Тәжірибиелік сұрақтар.
1. Кеуде қуысына салыстырмалы перкуссия жүргізу техникасы.
Салыстырмалы перкуссияны орындағанда да жоғарыда көрсетілген ережелердi катаң түрде сактау керек. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын төмендегідей реттiлiкпен орындау керек
1. Өкпенің ұштарын салыстыру. Ол үшiн плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған параллель орналастырып перкуссиялайды. Содан кейін бұғананың өзiн қағып карау керек. Екi жақтағы дыбысты салыстырып көру керек.
2. Қабырға арасы кеңiстiкке орналасқан саусақ-плессим трді қаға отырып, өкпенің алдыңғы жағынын дыбысын салыстырады. Перкуссияны жүрек ойығына дейін ғана жүргiзедi.
3. Өкпенің бүйір жағын перкуссиялау. Плессиметр - саусақты кабырға аралығына орналастырып, қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша перкуссиялайды. Перкуссия кезінде ауру адам қолдарын төбесіне кою керек.
4. Өкпенің арқа бетiн перкуссиялау. Перкуссияны жауырыннан жоғары бастайды. Плессиметр - саусакты жауырынынан жоғары және қабырғаларға параллель (яғни горизонтальды) орналастырады. Жауырынаралық кеңістіктің дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға параллель (кабыргаларга перпендикуляр) орналастырып, екi жақтың дыбысын бір деңгейде анықтағаннан кейiн плессиметрді төмен түсiрiп перкуссиялап, оң жаққа көшеді. Осылай перкуссиялай отырып, жауырын бұрышына дейін төмендейді. Жауырыннан төменгi жерде салыстырмалы перкуссияны плессиметр саусақтың горизонталь куйiнде (кабырғаға параллель) жүргiзедi.
Қалыпты жағдайда өкпе үстiнде айқын өкпе дыбысы анықталады. Сонымен қатар, төмендегідей физиологиялық ерекшелiктер де болуы мүмкін:
1. Оң жақтағы иық еттерiнің қалыңдау болуына байланысты, оң жақ өкпе ұшы үстiндегi өкпе дыбысы сол жақпен салыстырғанда бәсең болады.
2. Журекке жақын орналаскандықтан, сол жақтағы III қабырға аралығында бәсен өкпе дыбысы анықталады.
3. Оң жақ қолтықта перкуссиялық айқын дыбыс аздап қысқарған болса (бауырдың жақындығы), сол жақ қолтықта оның дабылдық реңді болады (Траубе кеңістігінің әсері; Траубе кеңістігі оң жақта бауыр, сол жақта талақ, жоғарғы жақта көкет аралығына қарынның түбi кiрiп тұрғаннан пайда болады).
2. Кеуде қуысына топграфиялық перкуссия жүргізу техникасы. Өкпенің төменгі шекарасын анықтау.
Топографиялық перкусияны науқасты тұрғызып,не отырғызып жасаумыз керек.Тек қатан түрде ғана науқастын жағдайы ауыр болған кезде ғана жатқан күйінде іске асырып,ауру адамның алды мен қолтық астын ғана перкусиялаумен шектелу керек.
Топографиялық перкуссия өкпенің төменгі және жоғарғы шегарасын, өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын анықтайды.
Өкпенің төменгі шегін анықтау.
Екі жақтан бірдей анықталады.Өкпенің шегі (айқын)дыбысының жәй(тынық)дыбысқа айналуына қарай анықталады.Тек сол жақта алдынғы қолтық сызығы бойында өкпенің төменгі шегі айқын дыбыстың дабыл(тимпан)дыбысына айналуына қарай анықталады.Қалыпты жағдайда өкпенің шегі астениктерде бір қабырға ені төмен,гипертениктермен екі қабат әйелдерде бір қабырға жоғары болуы мүмкін .
Кеуде қуысына топграфиялық перкуссия жүргізу техникасы. Өкпенің төменгі шекарасын анықтау.
Оң жағынан алдымен төс сүйегі маңындағы сызығы бойынша,содан кейін бұғана ортаңғы сызығымен жүргізіледі.Одан әрі қарай перкусияны екі жақтанда алдыңғы артқы қолтық асты сызықтары бойынша,ең соныңда омыртқа бағанасы маңындағы сызыөпен жүргізіледі.Саусақ қабырға аралықтарына қабырғаларға параллель қойып,жәй соққылар жоғарыдан төмен қарай бағытталып тұйық дыбыс пайда болғанша жасалуы керек.Өкпенің төменгі жиегінің терең демалу кезіндегі жылжымалылығын анықтау үшін қолтық асты ортаңғы немесе артқы сызығы бойымен жай ғана дем алған кезде өкпенің өкпенің төменгі шекарасын белгілеп алады,одаг кейін науқасқа терен дем алғызып,дем алмай тұруды сұраймыз,осы кезде тез перкусияны жасап өкпенің төменгі шекарасын тағыда жәй ғана дем алған кездегі белгіден бастап белгілейді.Бұдан кейін тексеруді тап солай терең дем шығарып,тоқтап тұрғанда тағы белгілейді.Осы екі белгінің арасы өкпенің төменгі жиегінің терең дем алу кезіндегі жылжу аралығы болып есептілінеді.
Белгі сызықтары
|
Оң жақ
|
Сол жақ
|
Төс жанындағы сызық
|
VI қабырға
|
III қабырға
|
Бұғана ортасы сызығы
|
VI қабырғааралығы
|
VI қабырғааралығы
|
Қолтықтың алдыңғы сызығы
|
VII қабырға
|
VII қабырға
|
Қолтықтың ортаңғы сызығы
|
VIII қабырға
|
VIII қабырға
|
Қолтықтың артқы сызығы
|
IX қабырға
|
IX қабырға
|
Жауырын сызығы
|
X қабырға
|
X қабырға
|
Омыртқа жанындағы сызық
|
XI Кеуде омыртқасы
|
XI Кеуде омыртқасы
| 3. Кеуде қуысына пальпация жүргізу техникасы. Дауыс дірілін анықтау, диагностикалық маңызы.
Дауыс дірілін анықтау
Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау. Қадамдар реттілігі:
1 – өкпе ұшында:
дәрігер саусақтары мен алақандарын бұғана үстіңгі шұңқырлары мен жауырын қылқалары үстіне қояды;
науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;
2 – жауырын аралықта:
науқасқа қолдарын алдына айқастырып өзін құшақтап тұруын сұрау – жауырын арасы ашылады;
саусақтар мен алақандар жауырын қырына паралель орналастырып науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;
3 – кеуденің төменгі бөлігінде:
науқасқа қолдарын түсіруін сұрау;
саусақтар мен алақандар жауырын астына орналасады: үлкен саусақ пен сұқ саусақ арасында жауырын ұшы, ал қалған 4 саусақ пен алақан жауырын асты және бүйірін қамтиды;
бірте-бірте (1-2 қ/а) төмен түсіп науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтқызып анықтайды;
Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау – дауыс дірілі қалыпты; күшейген, әлсіреген; анықталмайды.
Кеуде серпінділігін анықтау
Кеуде серпінділігін анықтауды реттілігі
дәрігер науқастың төсіне бір алақанын қояды;
екінші алақанын науқастың жауырын аралығына қояды;
алақан негізідерімен 1-2 рет шапшаң қысады;
дәрігер алақандарын кеуденің екі бүйіріне орналастырып жанынан шапшаң қысады;
мәліметті бағалайды.
Кеуде серпінділігі – иілімділігі сақталған; төмендеген – қатайған.
4. Өкпе аускультация жүргізу техникасы. Диагностикалық маңызы.
Өкпе аускультация жүргізу техникасы. Диагностикалық маңызы.
Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты түрегеліп тұруын әлде тік отыруын және сонымен қатар еркін жағдайда болуын, қолдарын тізесіне қоюын сұрау);
Техникасы:
дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
оң өкпеден бастап жасалады;
бұғана үсті шұңқырларының симметриялық аймақтарына тыңдалады;
аускультация 1,2,3 қабырғаралықтарға бұғана ортаңғы сызығы бойымен оң және сол бөліктердің симметриялық аймақтары тыңдалады.
Кеуде алдынан сол жақта аускультация жүрек тұсына дейін жүргізіледі (IV қабырға дейін)
қалыптыда бұл аймақтарда везикулярлық тыныс есітіледі;
дерттік жағдайда: (қатаң немесе әлсіреген везикулярлық тыныс, орта- ірі көпіршікті сырылдыр немесе гүрілдеген әлде ызыңдаған құрғақ сырылдар)
Диагностикалық маңызы.
Қазіргі уақытта, ұзақ мерзімді даму және көп млн доллар инвестиция негізделген инновациялық зерттеу әдістері бар. Алайда, жақсы дәрігер ең қарапайым ескермейтін, бірақ мұндай өкпе аускультациясы, сондай-ақ патологиясын анықтауға әбден ақпараттық жолдары емес, соқпалы жүрек немесе іш пальпациясы. Осы айла жүргізу аурулардың диагностикасы маңызы зор.
5. Дем алуды есептеу, бағалау, графикалық тіркеу. Диагностикалық маңызы.
Науқасты қарағанда тыныстың типін, жиілігін, тереңдігін және тыныс алудың қозғалыс сипатын анықтайды. Науқастың кеуде клеткасына қолын қойып, не фонендоскоптың көмегімен тыныс алу қозғалысын сезу арқылы, дем алу-дем шығару циклін қарап есептеуге болады. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жүргізу қажеттігін есте сақтау керек. Егер науқас біздің бақылауымызды білсе, ол «көмектесу» жасайды және тыныс алу қозғалысы жиілігін өзгертеді. Бұл дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды.
Тыныс алудың аралас типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады.
Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі (ТҚЖ) немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.
4. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз
5. Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.
7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
8. Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.
9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
6. Плевральді пункция жасауға қажетті заттарды дайындау. Диагностикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |