Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру МШБ балаларды оқытудың жаңа жолдары



бет59/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру МШБ балаларды оқытудың жаңа жолдары.

Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы баланың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үдерісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.Сондай-ақ инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмас еді.



  1. Инклюзивті білім беру МШБ сәтті әлеуметтендіру мүмкіндігі ретінде.

Инклюзивті білім беру — әрбір баланың денелік, зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалды, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, оқыту мен тәрбиелеудің (даму мен әлеуметтенудің) жалпы (біртұтас, тұтас) процесіне қосылуға мүмкіндік беретін білім беру, бұл кейіннен өсіп келе жатқан адамға қоғамның тең құқылы мүшесі болуға мүмкіндік береді, оның сегрегациясы мен оқшаулану қаупін азайтады. Инклюзивті білім берудің басты критериі – тиімді әлеуметтендіру, мәдениетке кіріктіру, барлық балалардың, оның ішінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік тәжірибесін дамыту. Әлеуметтік мәселелер ең негізгі болып табылады. Сондықтан, логистикалық және басқа да проблемаларды шешумен қатар, қазіргі заманғы қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселесіне жеке назар аударуымыз керек. Инклюзивтік мәдениетті дамытудың өзектілігі инклюзивтік білім беру тәжірибесін енгізуге бағытталған және білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерді түсіну арқылы айқындалады, ол мектептің мәдени-білім беру кеңістігін қайта құруды талап етеді, әр баланың жеке қабілеттеріне, психофизикалық даму ерекшеліктеріне қарамастан, толыққанды білім беру құқығын қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуы мен әлеуметтік бейімделу процесі қоғамның назарында болады, бұл білім беру процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы мүмкін болады және ол жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет