Осы дерттің дамуына ықпал ететін жағдайлар болуы мүмкін:
1. Тіршілік әдеті (таза ауада жеткілікті болу, үй жағдайы - желдету мүмкіншілігі, күн жарығының қажетті түсуі, ДЫМҚЫЛДЫқ, ылғалдылық; жұмыс жағдайы - үзiлiссiз, басқарушылық міндеті, шиеленістер);
2. Психикалық тежеулер жиілігі уайым, шиеленістер, қобалжулар
3. Тағамдану ерекшiлiктерi (тәтті, ұнды, майлы тағамдар);
4. Кәсіптік және тіршіліктік ( уланулар ( ауыр металлдар - сынап, қорғасын, фосфор, мышьяк, бензол булары, пестицидтер, гербицидтер);
5. Радиоактивті сәулелер кәсібіне байланысты немесе ем турiнде кабылдаған;
6. Семіздік, басқа эндокриндық ағзалар бұзылысы; вирустық жұқпалар
7. Жүктілік, туы (асқынулары), емізу, климакс кезеңі,
8. Орталык жуйке жүйесі (ОЖЖ) аурулары (ісіктер, жарақаттар, жұқпалар),
9. Бұрын болған калканша безі ауруына байланысты радиоактивті йод колданудан дамыған гипотиреоз;
10. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жакын туысқандарындағы қан жүйесі аурулары
11. Ас қорыту ағзалары аурулары (панкреатит)
12. Ер азаматтарда – әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері – жарықтар; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; ата безінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар.
13. Әйел кісілерде – етек кірінің
басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, қанша күннен, мөлшері – көп, аз; ауырсынулы немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (канша кетерді, калай етті ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте - жасанды немесе медициналық аборттар); етек кiрiнiң тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер – қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Меноауза кезіндегі қан кетулер.
14. Қатерлі әдеттері: темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық,
уланулар.
Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Жалпы қарау, диагностикалық маңызы. Көз симптомдары
Эндокринді жүйе дегеніміз ішкі эндокриндік бездерден ерекше химиялық қасиеті бар зат-гормондар өніп,ол жалпы айналысқа еніп ағзаның барлық қызметін ретке келтіріп отырады.Эндокринді бездерге гипофиз,қалқанша без,ұйықы безі,бүйрек үсті безі,аталық ,аналық бездер,айырша безі жатады.Кейбір эндокринді бездер аралас қызмет атқарады .Мыс;ер кісілердің аталық безі біріншіден ұрық шығарса,екіншіден андроген гормоның шығарады,ал ол ағзаның тіршілік етуін жандырады.Сол сияқты ұйықы безіде аралас гормон шығарады,оның біріншісі асқазандағы тамақты қорытатын сөл бөлсе,екіншісі қандағы қант деңгейін реттейтін гормон-инсулинді өндіреді.Эндокриндік бездердін ішінде тек қалқанша безімен,аталық жыныс жұмыртқасын ұстап байқауға болады.Науқасты қарап тексергенде,оның дене бітіміне,бойының ұзын-қысқалығына,дене мүшелерінің тепе-теңдігіне назар аудару керек.Мыс:қалқанша безінің ауруларында көзінің ұясынан шығынқы болуы,науқастың мойын тұсын қараған кезде мойыны жуандап,оның пішінінің өзгергенің көруге болады,мұның себебі қалқанша бездің үлкеюінең жемсау сияқты зоб көрініп тұрады.
Теріні зерттегенде терінің көп бөлінетіні байқалады,терідегі сепкілді байқауға болады,бұл шамадан артық пигметтін бөлңнуі терінің салқындығы,шаштың түсуі,әйелдерде түктін көптеп өсуі т.Б анықтауға болады.
Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Қалқанша безіне пальпация жүргізу, диагностикалық маңызы.
Қалқанша безіне пальпация жасау техникасы.
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау-отырғызып,тұрғызып немесе арқасымен жатқызып.
Қалқанша безін сипалаудың 3 тәсілі бар:
І –тәсіл:тексеруші науқастың алдында тұрады, ІІ – V бүгілген саусақтарды кеуде – бұғана,емізікше бұлшық етінің артқы шетіне қойып,ал үлкен саусақты қалқанша безінің аймағына кеуде – бұғана,емізікше бұлшық етінің алдыңғы шетінен ішке орналастырады.
Науқас сипалау кезінде бірнеше рет жұтыну қимылын жасайды,соның нәтижесінде қалқанша безі кеңірдекпен бірге орнынан қозғалады және тексерушінің саусағының астына жылжиды.
ІІ-тәсіл: тексеруші науқастың оң жағында сәл алдына таман тұрады.Мойын бұлшық еттерінің босаңсуы үшін науқасқа сәл басын төмен түсіруін сұранады. Сол қолдың алақанын науқастың мойынының артына орналастырып, ал оң қолдың саусақтарымен қалқанша безін жайлап сипалайды.
ІІІ-тәсіл: тексеруші науқастың артында тұрады. Үлкен саусақтар науқастың мойының артына орналастырады, ал саусақтарын қалқанша безіні шемңргегінің, ішке кеуде – бұғана, емізікше бұлшық етінен алдына орналасқан.
Қалқанша безі - мойынның алдыңғы бетінде орналасқан және биологиялық заттарды - гормондарды өндіретін эндокриндік орган.
Қалқанша безі әдетте көрінбейді және пальпацияланбайды. Қалқанша безінің пішіні көбелек тәрізді және мойынның алдыңғы төменгі бөлігінде орналасқан. Ол бір-бірімен байланысқан оң және сол жақ бөліктерден тұрады.
Қалқанша безі екі маңызды гормонды, тироксин (T4) және трийодтиронин (T3) шығарады. Бұл гормондар майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың алмасуын, жүрек-тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының жұмысын, психикалық және жыныстық белсенділікті реттейді. Қалқанша безінің гормондарының деңгейі негізінен мида (гипофиз) шығарылатын қалқанша безді ынталандыратын гормонмен (TSH) реттеледі.
Қалқанша безінің жиі кездесетін ауруларына созылмалы аутоиммунды тиреоидит, түйіндік зоб, токсикалық зоб және қалқанша безінің қатерлі ісігі жатады.
Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Лабораториялық зерттеу әдістері. Зертханалық зерттеудің маңызы. Қанды қантқа тексеру. Диагностикалық маңызы.
Адамның эндокриндік жүйесінің құрылымы күрделіліктің жоғарылауымен сипатталатыны белгілі. Бұл жүйенің жұмысындағы кішкене сәтсіздік көптеген басқа органдардың жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Эндокринолог әрдайым пациенттің проблемасын дұрыс анықтай алмайды, тек сауалнама, тексеру және пальпация нәтижелеріне (қалқанша безі, лимфа түйіндері) сүйене отырып. Көбінесе болжамды диагнозды нақтылауға, растауға мүмкіндік беретін қосымша сынақтар қажет.
Эндокринологиядағы талдаулардың маңыздылығы
Көптеген эндокринологиялық аурулардың белгілері басқа органдармен байланысты аурулардың клиникалық көріністеріне ұқсас. Зертханалық диагностика дәрігер диагнозбен қателеспеуі үшін, науқас үшін оңтайлы емдеу бағдарламасын таңдай алуы үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Эндокринологиялық аурулардың ауыр асқынуларының дамуын болдырмау үшін маман тағайындаған сынақтардан өту қажет.
Эндокринолог қандай сынақтарды тағайындайды
Түсініксіз клиникалық көріністе эндокринолог пациентке келесі сынақтардан өтуді тағайындай алады:
* гормондарға қан анализі;
* биохимиялық қан анализі;
* қабынудың болуын талдау;
* айырбастау бұзылыстарын талдау және т.б.
Эндокринологиядағы негізгі талдаулар
Гормондарға зәр мен қан анализі. Гормондарды талдау нәтижелері бойынша кәсіби эндокринолог науқастың ауруын дұрыс анықтай алады. Бұл талдау қалқанша безінің, гипофиздің, бүйрек үсті безінің ауруларын сәтті анықтауға мүмкіндік береді, оның көмегімен адам ағзасында болатын бедеуліктің, семіздіктің және басқа да бұзылулардың себептері нақтыланады.
Биохимиялық қан анализі. Бұл талдауды жүргізу эндокринологқа метаболикалық бұзылуларды сәтті диагностикалауға мүмкіндік береді: майлар, ақуыздар, минералдар, көмірсулар, витаминдер. Оның көмегімен басқа эндокринологиялық бұзылулар мен аурулар, мысалы, қант диабеті анықталады.
Жалпы қан анализі науқастың денесінде қабыну процестерінің болуы туралы ақпарат береді.
Қант (глюкоза) қан анализі. Бұл зертханалық зерттеу науқаста қант диабетін анықтауға қызмет етеді.
Қандағы қантты өлшеу - бұл қант диабеті барысын және науқастың денесінің жалпы жағдайын көрсететін маңызды талдау. Зерттеу нәтижесінің мүмкіндігінше дәл болуы үшін, дәл глюкометрді қолданумен қатар, пациент қан жинау және оны талдау кезінде бірқатар қарапайым ережелерді сақтау керек.
Тірек - қимыл, бұлшықет жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Сұрастыру, Диагностикалық маңызы.
Шағымдарын анықтау: буындардағы “таңертеңгі құрысу” және оларың ісінуі, бұлшықет әлсіздігі, тері қышуы, қалтырау, терідегі бөртпелер, тері түсінің өзгерісі, тырнақтардың сыңғыштығы мен сызықтану, шаштың шамадан тыс түсуі.
Негізгі шағымдарды талдау, сараптау.
* Буындардағы ауру сезімі және олардың қимылының шектелуі:
* Орналасу орны – ауру сезімі қай буында? (аяқ-қолдың ірі немесе майда буындарында, омыртқа бағанасында (жотада) – қолмен көрсетуді сұрау);
* сипаты – қалай ауырады? (ұзақ, сыздап әлде ұстамалы, қатты), ауру сезімінің қарқыны және пайда болу жағдайы – үдейді немесе дамиды – қимылда, кешке қарай, түнде, дымқыл ауа райында, бір кейпінде ұзақ тұрғанда;
* қанша буындар ауырады және реттілігі қалай? – бір буын; бірнеше буындар, ауру бастапқыда бір буында дамыды және бірнеше күнде немесе бір жетіде біртіндеп қалған буындарда пайда болды («ауру сезімі кезбелі») немесе бір мезгілде екі жақтағы бірдей буындарда пайда болды, мысалы қол ұшының буындары («симметриялық ауру сезімі»)
* буын үсті терісі өзгерді ме? – қызару, сипағанда ыстық, ауру сезімді;
* буынның ісінуі мен қозғағандағы ауырсынуы ?
Бұлшықеттегі ауру сезімі және әлсіздік:
* Орналасу орны – қай бұлшықетте? (барлығында, біреуінде немесе бөлек топталған бұлшықеттерде – қолмен көрсетуді сұрау);
* сипаты – қалай ауырады және ұзақтығы? (ұзақ, сыздап әлде ұстамалы, қатты; бірнеше күн бойы);
* ауру сезімінің қарқыны және пайда болу жағдайы – қимылда күшееді немесе дамиды; қайталанатын қимылдарда бұлшықеттің әлсіздігі мен шаршағыштығы бар ма?
* Бөлек әлде топталған бұлшықеттердің белсенді қимылдарының әлсіреуі немесе толық жоғалуы байқала ма?
Тері және оның қосалқылары:
* Қол саусақтарының, құлақ, мұрын ұштарының мұздауы мен бозаруы байқалады ма?
* Болған жағдайда олар суық, жарақат немесе көңіл-күйінің бұзылысымен байланысты ма және ауру сезімімен бірге жүре ме?
* Ауыру сезімді, дене қызуын теріңізбен қаншалықты жақсы сезе аласыз ба?
* Шашының айқын және жиі түсуі, тырнақ сыңғыштығы бар ма?
Терідегі бөртпелер:
* Алғашқы рет қашан, қай жерінде пайда болды, қандай пішінде болды, бірең-сараң немесе көптік, қалай тарады;
* бөртпелер түстері, оның өзгерісі – тез, баяу;
* қосымша дене қызуы көтерілді ме?
* Туа біткен қалдардың өзгерісін байқадыңыз ба (түсі, көлемі) (егерде ол науқаста болса)? Қанша уақыттан бері?
Пайда болу себебі
Жұқпалы дерті бар кісімен жанасу, тағам әлде дәрілер қабылдау, жақында болған аурулары.
* Терінің қышуы – қандай? – тұрақты, ұстамалы, қоймайтын, қинап, маза кетіретін; қай мезгілде жиі мазалайды?
* Жиі түнде немесе күндіз; себебі?- тағам әлде дәрі қабылдағаннан кейін; жануарлармен жанасқаннан кейін;
* қай жерде? – бөлек аймақтар – қол, бет, иықтың, қардың сыртқы аймағы, құрсақ бүйірі, дене бойымен)
ІІ. Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы).
* Дерттің басталуын анықтау. «Бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме?» «Немесе қалай басталды?» – дерттің басталуын анықтау.
А) кенеттен, жіті – дене қызуының жоғарлауы, буындардың ісінуі мен қызаруы және олардың қимыл-қозғалысың шектелуімен;
Б) кенеттен, жіті –кенеттен дене бойында жаппай ұсақ бөртпелер, қышып, дене қызуының жоғарлауымен қоса пайда болды;
В) бірте-бірте дамыды – біраз уақыттан бері жотада және арқа бұлшықеттерінде бір кейпіде болғанда ауру сезімі байқалады;
Г) бірте-бірте дамыды – бірнеше айдан бері қолымның шаршап, тіпті қимылдай алмайтынымды байқадым, бірнеше уақыттан кейін басылады, бірақ ұзақ қимылдан кейін қайталанады;
Д) соңғы бірнеше айдан бері шашым көптеп түседі, тырнақтарымда бір сызықтар пайда болды және олар сыңғыш;
Бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).
* Дерттің дамуын анықтау. Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді»? Мысалы:
А) басында біраз уақыттан бері жотада және арқа бұлшықеттерінде ауру сезімі, әрі қарай қозғалудың шектелуі қосылды және т.б».
Б) кенеттен қалтырау, сосын буындарымның қызарғаны мен сырқырауы қосылды;
В) бастапқыда шашымның тарағанда көптеу түсетіні болды, біршама уақыттан кейін уысталып түсетінін байқадым және қайызғақтанатыны қосылды.
* Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)
* а) Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
* б) Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз?
Дерттің басталуына әсер ететін себептер болуы мүмкін:
* Коньюнктивит, уретрит (Рейтер ауруы)
* Тері бөртпелері – Боррелиоз (Лайма ауруы), йерсиниоз, мерез, вирустық жұқпалар;
* Жіті жұқпалар, іріңді жұқпалар ошақтары (бруцеллез, туберкуллез, мерез);
* Артрит басталу алдында 1-1,5 ай бұрын болған жоғарғы тыныс жолдары жұқпалары, ішек жұқпалары, вирустық жұқпалар (корь ж/е басқа);
* Созылмалы жұқпа ошақтары (құлақта, мұрында, ауыз қуысы мүшелері – тістер, бадамшалар);
* Жыныс ағзаларының жұқпалары (гонореялық артрит);
* Дәрілерді, бұрын қолданбаған тағам, құлпынай, шоколад, жұмыртқы қабылдау;
* Жұқпалы ауруы бар науқаспен қатынаста болу
* Косметикалық заттарды пайдалану
* Тітіркендіретін әртүрлі химиялық немесе басқада заттардың теріге түсуі
* Стрестік жүктемелер
Буындарға пальпацияға жүргізу. Бұлшық еттің,сүйектердің буындардың ауырсынуын анықтау.
Буындар пальпациясы:Алақан және саусақ ұштарымен буындарды сипап анықтау:
Қызуы
Ауру сызғыштығы
Өзгерген буынның тығыздығы
Өлшегіш лентамен симметриялық жағдайда буындар шеңберін анықтады.
Қозғалыс көлемін тексеру:
Науқасқа нақты бір буынын қозғалтуды сұрау -әкету , жазу , бүгу
Дәрігер науқастың буындарын өзі қозғалтады осы буынға тән қимылдарын жасайды
Қозғалыстағы сықыр
Буындар пальпациясын жасау:
1.Буын аймағын сипап тексеру
2.Буын шеңберін анықтау
3.Қозғалыс көлемін тексеру
Сүйек бұлшықеттер , буындар жүйесі аурулары мен ауырған науқастар шағымы әртүрлі болып келеді. Олардың ішінде жиірек кездесетін буындардың атауы. Буын құрылысының жүйке талшықтарын тітіркендіруден пайда болады. Ауыру сезімін сұрастырғанда, оның сипатын яғни шаншып күйдіріп немесе сыздап ауыратынын , орналасқан жерін , таралуын, ең қатты ауыратын уақытын, оны туындау себептерін анықтау керек. Бұл жүйенің басты шағымдарының бірі- буын қозғалысының таңертеңгілік шектелуі , ол ревматоидты буын ауруына , Бехтерев , қызыл жегі, склеродермия ауруларына тән.
Бұлшық еттердің ауруы кейде , олардың әлсіздігі қосылады,бұлшық еттің қабынуы(миозит), бұлшық етпен бірге терінің қабынуы(дерматомиозит) ауруларына тән.
Буындардың конфигурациясын, белсенді және пассивті қозғалу көлемін анықтау.
Науқасты тексеру арнайы бөлмеде жүргізілуі керек қолайлы температура, табиғи жарық немесе күндізгі жарық шамдары. Дәрігер науқастың алдында орналасады немесе
оның оң жағында. Жалпы тексеру науқастың тік күйіндегі жағдайында жасаған дұрыс, бірақта ол отырғанда да, көлденеңінен де мүмкін. Буындағы қозғалыстар белсенді және пассивті көлеммен анықталады. Белсенді қозғалыстықты анықтау үшін буындарын (әр түрлі буындар) пациенттен өз бетінше иілу немесе экстензорлық қозғалыстар жасауын сұралуы керек
Пассивті қозғалысты анықтау кезінде дәрігердің өзі зерттелетін буында қозғалыс жасайды
оның физиологиялық нормаларына сәйкес (иілу, кеңейту, айналу, пронация, супинация). Бұл ретте қозғалыс көлемінде шектеу болады.
Тірек - қимыл, бұлшықет жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Лабораториялық тексерулер диагностикалық маңызы.
Зертханалық зерттеу әдістері
Толық қан санау
Қандағы глюкоза сынағы
Қандағы жалпы ақуыздың деңгейін зерттеу
Қан сарысуындағы С-реактивті ақуыздың концентрациясын анықтау
Қан сарысуындағы антистрептолизин-О анықтау
Қандағы сілтілі фосфатазаның белсенділігін анықтау
Қандағы аланинаминотрансферазаның белсенділігін анықтау
Қандағы аспартатаминотрансферазаның белсенділігін анықтау
Жалпы зәр анализі
Тірек - қимыл, бұлшықет жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Құралдармен тексерулер (рентгендік тексерулер, ультрадыбыспен тексеру) диагностикалық маңызы.
Ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Рентгендік тексерулер клиникалық медицинаның рентген сәулесiнiң көмегiмен органдар мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қою
Аллергиялық аурулар кезінде науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Есек жем, клиникалық белгісі. Жедел жәрдем көрсету тактикасы.
Есек жем- қан тамырларының өткізгіштігі күшейіп,терісінде тез тарайтын бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын аллергиялық ауру.
Ауру кенеттен басталады, тері қатты қышып зуылдауы пайда болады,қышыған жерде қызарып бүртпе пайда болады. Күлдіреулердің көлемі әртүрлі,нүктеліден үлкен көлемге дейін. Тез пайда болып,тез жоғалады. Науқастың дене қызуы 38-39 градусқа жоғарылауы мүмкін,басы ауырады, әлсіздік пайда болады. Егер 5-6 аптаға созылса ол созылмалы түріне айналуы мүмкін.
Емі: жалпы шаралары
Ауруханаға жатқызу
Дәрі-дәрмектерді доғару
Аштық сақтау
Аллергенді ағзадан тез арада шығару. Емінде кең антигистаминді дәрілер қолданылады:димедрол,суппрастин,тавегил және т.б. Егер олар нәтиже бермесе, әсіресе анафилактикалық шок дамыса науқасқа глюкокортикоидтар тағайындалады. Егер қан қысымы төмендесе,кордиамин,кофеин бұлшық етке немесе көк тамырға жиі беріледі. Псевдоаллергиялық түрінде ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқасты емдегенде,диета ұстау керек. Науқасқа фентал,панкреатин,мезим,гепатопротекторлар ЛИВ -52,эссинциале карсил,гепабене,спазмолотиктер тағайындалады
Аллергиялық аурулар кезінде науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Квинке ісігі клиникалық белгісі. Жедел жәрдем көрсету тактикасы.
Аллергия(көтеріңкі қозу) -ағзаның сезімталдығының жоғарылауы.Дәрілерге аллергия дегеніміз себептері түрлі дәрілер болып табылатын, патогенезі аллергия болатын дерт.Көтеріңкі қозу дегеніміз - ағзаның антиген-антидене реакциясын кері қабылдауы.
Идиосинкразия - туа біткен аллергиялық реакция.Ол дәрі-дәрмек, тағамдар, т.б. заттарға пайда болады. Кез келген аллергиялық ауруларды организмге дәрі беру арқылы тудыруға болады.
Аллергиялық аурулар 2ге бөлінеді
1. Бірден дамитын реакциялар (анафилактикалық шок, крапивница, Квинке ісігі, бронх демікпесі)
2. Біртіндеп дамитын реакциялар: бұл кезде аллергендер эпидермис және дәнекер ұлпаларын зақымданғанда дерматит, васкулит,экземалар туады.
Аллергия тудыратын заттар аллергендер деп аталады. Олар өсімдік тектес,жануар тектес, әр түрлі тағамдар, дәрі-дәрмектер және химиялық заттардан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |