«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған


Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері



бет7/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдістемелік құрал

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған, балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжербиені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неқұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық, белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтын тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерінде көрсетілген:
Балалар өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін –өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе, көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш – қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
Баланың дүниетанымының компонеттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік –жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез –құлық нормаларын меңгереді. Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда ааталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып өзгертілуі мүмкін. Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез –құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым –қатынас мәдениетін т.б. үйретеді. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың жеке –дара қабілетін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады. Осында жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім «қонаққа барған жағдайда қандай мінез –құлық ережелерін сақтау» қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың «мінез –құлық ережесі» туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез –құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру: этикалық нормаларын сақтауға үйрету: «мінез –құлық нормалары» деген этикалық ұғымды қалыптастыру: сол сыныптағы балаларда кездестіріп қалатын «мінез –құлық нормаларына» қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді. Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірбиеге бейімделген адам баласы өмірінің әр түрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым –қатынаста моральдық бейнесін бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

Тәрбие жұмысының формасы. Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:


Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні.
Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі.
Бір нәрсенің белгіленген үлгісі.
Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, олардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым –қатынастары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актсі ретінде қарастырылады.
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субьектісі тұрғысынан қарастырылады –үлкендердің және тәрбиеленушілердің.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық –бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес ормаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым –қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы: «Адамға музыка не үшін қажет?» -пікірталас: «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?»-тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым»- дөңгелек стол, «Батыл да күшті ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалық әр түрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлау сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс –әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеруге талап етілеі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда, В.А.Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат міндеттеріне қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке –дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл –ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеуге ұсынылады. Ол мынандай болады:
Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгілік өткізу (ақын –жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).
Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
Әр түрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
Оқушылармен ток –шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскейтбол, фудбол, шаңғы тебу т.с.с.
Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
Мектепгі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап –тілектері, қабілеттеріне сай қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
«Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
Мейрам күндерін, Республиканың атаулы, мерекелерін атап өту.
Сынып жиналыстарын өткізу.
Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу –өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру сенбіліктеріне қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
Мұражайларға, көрмелерге, демалыс –мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарға саяхат жасау.
Соғыс, еңбек ардагерлеріне, қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілген жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі,
талабы еске алынады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдылық, көңіл көтерушілік, спорттық –сауықтыру, еңбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқалай формада қолданылады. Мысалы, «Не? Қашан? Қайда» -викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық –ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісін болмауы үшін нәтижесі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы, әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық –сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық –салыстыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спорттық туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне –өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бұл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш –қайрат жұмсауы оқушылардың әр түрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының нәтижесіне бағытталады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс жасау сенбілікке қатысу, сыныптың, болмаса мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік –жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез –құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын т.б. формалар арқылы қатысады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа дәстүрлі емес, яғни бейдәстүрлі түрлері пайда болуда: «Қызығушылқ сабақтары» (Оқушылардың қызығушылығына қарай тақырыптар орындалады); «Не? Қашан? Қайда?», «Өнер мектебі», «Өзіңді тану», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Азамат», «Мың бір мақал», «Алтын көмбе», «Алтын сақа» т.б.
Әрине біз бүгінде мектеп тәжірибесінде орын алған тәрбие жұмысының формаларын толық қамтығамыз жоқ. Оны істеу мүмкін емес. Себебі, өмірдің талабына сай мектеп практикасы жаңа формаларды тудыруда. Ол мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлескен шығармашылық ізденістері барысында туындап отырады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп мұғалімі тәрбиенің мақсат –міндеттеріне сай ондағы жаңа идеяларды өзі құрастырады дегенмен, тәрбие процесінде мектеп мұғалімінің шығармашылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін алгоритм бар. Оның негізіне екі идеяны жатқызуға болады:
Әртүрлі ұйымдастырылған формадағы тәрбие мазмұны ғылым және өнер арқылы байытылады. Олардың негізіне әр түрлі әрекеттер кіреді: танымдық салада –этика, эстетика, мәдениеттану, саясаттану ғылымдары саласында тарихи, құндылық - бағдарлық білімдер жатады: өнер саласында –эстетика, музыка, сұңғат өнері, поэзия, дизайн, мәдениет саласындағы көркемдік білімдер: дене шынықтыру саласында – салауатты өмір салты жайында теориялық және практикалық білімдер: еңбек саласы –халық дәстүрлері, қолөнеріне қатысты білім, іскерлікті жатқызуға болады: еркін –қарым- қатынас бойынша оқушылардың әр тараптағы демалысын ұйымдастыру т.б.
Мұндай жұмыстар тәрбие жұмысының барлық формасын жаңа деңгейде көтеруде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен бірге оқушылар, олардың ата –аналары, мектептен тыс мекемелірінің қызметкерлеріне қоғам қайраткерлеріне мүмкіндік береді.
Мұғалімге тәрбиедегі көзқарасты шығармашылықпен ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер көмектеседі. Солар арқылы әртүрлі әдістер және формаларды құруға болады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
Оқушылардың, жас, жеке –дара және сынып ерекшелігі.
Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с. Егерде мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды. Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі, оқушыларға спорттық сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет