Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»



бет11/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
16.Оқушылардың тәрбие жұмысында басшылыққа алатын тағы да бір елеулі принцип – ол оқушылардың белгілі бір іс-әрекетті орындауда өздерінің таңдау еркіндіктерінің болуы принципі. Бұндай көзқарастың мәні сол, оқушылар тарапынан таңдалған қайсыбір іс-әрекет олар үшін қызықты, тартымды, ұнамды, әсерлі болып келуімен және сол үшін де олар өздерінің барлық күш-жігіері мен қабілеттерін барынша пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істеулері мүмкін болмақ.
17.Тәрбие процесінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізу принципі. Тәрбие процесiнде тұлғаның адами қасиеттерiн қалыптастыруда ықпал ететiн факторлар жүйесiнде өзiн-өзi тәрбиелеудiң орны ерекше.
18.Тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыруда басшылыққа алатын принциптердің бірі тәрбиенің әдістері мен амал-тәсілдері және құралдарының тәрбие мақсаты мен міндеттеріне және мазмұнына сәйкес келуі, сондай-ақ, ондағы шынайы психалогиялық жағдайды оптимизациялау (оңтайландыру) принципі.
19.Сабақта және оқудан тыс жұмыстарында тәрбие процесінің мазмұндылық және ұйымдастырушылық сипатының біртұтастығының болуы принципі. Өйткені оқудан тыс тәрбие жұмысы оқу-тәрбие жұмыстарының логикалық (қисынды) жалғасы болуы шарт.
20.Тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыруда басшылыққа алатын принциптердің тағы бірі, ол әрекеттегі себеп-салдардың болуы (мотивированность) принципі. Баланың әрекетінде белгілі бір тапсырманы орындау немесе қайсы бір үйірмеге, секцияға қатысуы үшін түрткі болатын қозғаушы күш - мотив (себеп-салдар) болуы керек. Егерде, бұл мотив жоқ боса, онда балада оған қатысты қызығушылықта та және оң тәтиже де болмайды.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әбенбаев С. Педагогика. Оқулық. 2-басылым.Астана: Фолиант, 2015
2.Әбенбаев С.Ш. Студенттердің болашақ кәсіби маман ретінде оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдары мен заңдылықтарын меңгеру қажеттілігі. - Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, 2019.
3. 3.Педагогика. Учебник. /Под ред. Л.П.Крившенко, С.
4. https://stud.baribar.kz/17272/tarbieninh-zanhdylyqtary-men-printsipteri/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет