Теориялық ЖӘне тарихи педагогикалық зерттеу әдістері өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет4/5
Дата04.03.2023
өлшемі22,38 Kb.
#71519
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20230303-WA0012.

Өзіндік ой-тұжырым
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылымы дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогика ғылымы мен тұтас педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табу үрдісі. Ол - адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.




2. Таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер: оқу құралы, оқулықтар, монографиядан теориялық аспектісіне байланысты материалдар жинақтау, талдау жасау, сілтеме, аннотация үлгілеріне шолу жасау, талдау.

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс тәсілдерді қолдану » 


Аннотация. Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.
Жобаның өзектілігі. Балалардың жаңа технологияларды үйретіп, өзінің ой-пікірі бар, дамыған тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеу.
Жобаның мақсаты. Жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балалардың сабақты тез ұғып алуын қарастыру. Әдіс-тәсілдердің балаға пайдасын тиетінін қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет