Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың өзіндік ерекшеліктер.і



бет11/19
Дата25.04.2023
өлшемі59,59 Kb.
#86450
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
кр.сод.лекций тжт (1) (2) (1)

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың өзіндік ерекшеліктер.і
Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген.Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

1

№10
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары.
2.Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары.
3.Оқушының салауатты өмір сүру стилінің негізгі компоненттері: аса жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, жеке бастың гигиенасы, дағдылы тамақтану, травматизмнің болмауы, салауатты дағдылар, дене белсенділігі.
4.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекеттің бағыттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет