Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Әрбір маманның жұмысының мазмұнына сипаттама беріңіз



бет103/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Әрбір маманның жұмысының мазмұнына сипаттама беріңіз.

Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс:

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта), мектепке дейінгі мекемеде немесе мектепте мақсатты интеграциялау;

  • топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық поцесті ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру педагогына кеңес беру;

  • фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістерін сараптауда көмек беру;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық-педагогикалық және медициналық көмекті реттеу;

  • басқа мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене шынықтыру мұғалімімен және т.б.);


Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтарды түзетумен айналысады. Ол:

  • тәрбиеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын және анықтығының деңгейін зерттейді;

  • тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтың және жеке сабақтар жүргізеді;

  • мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдерді қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды;

  • пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады.



Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары:

  • тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалыптылығын сақтайды;

  • нақты мәселелерді шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға көмек береді;

  • психологиялық анықтау жұмысын жүргізеді;

  • тәрбиеленушілердің дамуындағы ерекшеліктерді (ақыл-ой, физикалық, эмоционалдық) анықтайды;

  • ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді;

  • әлеуметтік дамудағы бұзылыстарды анықтайды және психологиялық педагогикалық түзету жүргізеді;

  • педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

  • пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму бағдарламаларын құрастыру мен іске асыруға қатысады;

  • топпен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды анықтау, жоспарлау, құрастыру және іске асыруға қатысады;

  • өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады.



Әлеуметтік педагог:

  • білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты жүзеге асырады;

  • тәрбиеленушілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

  • баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді қалыптастыру сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді;

  • баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды зерттейді;

  • педагогтар, әлеуметтік қорғау қызметтерінің мамандарымен, тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша қайырымдылық мекемелерімен өзара байланысты болады;

  • топ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау іс-шараларын іске асырады;

  • тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, қиындықтарын, іс-әрекеттернідегі ауытқушылықтарды анықтап, дер кезінде оларға әлеуметтік көмек көрсетеді.



Мұғалім (педагог-тәрбиеші):

  • тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;

  • балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, ойындар, серуендер, бос уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;

  • типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта) жағдай жасайды:

  • музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды;

  • басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты қолдануды қамтиды;

  • баланы отбасында тәрбиелеу сұрағы бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді, оларды балабақшамен, мектеппен белсенді серіктестікте болуға шақырады;

  • балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балаларды жеке дамыту бағдарламаларын және топта (сыныпта) жұмыс жасау бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады;

  • баланың түрлі іс-әрекеттерінің даму деңгейін, коммуникативтік белсенділік ерекшеліктерін, мақсатты іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін, өз-өзіне қызмет көрсету, гигиеналық-мәдени дағдыларының қалыптасуын анықтайды;

  • мамандардың ұсыныстарын орындайды.



Дене шынықтыру инструкторы:

  • дене шынықтыру сабақтарын жүргізеді және оларды өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне жауап береді:

  • жалпы және ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс бағдарлануын, балалардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыру, физикалық даму, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру;

  • балалардың күні бойындағы қозғалыс белсендігін қадағалайды;

  • медбикемен бірге сабақтар өткізу жағдайының тазалығын қадағалайды;

  • балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмысын ұйымдастырады;

  • пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады, балалардың жасерекшелік ерекшеліктері ескерілген бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, және де сабақтар жүргізу барысында әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескереді.



Жүзу инструкторы:

  • білім беру мекемесінің бағдарламалық талаптарына және жеке даму бағдарламаларына сай бассейнде сабақтар өткізеді;

  • судан қорықпауға (арнайы ойын-сабақтары арқылы) үйретеді;

  • орта мектепке дейінгі жастан бастап жүзудің түрлі тәсілдерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»);

  • балалардың судағы қауіпсіздігіне толық жауап береді;

  • медбикемен бірге бассейннің тазалық қалпын қадағалайды;

  • балаларға шешінуге және душ қабылдауға көмек береді, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйретеді;

  • жалпы моториканы дамытуға қозғалысты реттеуге бағытталған балалардың денсаулығын шынықтыруға арналған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыруды қалыптастыру, физикалық дамыту, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру.



Музыка жетекшісі:

  • музыка сабақтарын, мерекелерді ұйымдастырады және өткізеді;

  • пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың өзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерін атқарады;

  • ертеңгілік гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарымен сауықтыру шараларын өткізуге қатысады;

  • күннің екінші жартысында балалардың ұйымдастырылған ойындарына музыкалық сүйемелдеу жасайды;

  • музыкалық-дидактикалық, театралдық және ритмикалық ойындар өткізеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет