Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізу, бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін оны атқарудың маңызы ерекше.
Талдау жұмысының мақсаты оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады.
Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қортындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.
Педагогикалық үрдістің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, педагогикалық үрдістің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау.
Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу үрдісіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құрылады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет-қимылдар жүйесі. Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Сонымен қатар, тәрбие үрдісінің тиімділігі мен тұлғаның тәрбиелік деңгейін зерттеу педагог үшін тәрбие жұмысынның нәтижесін бақылауға, оларды алға қойған мақсатпен салыстыруға, дер кезінде тәрбие үрдісіне түзетулер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол үшін тәрбие үрдісін бағалайтын нақты «өлшемдер» мен «көрсеткіштер» керек.
«Өлшем» дегеніміз біртұтас құбылыс, ал көрсеткіш - оның бөлігі. Оның қандай деңгейде дамығандығы мен белгілері жөнінде тәрбие үрдісін бағалаудың «деңгейлерін» көрсетеді.
Тәрбие үрдісінің тиімділігін зерттеуде мыналар ескеріледі:
тәрбие үрдісі арқылы тұлғаның табысты әлеуметтенуін бағалау;
тәрбиенің нәтижесін бағалау.
1
№15
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты. Мектептің педагогикалық Кеңесі мен сынып жетекшісінің семинарлары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі).
2. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау.
3. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын бақылау.