары  да 
кезінде  сынға  ілікті.  Романның  тіліңде  де  «тау  силуэтіне 
қарады»  деген  сияқты  «орынсыз  кірген  орыс  сҿздері», 
«боладыны»  кҿбірек  қолдануы  («Боранда»  да  ұшырасады) 
кездесіп  қалып  отырады.  «Шырағың  сҿнбесін»  ондай 
кемшіндердің кҿбісінен азат. 
Тахауи 
Ахтанов 
«драматизм 
мен 
лиризмнің, 
ойшылдық пен суреткерліктің бір-бірінен басын оздырмай, 
терезелерін  тең»  ұстайды.  Сезім  шынайылығы,  ой 
уыттылығы,  сурет  дҽлдігі  -  Ахтанов  поэтикасының  негізгі 
үш тіні», - деп жазады бес томдыққа кіріспеде ҽріптес інісі, 
жазушы Ҽбіш Кекілбаев. 
Талғампаз  таланттың  суреткерлік  ҿнері  ҽсіресе 
«Боран» романында айрықша реңк алды. Алғаш рет «Дала 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет