1.Оның маңызды принципі болып – мақсаттылық, тұлғалық бағыттылықтың болу принципі табылады. Оның мәні, оқушылардың оқудан тыс әрекеттерінің мазмұны тәрбиенің жалпы мақсатын – тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ол тәрбиеленушілердің қабілетін, қызығушылығын, әуесқойлылығын және бейімділілігін табуды, олардың әрқайсысының тұлғалық дамуының ең таңдаулы жолдарын анықтауды және өмір сүру әрекеттерінін жеке-дара ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан педагогтарға бұл мақсатты өздерінің тәрбие жұмыстарында әр кезде ескеру және басшылыққа алу қажеттілігі міндеттеледі.
2.Оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастырудың тағы да маңызды принципі, оның қоғамдық бағытының болуы. Яғни, ол қоғамның нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сәйкес келуі тиіс. Мәселен, оқудан тыс тәрбие жұмыстары, студиялар, үйірмелер, бірлестіктер және т.б. жұмыстарының мазмұны елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ғылыми, өнері, техникалық дамуымен сәйкес келіп, қоғамдық маңызды сипатта болуын көздейді.
3.Тәрбие жұмысында гуманистік бағыттылықтың болуы. Ол тәрбиешілерден әрбір адамға, ең алдымен балаға қатысты қарым-қатынас жүйесінде басты құндылық ретінде құрметтіліктің болуын талап етеді. Бұл принцип педагогикалық әрекеттестікте субъект-субъективтік сипатта болып келеді. Соның негізінде педагог және тәрбиеленуші педагогикалық процестің тең құқылы қатысушылары ретінде саналады. Сонымен қатар бұл принципті қолдануда педагогтардың ұйымдастырған тәрбие жұмысында оқушылардың әрекеті еріктілік және оқушының шамасына сай келуі сипатында болуын көздейді.
4.Сондай-ақ, оқушылардың сыныптан, оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда тағы да бір маңызды принцип, ол оның құндылыққа бағыттылығының және құндылық қатынасының болуы талап етіледі. Оның мәнісі, педагогттың кәсіби маман ретінде тәрбиеленушілерге қарым-қатынасында олардың назарын үнемі елдің әлеуметтік-мәдени құндылықтарына аударып отыруы қажеттілігі талап етіледі: адамға, табиғатқа, қоғамға, еңбекке және өмірдің негізгі құндылығына, адам абыройына, жақсылыққа, шындыққа, әсемдікке. Бұл принцип (талап) педагогтардың ұйымдастырған тәрбие әрекеттері философиялық сипатқа ие болған жағдайда, мәселен, фактлерде құбылыстар, құбылыстарда – өмірдің заңдылықтары, заңдылықтарда – адамдар өмірінің негіздері ие болған жағдайда ғана жүзеге асады.