Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет63/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Декларацияның басты қағидалары:
● әр баланың білім алуға құқығы бар және мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиіс;
● әр баланың өзіне тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері мен оқу қажеттіліктері бар;
● білім беру жүйелерін жобалау және білім беру бағдарламаларын осы сипаттамалар мен қажеттіліктердің алуан түрлілігін ескеретін етіп құрастыру қажет;
● ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ең алдымен балаларға бағытталған осы қажеттіліктерді өтейтін педагогикалық әдістер негізінде жағдай жасайтын жалпы білім беретін мектептерде білім алуының қолжетімді болуы;



  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне беру үдерісін зерттеу.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған. Қазақстан Республикасында балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы инклюзивті оқыту үшін жалпы білім беретін күндізгі мемлекеттік 7222 мектептетердің жалпы санынан 39% құрайтын 2858 білім беру ұйымдарында жағдай жасалған. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде арнайы жағдайларды қамтамасыз етудің оңтайлы динамика үрдісі байқалады. Республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1219 – арнайы сыныптар тіркелді.



  1. Қазақстанның инклюзивті білім беру мекемелерінің қызметі.

Еліміздегі МШБ-ға білім беруді жүзеге асырудың басқа да бағыттарын қарастыратын болсақ:

  • арнайы мектептер бала тәрбиеcінде отбасыларға қолдау көрсету, олардың өздігінен өмір сүру дағдыларының дамуы, оларды әлеуметтік қорғауды қамту және балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты ашуға бағытталған білім беру мекемелері.

  • жалпы білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар мен түзету сыныптары – МШБ-ға өз уақытында көмек беруді, қажетті оқыту мен білім беру түрлерін саралау. Оқытудың бұл формасының оң факторы МШ балалардың басқа сыныптардағы құрдастарымен қатар көптеген мектепте өтетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктердің болуы, сонымен қоса балалардың үйіне жақын орналасқан мектепте оқып, отбасында тәрбиеленуі.

  • үйде оқыту – мүгедек балаларды оқыту нұсқасы, онда білім беру мекемесінің оқытушылары балаға кестеге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша барып, онымен сабақ өткізеді. Үйде оқыту оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған жалпы немесе көмекші бағдарлама бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқу аяқталғаннан кейін балаға өзі оқыған бағдарламасы көрсетілген жалпы үлгідегі мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет