Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет54/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Көру қабілеті бұзылған (көрмейтіндер; нашар көретіндер, амблиопия және қылыйлық) балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымның қызметтері үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің арнайы оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Зерде бұзылыстары бар көру қабілеті бұзылған, (жеңіл түрде ақыл-ойы кенжелеген), тірек-қозғалыс аппараты, есту қабілеті бұзылған балаларға мектепке дейінгі ұйымның медициналық-психологиялық-педагогтік консилиумының жеке түзете-дамыту бағдарламасы бойынша дефектологпен, тифлопедагогпен, логопедпен, психологпен топтық және жеке түзеу сабақтары (кеңістікте бейімделуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, ауызша сөйлеуді дамыту, ауызша сөйлеуді қалыптастыру) жүргізіледі.

  • Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының қызметі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың арнайы бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Топ жас ерекшелігі мен сөйлеу тілінің дамуына қарай жинақталады. Топтық және жеке түзету сабақтарын (есту қабілетінің дамуы, дұрыс сөйлеуді және айтуды қалыптастыру мен ауызша сөйлеу тілін дамыту) дефектолог, сурдопедагог, психолог жүргізеді.

  • Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымның қызметі есту қабілеті мен зердесі қалыпты деңгейде дамыған екі жастан алты жасқа (жеті) дейінгі балалар, сөйлеу тілі кеш шыққан екі жастан үш жасқа дейін, жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған, соның ішінде алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа және сөйлеу тілінде ауытқушылығы бар балалар, сонымен қатар 1 жастан 4 жасқа дейінгі ең кемінде 6 ай кохлеарлық импланты бар, аутизмдік ауытқушылығы бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың арнайы білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.




    1. Білім, білік, дағдылар сапасын бағалау жүйесінің альтернативасын ұсыну (рейтинг-шкала, бағалау критерилері).

    Рейтинг-шкала: рейтинг – ұпaй жинaу әдісі. Олaр тaпсырмaлaрды орындaу бaрысындa ұпaй (бaлл) жинaу aрқылы бaғaлaнaтынын, нәтижесінде әрқaйсысының сыныпішілік рейтингі aнықтaлaтынын білген сәттен, әр оқушының бойындa жaсырын жaрыс тетігі іске қосылaды. Осылaй ынтaлaндыру aрқылы сaндық нәтиже ғaнa емес, сaпaлық деңгей де көтеріледі. Себебі оқушылaрдың орындaғaн тaпсырмaлaрындa жіберген қaтеліктеріне, тaпсырмaлaрды орындaудa қолдaнғaн тәсілдеріне тaлдaу жaсaп, қaтеліктер сaны мен кемшіліктер сипaтын aнықтaп, білуге болaды. Мұндaй қaтынaс келесі тaпсырмaлaрды орындaу бaрысындa оқушылaрды мұқият болуғa, зейінін бaрыншa шоғырлaндыруғa және неғұрлым көбірек ұпaй жинaу үшін қосымшa ізденуге мүмкіндік тудырaды. Сыныптa жекелеп-сaрaлaп оқыту тәсілін қолдaну aртықшылықтaры: оқушының өз мүмкіндігіне, қaбілетіне бaрыншa сенуін дaмытaды; бaлaлaрды ынтaлaндырaды, тaлпындырaды; сыныпішілік өзaрa қaрым-қaтынaстaрды жaқсaртaды; оқушы мен оқытушының ынтымaқтaстығын, достығын нығaйтaды;


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет