«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған


Педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық



бет3/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани - адамгершілік және рухани - эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап - тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым - қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық, мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады. Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде.Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі - сынып. Мұнда танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырлады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады. Сынып жетекшісі іс -әрекетінің мазмұны оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі қызметімен анықталады. Р.Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функция бөліп көрсетілген. Бірінші деңгей педагогиканың және әлеуметтік гуманитарлық функциялары жатқызылады. Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, балалардың өзекті жеке тұлғасың мәселелерін шешу, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытында көмек көрсетуге бағдарлаған. Олардың ішінде оқушыларды дамыту; балаларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен әлеуметтік тұрғыдан қорғау, қойылған тәрбиелік міндеттерді орындау үшін барлық педагогтердің күшін біріктіру деп аталатын сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізігі мазмұнын анықтайтын үш түрге бөліп көрсету қажет. Ал оның баланы әлеуметтік тұрғыда қорғау функциясы шешуші болып табылады. Баланы әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті- тікелей орындаушы ғана емес, балаларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет етуге көмектесетін үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағынада қарастырған орынды. Соңғысында бұл іс-әрекет ерекше қиын жағдайда қалған балаларды қорғауға бағытталады. Ондайларға басқаларға қарағанда шұғыл әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, босқын балалар және т.б. жатады. Ал кең мағынада әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік кепілдіктің объектісі ретінде шығу тегіне, ата-аналарының және жағдайларының болу-болмауына тәуелсіз барлық балалар алынады. Біраз балалардың әр түрлі категорияларына саралау ұстанымы қолданылатыны даусыз. Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатында жету үшін сынып жетекшісі оқушылардың құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселелерді шешіп алуы тиіс( ұжымды құру, оны ұйымдастыру, белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы). Бұл міндеттерді оны ұйымдастыру деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік-психологиялық қызметі анықтайды. Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері. Олардың әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады: Іс -әрекет бойынша - оқу, еңбек, спорт, көркем және т.б. -педагогтық ықпал ету тәсілі бойынша - тікелей және жанама; - өткізу мерзімі бойынша- қысқа ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақ мерзімді ( бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі ( үнемі қайталанып отыратын); -дайындау мерзімі бойынша алдын - ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс, даярлау жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс түрлері; - ұйымдастыру субъектілері бойынша - балаларды ұйымдастыруға педагогтер, ата-аналары және басқа ересек адамдар қатысады, балалар іс-әрекеті ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады, бастама және оны жүзеге асыру балалар тарапынан болады, -нәтиже бойынша - түрлері, нәтижелері ақпаратық алмасу, жалпы шешім қабылдау, қоғамдық мағызды өнім болуы мүмкін; - қатысушылар саны бойынша- жеке (тәрбиеші- тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші-балалар тобы), көпшілік) тәрбиеші- бірнеше топтар, сыныптар). Жеке жұмыс түрі топтың ұжымдық тұрлерге әсер етеді және соңында олардың табыстылығын анықтайды. Бұған әңгімелесу, сырласу, ақыл кеңес пікір алмасу, тапсырманы бірігіп орындау, нақты бір жұмыста жеке көмек көрсету, мәселенің шешіммен бірлесе іздестіру жатады. Әрбір оқушымен өзара қарым-қатынастың жеке ету керек. Жеке жұмыс түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері мол. Жұмыстың топтық түріне іс кеңестеріне, шығармашылық топтарды, өзін-өзі басқару ұйымдарын, микроүйірмелерді жатқызуға болады. Бұл түрлерінде сынып жетекшілері өздерінің қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Сынып жетекшінің топтық жұмысқа ықпалы балалардың арасындағы өзара ізгілікті қарым-қатынасты дайындауға бағытталады. Сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізілген жұмысының ұжымдық түрлеріне әр түрлі байқаулар, спектакльдер, концерттер, үгіт бригадаларының жұмыстары, саяхаттар, турлар, суреттер, спорттық жарыстарды т.б. жатқызуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерніе сәйкес және басқа да жағдайларға байланысты сынып жетекшілері қатысушыларды алып жүруші, ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі көрсететін қатардағы қатысушы, білімді адамдардың тәжірбиесін игеруде оқушыларға үлгі болатындай әрекеттермен ықпал ететін жаңа қатысушы, тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты ролдедерді атқаруы мүмкін.
Жұмыс түрлерінің әр қилылығы және оларды жиі жаңарту қажеттілігі сынып жетекшілерінің алдына оларды таңдау мәселесін қояды. Педагогикалық әдебиеттерден сынып сағаттарын, байқауларды,т.б өткізудің әр түрлі сипаттамасымен табуға болады. Олардың идеялары мен жеке элементтері бір-біріне ауытырылуы мүмкін, әрбір нақты жағдайда белгілі бір жұмыс түрі қолданылады. Өйткені, әрбір баланың және әрбір балалар бірлестігінің өзіндік орны бар, соған сәйкес жұмыс түрлерінің мазмұны мен құрлысы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
1.2. ҚР сынып жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі міндеттерімен жұмыс жүйесінің қалыптасуы.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды. Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде ``күтушілер'' няньки, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. 1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген. Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушылар да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез - құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылады. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды. Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "Гимназиядағы сынып тәрбиешісі" жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс - қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеген көңіл аударылды. Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды. XIX ғасыр аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысу; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с. XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдардің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері дап атады. Негізгі міндет - коммунистик идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін - өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата - аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды. 1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. 20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды. Ондағы себеп, бала ларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін - өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата - аналарымен жұмыс істеу болды. 1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке - дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді. 1934 жылы "Жалпы еңбек мектебінің " Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу - тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді. 1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәтібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық - саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді. Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттеріне айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде: -пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы; -сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім; -сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет). Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін - өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды. Әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі. 70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін - өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым - қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет