Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Ұжым мен тұлғаның арасындағы қатынастың моделдері: Конформизм (тұлға ұжымға бағынышты)
Гармония (тұлға мен ұжым үйлесімді қатынаста)
Нонконформизм (тұлға ұжымды өзі бағындырады)
Ұжым –әр тұлғаның өзін-өзі көрсетуге, өз-өзіне сенуге, өзін-өзі бағалауға, өзінің беделін көтеруге бейімделген ашық алаң болуы керек!!!
Ұжымдықшығармашылық жұмыс (ҰШЖ) – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру.
Ұжымдық – бұл бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлғааралық қатынасын білдіреді.
Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді
Жұмыс– бұл оның нәтижесі, ортақ пайда және қуаныш дегенді білдіреді. «ЖҰМЫС, шара емес!»
Парадигма- (гр. үлгі деген сөз) – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиынтығы.
Қолдау - ықпалды адамның әлдебіреудің ісін (мысалы, қызмет бабы бойынша көтеру) ыңғайластыруға көрсететін қолдауы, қорғауы
Педагогикалық қолдау – бұл:
а) тəрбиеленуші сенімінен шығу;
б) көбіне бала педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдаудың мәні:::оқушының ұжымдағы қарым- қатынасы,
Яғни, оның сыныптастарымен және сынып жетекшісімен қарым-қатынасының жақсы болуы және қиындықтарды өз бетінше шеше алу қабілетін дамыту!!!
«Технология» термин сөзі латынның «техне» – өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым деген ұғымын білдіреді.