Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»



бет1/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат


Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері
Жоспары:


Кіріспе
I Негізгі бөлім
Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық» және «принцип» туралы түсінік.
1.1. Педагогикалық процесте тәрбие заңдарының мәні, негізгі түрлері және оларға сипаттама.
1.2.Тәрбие жұмысында тәрбие заңдылықтарының мәні, түрлері және оларға сипаттама.
1.3. Тәрбие жұмысында «тәрбие принциптерінің» мәні, түрлері және оларға сипаттама.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогтарға тәрбие процесінің мәнін жақсы танып-білу, оны мақсат, міндеттеріне сай табысты әрі нәтижелі ұйымдастыру үшін, ең алдымен, оның заңдарын, заңдылықтарын және принциптерін жете өз дәрежесінде ұғынып, меңгеруі міндеттеледі.Тәрбиенің өнімділігі тәрбиешінің тәрбие заңдары,заңдылықтары мен принциптерін білуіне байланысты.Тәрбиенің негізгі заңдылықтары деп тәрбие процесінің тұрақты, қайталанатын және маңызды байланыстары түсініледі, оларды іске асыру адамдардың, еңбек ұжымдарының дамуында талап етілетін нәтижелерге қол тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.


Тәрбиенің негізгі заңдылықтарын білу бірқатар себептер бойынша қажет:
-біріншіден, адам нақты жағдайларда объективті әрекет ететін табиғи заңдар жүйесіне бағынады. Тәрбие процесінің заңдылықтарын білу арқасында тәрбиелеу оларға қарамастан емес, объективті заңдардың (заң жүйелерінің) әрекетіне сәйкес өтетін жағдай жасауға болады. Және керісінше, заңдарды елемеу қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне, адамдарды тәрбиелеуде қателер мен ыңғайсыздықтың қайталануына әкеп соқтырады;
-екіншіден, заңдылықтарды білу мен есепке алу ескірген ұғымдардан жаңасына дейінгі қозғалыстың мәнін түсінуге, стереотиптерден босатуға және тәрбие жұмысының нәтижелі тәжірибесін бекітуге мүмкіндік береді. Тәрбиелеудің тиімді үлгісін негізгі заңдылықтарды білу, әлеуметтік маңызды құрамдас бөліктерді бөлу негізінде ғана құруға және пайдалануға болады;
-үшіншіден, заңдылықтарды түсіндіру және есепке алу тәрбие жұмысы жүйесіндегі өзгерістерді болжау үшін алғышарттар жасай алады, оларды жүзеге асыру оны оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Бұл сондай-ақ басшы тарапынан тәрбиені тиімді басқаруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ендеше, «Заң», «Заңдылық» және «Принцип» ұғымдарының мәнін ашайық.«Заң» ғылыми тұрғыда құбылыстар мен процестердің арасындағы өмір сүретін шынайы байланысты да анықтайды. Мәселен, табиғаттағы қайталанып келетін төрт маусым, соған орай әрбір маусымда болып тұратын құбылыстар, солардың негізінде жүретін процестермең өзара байланысын алуға болады. Бұл – заңды процесс және табиғаттың заңдылығы. Ол, мысалы, қыс кезінде күннің суытуы, қардың жаууы, соған орай адамдардың қысқа әзірленуі, жылы киініп жүруі секілді процестердің жүруімен түсіндіріледі. Яғни, тәрбие процесіндегі құбылыстар мен процестердің арасындағы бұндай заңды байланыстар, оның мәнін жақсы түсінуге көмектеседі. Мәселен, қандай да бір қоғамның өмір сүруі, оның өркендеуі, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың сана-сезімі, қарым-қатынасы, іс-әрекетімен тікелей тығыз байланыста болады. Сол үшін де мектепте, жалпы білім беру саласында оқу-тәрбие процесі қоғамның мақсат-мүдесімен тікелей байланыста қарастырылады. Бұл, әрине заңды құбылыс. Сондай-ақ, тәжірибеде «адам өзінің саналы, шынайы белсенді әрекетінің негізінде өзін және өзін қоршаған ортаны да өзгертеді» - деген объективті көзқарас бар. Бұл да заңды процесс.Яғни, заңдар - бұл белгілі бір нысанаға (объект) қатысты шынайы теориялық білімдердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет