Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы: «Таңшолпан» б/б Мектепалды «Түймедақ» тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі Қыркүйек айы Күні: 25. 09



бет7/18
Дата14.10.2023
өлшемі61,5 Kb.
#114559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
(дене шыңықтыру)
Мақал: Күз байлығы-ел ырысы.
(сөйлеуді дамыту)

Гүл егілген клумбаны бақылау
Мақсаты:
—өсімдіктердің күзгі тіршілігі туралы білімдерін тиянақтау;
-кейбір өсімдіктердің дәндерін шашып, қурап үлгергеніне көңіл бөлу;
—Күзде гүл ашатын гүлдермен (астра, настурция) таныстыру
Бақылау барысы:
Көркем сөз:
Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастай алмай жүрміз бе?
Жайнап өсіп далада,
Көздің жауын ала ма?
Бірде бірін жұлғызба,
Қасыңдағы балаға.
(көркем әдебиет)
Балаларға сұрақтар:
-Гүлдерде күзде қандай өзгерістер болады?
-Келесі жылы гүлдер өсіру үшін қазір не істеу керек?
Қандай гүлдер күзде гүлдейді?
(сөйлеуді дамыту)
Зерттеу қызметі:
Қураған гүлдерді алып, оның сабақтары мен дәндерін қарау.
Д/О: «Суреттері бойынша тауып ал»
Еңбек. Гүлдер дәнін жинап алу.
Мақсаты: Балаларға келесі көктемнің қамын қазір ойлау керек екенін түсіндіру.
Еңбек іс әрекет
Қ/О: «Мені ата».
Мақсаты:ымдау және қимыл арқылы жанурлар бейнесін жасау қабылеттерін дамыту.
«Қояндар мен түлкі».
Мақсаты: тез жүкіру дағдыларын дамыту
Жаттығу ойындары: Бір-біріне доп лақтыру
Мақсаты: жылдамдықтары мен ептіліктерін дамыту
(денешынықтыру)
Мақал-мәтел: Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.

Ағаштарды бақылау
Мақсаты:
—күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру;
—қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету;
— ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау (діңі, бұтағы, тамыры);
—туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы:
Көркем сөз:
Үйеңкі, қайың, қарағаш,
Самырсын, емен, қарағай.
Өседі бәрі аралас,
Бақшада өскен баладай.
Қаулап өскен ағаштар
Жеміс-жидек сайда да.
Хош иіске елітіп
Тынып қалған айнала
Қамқоршы болшы орманға
Орманды бәрің қорғаңдар!(сөйлеу дамыту)
Сұраққа жауап беріңдер:
Басқа ағаштар арасынан қайыңды қалай табамыз?
Қайың діңі қандай? (ақ қара дақтармен.)
Қайыңның тағы қандай бөліктері бар? (діңі, тамыры, бұтағы)
Ағашқа тамыр не үшін керек?
Күзде қайың жапырағының түсі қандай? (сары.)
Жазда қандай еді? (жасыл.)(терекпен де осындай жұмыс жүргізіледі)
Д/О. «Аталған ағашта тап». «Бір, екі, үш, қайыңға (терекке) қарай ұш!».
Мақсаты: мәтінге сай қимыл жасауды үйрету, аталған ағашты табу
Зерттеу қызметі Гербарий үшін қайың және терек жапырағын жинау (айырмашылықтарын атау)
Қ/О: «Қасқыр қақпан»
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу
Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту (денешыңықтыру)
Мақсаты: Бөрене үстімен жүруге жаттықтыру
Тыйым сөздер:
•Ағашты кеспе
•Ағаш бұтағын сындырма
•Ағаш жапыраған жұлма





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет