Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы: тоо «Одарешка» балабақшасы Топ: «Айналайын» мектепалды даярлық тобы Балалардың жасы: 5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі: 31қазан-04 қараша 2022 жыл


Музыка (маманның жоспары бойынша) Математика негіздері



бет5/47
Дата28.11.2023
өлшемі158,1 Kb.
#130884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Музыка
(маманның жоспары бойынша)


Математика негіздері
Мақсаты: қарапайым мысалдар мен есептерді шешуді,ауызша сөйлеуде есептің шарты,сұрақ жауап математикалық терминдерді қолдануға үйрету. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін дамыту.Жыл мезгілдері туралы білімдерін толықтыру, қыс айларымен таныстыру.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
таныс сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға жаттықтыру, ғ, ң, ә. дыбыстарының дұрыс айтылуын нақтылау және бекіту.

Сауат ашу негіздері
Мақсаты: . Үнді «л» дыбысының айтылуын, дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстығ талдау жасау, сөздерді буынға бөлу, екпінді буынды ажыратуға үйрету, «л» дыбысының айтылуы және дыбысталуымен, оның жазылымдағы (Л, л) әріптік белгіленуімен таныстыру, сөздегі «л» дыбысының орнын табуға, берілген дыбыстан сөз құрау, сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақта»
Мақсаты: Балалардың жол жүру ережесі мен оны сақтаудың маңыздылығы туралы түсініктерін нақтылау және бекіту. Жол жүру ережесімен таныстыруды жалғастыру. Оларды түрлі жағдайларда қолдана алуға үйрету. Жолдың жүру бөлігі, қиылыстары, сызықтары, жол белгілері туралы түсініктерді бекіту.

Екінші таңғы ас

Гигиеналық процедуралар: бет жуу дағдыларын үйретуді және жеке сүлгіні қолдануды жалғастыру. Тәуелсіздік таныту. Балаларды кезекшінің міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету (ас құралдарын, майлықтарды төсеу) (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, еңбек дағдылары) (кезекшілік). Балалардың назарын тағамға аудару, балалардың дастархан басында дұрыс тұруын қадағалау, тіке отыру, алаңдамау (қарым-қатынас дағдылары).

Серуенге дайындық

Мақсаты: Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге ойын құралдарын дайындау. Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. Серуен кезінде ұйыымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Серуен

Күз мезгіліндегі адамдардың киім киісін бақылау.
Мақсаты: Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ киінетіндігін балаларға айтып түсіндіру.
Еңбек: Біздің ауламыз.
Мақсаты: Ауладағы түскен жапырақтарды жинауға балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Жеке жұмыс : «Күзгі киім»
Мақсаты : Күзгі киім атауларын үш тілде үйрету .
Қимылдық ойын : «Ортасына дейін кім бұрын жетеді?»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Тығылыспақ.
2. Допты қуалау.
Билингвальды компонент: аула- участок, тазалық-чистота

Жерді бақылау.
Мақсаты: Жер бірнеше қабаттардан тұратындығын, олардың ең беткі қабатты-топырақ екендігін айтып түсіндіру.
Еңбек: Әсем ағаштар.
Мақсаты: Ағаштардың түптерін қопсытып, оларға су құю. Өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс : «Байтақ дала келбеті» (Сурет бойынша әңгімелеу).
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, туған өлкесінің алуан түрлілігіне сүйіспеншілігін арттыру, сурет бойынша әңгіме құра білуге үйрету.
Қимылдық ойын : «Кім тезірек?»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Орта доп.
спақ.
Блингивальдық компонент: ауа-райы – погода, табиғат - природа

Теректі бақылау.
Мақсаты: Теректің құрылысы-тамыры, діңі, бұтағы, жапырақтарын көрсете сипаттау. Күз мезгілінде оның өсуі баяулайтындығы туралы түсінік қалыптастыру.
Еңбек : Әсем ағаштар.
Мақсаты: Ағаштардың түптерін қопсытып, су құю. Балаларды табиғат әсемдігін сезіне білуге, өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: «Күзгі бақ» өлеңі.
Мақсаты: Күз туралы білім-дағдыларын тереңдету, сөздік қорларын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттері дамыту.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Қимылдық ойын: «Доппен ұрып алу»
Еркін ойын: 1. Қуаласпақ.
2. Тығылыспақ.
Билингвальды компонент: жел-ветер, ағаш- дерево

Желді бақылау.
Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру .
Еңбек : «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел »
Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Қимылдық ойын: «Орамал тастау»
Дербес ойындар:
1. «Желмен жарысайық»
2. «Менің әдемі үйім» (құрастыру)



Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.
Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.
Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.
Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.
Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты »
Дербес ойындар:
1. «Тәтті тоқаштар» пісірейік
2. «Мені қуып жет»
Билигвальды компонент: көлік – машина,сурет- рисунок



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет