Теориялық сұрақтар


Қанның биохимиялық талдауы



бет37/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Қанның биохимиялық талдауы-ішкі ағзалардың (бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өт қабы және т.б.) жұмысын бағалауға, метаболизм (липидтер, ақуыздар, көмірсулар алмасуы) туралы ақпарат алуға, микроэлементтерге қажеттілікті анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық диагностика әдісі.
* Денсаулық жағдайын бақылау (жылына кемінде 1 рет). Бір жыл ішінде адамнан алынған қанның жалпы мөлшері, оның ішінде диагностикалық мақсатта эритроциттердің түзілу жылдамдығынан аспайтындығына көз жеткізу керек.
* Жұқпалы немесе соматикалық аурулар.
Адам қанына биохимиялық талдау жасамас бұрын қажетті дайындық әрекеттері орындалады. Шынтақтан жоғары қолға арнайы турникет қолданылады. Қан алу орны инфекцияның алдын алу үшін антисептикпен алдын ала өңделеді. Ине тамырға енгізіледі, ал шынтақ венасы қанмен толтырылғаннан кейін қан алу жүзеге асырылады. Егер шынтақ тамырынан қан алу мүмкін болмаса, тексеру және бекіту үшін қол жетімді басқа тамырлардан қан алу жүзеге асырылады. Қан пробиркаға құйылады және биохимиялық зертханаға жіберіледі.
Қанның биохимиялық талдауы
Биохимиялық анализ нәтижелерінде нақты диагностикалық деректерді алу үшін анализді тапсырар алдында бірнеше қағиданы орындау қажет
* Зерттеуге қан 8-14 сағат бұрын ашығу және алкогольді қабылдаудан бас тартқаннан кейін, таңғы сағат ішінде (8 және 11 сағат арасында), тікелей алу алдында (20-30 мин) ең аз физикалық және эмоциялық белсенділік кезінде, жатқан немесе отырған жағдайда алынады
* Қан тапсырудан 2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту керек
* Тәуліктің басқа уақытында материалды алу шұғыл қажет болған жағдайда, соңғы тамақтан кейін өткен уақыт кезеңі міндетті түрде көрсетіледі
* Зерттеуді орындау үшін материалды алу емдік мақсатта (дәрі-дәрмек, инъекция, физикалық емдеу әдістерін қабылдау: УВЧ, СВЧ немесе диагностикалық (рентгенологиялық, ультрадыбыстық,эндоскопиялық) іс-шаралар орындалғанға дейін жүргізілуі тиіс.
26. ЭКГ түсіру, диагностикалық маңызы..
Науқасты белдікке дейін шешіндіріп,балтырларын да киімдерінен босату.
2. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.
3. Білектерін және балтырларының төменгі тұстарын ылғалдандыратын гелмен сүрту.
4. Ылғалданған теріге бекітетін қысқыштар арқылы электродтардың металл пластинкаларын қою.
5. Электродтардың металл пластинкаларын бекіту реті:
• Оң қолға – қызыл электрод
• Сол қолға – сары электрод
• Сол аяққа – жасыл электрод
• Оң аяққа – қара электрод
6. Кеуденің электродтар қойылатын тұстарына ылғалдандыратын гелді сүрту.
7. Науқастың кеудесіне электродтарды 6 позицияда резеңке сорғыштар жәрдемімен бекіту:
- IV қабырға аралығы төстің оң қыры
- IV қабырға аралығы төстің сол қыры
- IV- V қабырға аралығы сол төс маңы сызығы
- V қабырға аралығы бұғана орта сызығы
- V қабырға аралығы сол қолтық алды сызығы
- V қабырға аралығы сол қолтық орта сызығы
8. ЭКГ аппаратын қосып, «жүргізу» тетігін басу арқылы ЭКГ жазу ( әр тіркемеде үш жүрек комплексінен кем жазылмауы тиіс).
9. 12 тіркемеде ЭКГ –ны жазып болғаннан кейін аппаратты ажырату. Науқастың денесіндегі электродтарды алу.
10. ЭКГ таспасына науқастың аты-жөні, жасы, ЭКГ түсірілген күні жазылады.
Экг жүрек ырғағының жилігін есептейді,жүректің ырғақтығының дұрыстығын зерттейді т.б.
27. Жалпы қан талдауы, диагностикалық маңызы.
Қан талдауын қалай өткізген дұрыс: пациенттерге кеңес
Талдаудың әр түрі үшін ұстанатын белгілі ережелер қарастырылған.
Талдауларды тапсыруға дайындалған кезде 1-3 күн бұрын рационнан майлы және қуырылған тамақты алып тастап, ішімдікті қолданбаған жөн;
Талдауларды емшараларды (массаж, укол және басқа) жасау және дәрілерді қабылдау алдында тапсыру қажет;
Биохимиялық және клиникалық зерттеу үшін қанды аш қарынға таңғы сағат 7.30-дан бастап 11.00-ге дейін өткізу қажет;
Гормонға қан тапсырған кезде эмоциялық күйге мән беріп, денеге күш түсірмеу керек. Алдын ала келіп, клиника дәлізінде 15-20 минут тынығып отырған дұрыс;
Қанды физиотерапия, рентгеннен кейін тапсырмаған дұрыс.
Нәтижеге әсер ете алатын негізгі факторлар:
Дәрілер: дәрілік препараттардың зертханалық тестердің нәтижелеріне әсер етуі әрқалай және оны болжау мүмкін емес.
Ас ішу: ас компоненттері нәтижеге тікелей әсер етуі мүмкін, сонымен қатар жанама әсері де бар – астан кейін май мөлшерінің жоғары болуымен байланысты гормондар деңгейі өзгереді.
Шамадан тыс физикалық және эмоционалды жүктеме гормоналды және биохимиялық өзгерістерді туғызады.
Алкоголь: метаболизмнің көптеген үрдістеріне асқынған және созылмалы әсер етеді.
Шылым шегу: кейбір биологиялық белсенді заттектердің секрециясын өзгертеді.
Физио-емшаралар, анализдерді тапсыру алдындағы инструменталды тексерулер: кейбір зертханалық параметрлердің уақытша өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Әйелдердің менструалды цикл фазасы: гормоналды зерттеулердің бірқатарына маңызды, зерттеу алдында ФЫГ, ЛГ, пролактин, прогестерон, эстрадиол, андростендион деңгейін анықтау үшін үлгі алуға қолайлы күндерді дәрігерден айқындағаныңыз жөн.
28. Қалқанша безіне пальпация жүргізу. Диагностикалық маңызы.
Қалқанша безінің пальпациясы - аурудың болуын анықтауға мүмкіндік беретін, диагноз бірінші кезеңі болып табылады. Осы оқиғаларға маманы аурудың дәрежесін анықтайды, содан кейін әрі қарай зерттеулер тағайындайды.
Қалқанша безін тексеру.
Тік тұрғызып немесе отырғызып қалқанша безін сипап тексеру.
1 қалқанша бездің бүйір бөліктерін төс-бұғана-емізіктік бұлшықет астынан оң және сол жағынан тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
2 қалқанша бездің қылқасын тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
3 оң қолдың жиналып бүгілген 2-4 саусақтарын мойынның алдына төс тұтқасынан жоғары орналастыру;
4 сол қолдың ұшын 7-мойын омыртқасының өсіндісіне орналастырып мойын қимылын шектету;
5 айналасындағы ағзалардың басылып қалуында дамитын белгілерді анықтайды –көк тамырлардың кеңеюі, тыныстың қиындауы, дисфагия және т.б.;
6 мойынның алдыңғы аймағын қарап, тексеру;
7 дәрігер науқастың оң жағына орналасады, қолы жылы; науқасқа иегін сәл төмен түсіруді және өзін бос ұстауды өтінеді;
8 науқасқа жұтынуды өтініп, бездің жылжымалығын анықтап, оның көлеміне, беткейіне, тығыздығы мен аурусынуына сипаттама беру
29. Глюкометрмен қант мөлшерін анықтау, диагностикалық маңызы.
Глюкометр арқылы қандағы қант деңгейін анықтау.
Үйдегі қандағы қантты үнемі өлшеу глюкозаны тиісті бақылаудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Қандағы глюкозаны өлшеудің жиілігі жеке таңдалады және диабеттің түріне (қант диабеті) және науқастың жағдайының ауырлығына байланысты болады.
Үйде қандағы қантқа жедел талдау жүргізу үшін глюкометр қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет