Бейнероликпенжұмыс https://youtu.be/sr1-m19dgX8
Сұрақ-жауап -Бұл әнді орындау барысында не сезіндіңіз?
-Мұғалімдік мамандық жайлы пікірлеріңіз?
-Мұғалімдік мамандықты таңдаудың 5 артықшылығын атаңыз.
ІІІ. Қорытынды Мамандық-адамнан арнаулы білім,еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ал ұстаздың негізгі құралы – сабақ болғандықтан, біз сабақта тек білім беріп қана қоймай, оларға тәрбиені қатар алып жүреміз. Яғни оқушыларды мектепте өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, мектептегі сайлау жұмыстарына, мерекелер мен түрлі шараларды ұйымдастыруға қатыстыру арқылы елжандылыққа баулып, азаматтық тәрбие береміз. Сонда оқушылардың бойында ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даяр бола бастайды және олар әрқайсысының отбасы туралы, олардың мұқтаждарымен қатынастары, істері жайлы біліп, бір-біріне көмек береді, сөйтіп оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, достық қатынас дамиды. Ұстаз — білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет