Теориялық сұрақтар



бет33/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Мақсаты:диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері:жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
7. Қақырықты туберкулез таяқшасына жинау.
Зертханалық зерттеуге қақырықты жинау әдісі мен техникасы:
Жалпы зерттеуге қақырықты жинау:
1. Таза құрқақ ауызы кең қақпағы бар
ыдысты дайындап, жолдаманы безендіреді.
10. Пациентке қақырықты дұрыс жинауды түсіндіру қажет: 
Пациентке қақырықты дұрыс жинауды түсіндіру қажет:
1. Қақырықты ашық ауада немесе вентиляциясы жақсы арнайы бөлмеде жинау керек.
2. Қақырықты ас қабылдауына дейін таңертең жинайды.
3. Ауызды алдын ала қайнатылған сумен шаю керек.
4. Жөтелу керек.
5. Конейнерді абайлап еріннің жанында ұстап, оған түкіру керек.
6. Контейнерді қақпамен нық жауып және де медициналық бикеге табыстау.
Егер қақырық аз көлемінде шықса, матералды жинау алдында қақыртатын құралдарды қабылдау қажет.
Қақырықты бұрыс жинау жағдайларда диагноз дұрыс қойылмауы мүмкін, ауру асқынып, бұдан әрі шырқалуы мүмкін, науқас жұқпаны таратуды жалғастырады.
11. Қақырықты жинау қадамдары:
1. Арнайы мамандырылған киімді кию (халат, бас киім, фартук, респиратор маска, медициналық қолғап).
2. Пациенттен ТБ 05 медициналық киімін алу.
3. Пациентті қақырықты жинау әдісімен таныстыру (әңгімелеп беру және ақпаратты оқуды сұрау).
4. ТБ 05 пациенті туралы мліметтерді қақырықты жинау журналына енгузі (журналдың сол бөлігі).
5. Пациенттің есімін белгілеу және контейнерге үлгі нөмірін жазу (тек қақпасына жазуға болмайды).
6. Пациентті қолын жууды сұрау, аузын жақсылап сумен шаю, ас қалдықтарын және ауыз ішіндегі микрофлораны ластауды жою.
7. Пациентті кең ашылған терезе алдына қою.
8. Пациенттің артынан бір метр көлемінде тұру.
9. Пациентті қақырықтың 3-5 мл жөтеліп және ешараны олрындау барысын қарап тұру.
10. Пациентке жабылатын қақпасы бар нық жабылған контейнерді ұсыну және медициналық бикеге табыстау.
11. Контейнердің дұрыс жабылуына сенімді болу, оны залалсыздандыратын ерітіндісімен өңдеу және де бикстің ішіне салу.
12. Қолды жақсылап ағатын су астында жуып, қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес өңдеу қажет.
13. Пациентке қақырықты келесі күні үйде жинау үшін таза контейнер беру және контейнерді қақырықты жинау кабинетіне әкелуді сұрау.
14. Пациентті қақырықты жинау кабинетінде қақырық үлгісінің үшінші рет жинау қажеттілігі туралы ескерту жасау.
15. Қақырықты жинау журналында емшараларды өткізу туралы белгі қою (журналдың оң жағы) және ТБ 05 сәйкестендіру үлгісінің нөмірін белгілеу.
8. Жүрекке пальпация жүргізу техникасы. Жүрек ұшы түрткісін анықтау. Диагностикалық маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет