1.3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері. Диагностикалық қызметі сыныпта оқу - тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді. Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады. Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады. Жоспарлау - бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу - тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден - бір негізгі жолы. Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де ``тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге, педагогка - балгерлікке айналар еді'' - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді. Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы - бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады. Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды. Сынып жетекшісі қызметінің үшінші деңгейі тәрбиелеу іс-әрекетін басқару субъектісінің өзінің іс-әрекетінің логикасынан шығатын талаптар бейнелейді. Бұл - диагностикалау, мақсат қою, жоспарлау, бақылау және түзету қызметтері қамтылатын басқару қызметі. Диагностикалық қызметін атқаруда сынып жетекшісі оқушылардын тәрбиелігіне бастапқы деңгейінен өзгеруін үнемі бақылайды. Ол баланың жеке тұлғасын және өзіндік қасиеттерін зерттеуге және талдауға, нәтижелердің тиімсіздігінің себептерін іздестіруге және тұтас педагогикалық үрдісті сипаттауға бағытталады. Мақсат қою қызметін оқушылармен тәрбиелеу іс-әректінің мақсатын бірігіп анықтау деп қарастыруға болады. Сынып жетекшісінің бұл үрдіске қатысу деңгейі оқушылардың жас ерекшелігіне және сынып ұжымының қалыптасу деңгейіне тәуелді. Мақсат қою логикасы сынып жетекшісінің іс-әрекетін жоспарлау барысында көрініс береді. Жоспарлау міндеті- педагогикалық іс-әрекетті реттеу педагогикалық үрдісте нәтижелердің жоспарға сәйкестігі және жүйелігі, басқарылуы және сабақтастығы сияқты талаптарды орындауын қамтамасыз ету. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныпытан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.