2)Адам әртүрлі факторлардың әсерімен тәрбиеленеді (үлкендер, қоғамдық қатынастар және сана формалары, әлеуметтік және табиғи орта, әлеуметтік тәжірибе, әр түрлі бағыттағы ақпараттар және т.б.). Бұл процесте ең алдымен ата-аналар және педагогтар маңызды рөл атқарады. Оның нәтижелі өтуі тек ұлттық ортада, табиғи жағдайда атқарылады. Мәселен, баланың ана тілі, өзін қоршаған табиғаты, ұлттық мәдениеті, дәстүрлері және т.б.
3)Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық. Бұндай жағдайда тәрбие процесі маңызды рөл атқарады. Ол оның тұлғалық, шығармашылық дамуына бағытталып, мақсатты, жоспарлы түрде ұйымдастырып отырады. Тәрбие процесінің нәтижесінің табысты болуы баланың ішкі әлеміне және рухани жан дүниесіне үнемі тәрбиелік ықпал етумен жүзеге асады. Яғни оның ақыл-ойы, көзқарасы, сенімі, құндылық бағыты, эмоционалдық саласының жетіліп, дамуымен тығыз байланысты қарастырылады. Бұндай қатынас тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара тығыз байланысын сипаттайды. Демек, тәрбие бар жерде даму бар.
4)Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы ортамен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы. Бұндай көзқараста іс-әрекеттік және қарым-қатынас тәрбиеде жетекші және анықтаушы фактор болып саналады. Соның ішінде, іс-әрекет баланың оқуы, еңбегі, ойыны, спорттық, көркемөнер, шығармашылық және т.б. әрекеттерінің жүзеге асуында сана мен мінез-құлықтың бірлігін қалыптаструда негізгі фактор болады.
5)Тәрбие процесінің нәтижелі болуы баланың өзін қоршаған ортаға тікелей қатынасына және оған дұрыс педагогикалық ықпал етумен байланысты. Тәрбие процесінде қалыптасқан көзқарастар, сенімдер және мінез-құлықтың себеп-салдары (мотив) баланың педагогикалық ықпалдастыққа қатысты ұстанымын анықтайды.
6)Тәрбие процесінің нәтижелі болуы ұжымдағы дұрыс моралдық-психологиялық көңіл-күй жағдайына байланысты. Ол балада жағымды адамгершілік сапаның және өзара сыйластықтың қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе, бұл процесте баланың тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеуінің өзара үйлесімді байланыста болуы маңызды. Соған орай тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагог немесе тәрбиеші тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланысын қамтамасыз етуі қатаң міндеттеледі. Өйткені тәрбиедегі түпкі мақсаттың нәтижелі болуы баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне қол жеткізу. Яғни оны объектіден субъектілік қатынасқа қол жеткізу. Бұл тәрбиедегі бірден-бір даналық.
Достарыңызбен бөлісу: |