Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Қазақстанның инклюзивті білім беру мекемелерінің қызметіне талдау



бет61/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Қазақстанның инклюзивті білім беру мекемелерінің қызметіне талдау.

Қазақстан Республикасында балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы инклюзивті оқыту үшін жалпы білім беретін күндізгі мемлекеттік 7222 мектептетердің жалпы санынан 39% құрайтын 2858 білім беру ұйымдарында жағдай жасалған. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде арнайы жағдайларды қамтамасыз етудің оңтайлы динамика үрдісі байқалады. Республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1219 – арнайы сыныптар тіркелді. Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзеу педагогикалық қолдау 17 оңалту орталықтарында, 133 психологиялық педагогикалық түзеу кабинеттерінде, мектептердегі 558 логопедиялық пунктарда көрсетіледі. Мектептер үлесінен даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың қолжетімділігі үшін құрылған «кедергісіз орта» 4506 мектепте (62%) қамтамасыз етілген. 2014-2015 оқу жылында 129 980 – мүмкіндіктері шектеулі балалар 91,5% құрайтын білім беру ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық және жекеменшік ұйымдардағы білім беру бағдарламалары және түзеу-педагогикалық қолдау бойынша оқу-тәрбиемен қамтылған.Еліміздегі МШБ-ға білім беруді жүзеге асырудың басқа да бағыттарын қарастыратын болсақ:

  • арнайы мектептер бала тәрбиеcінде отбасыларға қолдау көрсету, олардың өздігінен өмір сүру дағдыларының дамуы, оларды әлеуметтік қорғауды қамту және балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты ашуға бағытталған білім беру мекемелері.

  • жалпы білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар мен түзету сыныптары – МШБ-ға өз уақытында көмек беруді, қажетті оқыту мен білім беру түрлерін саралау. Оқытудың бұл формасының оң факторы МШ балалардың басқа сыныптардағы құрдастарымен қатар көптеген мектепте өтетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктердің болуы, сонымен қоса балалардың үйіне жақын орналасқан мектепте оқып, отбасында тәрбиеленуі.

  • үйде оқыту – мүгедек балаларды оқыту нұсқасы, онда білім беру мекемесінің оқытушылары балаға кестеге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша барып, онымен сабақ өткізеді. Үйде оқыту оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған жалпы немесе көмекші бағдарлама бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқу аяқталғаннан кейін балаға өзі оқыған бағдарламасы көрсетілген жалпы үлгідегі мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет