Теориялық сұрақтар


Жүрек айну -төс шеміршегi астында болатын жағымсыз сезім. Жүрек айну кезінде жалпы әлсiздiк, мөлшерден тыс сілекей бөлу кара терге бату байкалады. Құсу



бет16/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Жүрек айну -төс шеміршегi астында болатын жағымсыз сезім. Жүрек айну кезінде жалпы әлсiздiк, мөлшерден тыс сілекей бөлу кара терге бату байкалады.
Құсу - даму механизміне қарағанда күрделі рефлексті акт . Құсу кезiнде асқазан қалтқысы жабылып , сағасы ашылады , диафрагма және құрсақтын шандыр еттерi жиырылады.
Кекірік. Асқазан iшiндегi ауа не тамақтың шамалы бөлiгiнiн ауызға оралуын кекірік деп атайды . Кекірік карын сағасы ашылған кезде оның бұлшыкетiнiң жиырылуынан болады.
Қыжылдау. Өңеш тұсынын кыжылдауы өңештің төменгі бөлігінің асқазанның қышқыл селiмен тiтiркеуiнен болады. Көбіне асқазанда қышкылдылық көбейетін ауруларда болады. Кейде калыпты қышкылдылық не бәсен қышкылдылық кезiнде де байкалады . Әсіресе қарындағы тамақтын ашуынан онда органикалық қышқылдар көбейгенде қыжыл да күшеюі мүмкін.
Ішегі ауыратын адамдардың басты шағымдарына ішек бойының ауыруы, іштің өтуі және қатуы, іштің кебуі және ішектен қан кету жатады.
Ішек бойының ауыруы көбінесе асқазан ауруларындағы іштің ауыруына ұксас болады. Сондықтан оларды бiр - бiрiнен айыра білудің маңызы зор . Ішек бойынын ауыруының жалпы белгiлерiне олардың тамақ қабылдаған мезгiлге тәуелсiздiгi жатады . Ішек бойының ауыруы көбіне ұлы дәретке отыруға байланысты болады . Олар не дәретке отыр мас бұрын , не дәретке отырган мезгiлде , не дəреттен кейін болады . Ішек аурулары дефекациядан кейiн , газ кеткеннен кейiн анағұрлым бәсен сидi , не қойып кетеді.
Іш өту не диарея деп ұлы дәретке жиi отырудың және ұлы дәреттің сұйылуын айтады . Қалыпты жағдайда ұлы дәретке отыру тәулігіне 1-2 рет болады , тәуліктік нәжістің салмағы 100-200 г аспайды , нәжіс құрамындағы судың мөлшері 60-80 % құрайды . Диареяда дәретке отыру жиiлiгi тәулігіне 2 реттен көп , нәжіс салмағы 200 гр. көп , оның құрамында су мөлшері 95 % -тен көп болады.
Іш кату , қатпа ( обстипация ) деп дәретке сирек ( дәретке екі тәулiкте бір отырудан сирегірек отыру ) отыруды айтады . Қатпада ішек толық босамайды және дәреттiң консистенциясы өте қатты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет