«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған


Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар



бет9/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан, тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқатылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен анықталатын болсын.
7.Тәрбиелеу шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапты және әржақты болуын ескеру керек.
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс. 10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке - дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.


Тәрбие жоспарын қалай құруға болады ?

I. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім және ғылым министірлігінің оқу - әдістемелік жұрналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.


II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.
Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық - танымдық (интелектуалдық) әрекеттерін ұйымдастыру.
2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру
3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым - қатынас жасауға ынталандыру.
4.Оқушыларды қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдағы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып, пән мұғалімдері және ата - аналармен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп, тану.
V. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
VII. Жоспарлау. Оқушыларды немесе олаодың белсенділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің, сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет