Еңбек «Жем сауыт жасайық» Тақпақ
:Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа!
Мақсаты: :балаларға өз ауламыздағы құстар туралы түсінік беру, жапсырудың әдіс – тәсілдерін меңгертуді олан әрі жалғастыру.
Тақпақтар айту арқылы балалардың тілін, ақыл – ой қабілеттерін жетілдіру, қол, саусақ бұлшық еттерін дамыту.Құстарға алдын ала дайындалған кораптардан жемсауыт құрастырып ұжымдық жұмыс орындау Құстарға қамқор болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қимылды ойын кезінде сөйлеуді қозғалыспен үйлестіру. Екі аяқпен секіру, барлық қарқынмен қозғалыстарды орындау қабілетін жетілдіру. /дене шынықтыру ,қоршаған орта,сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет, құрастыру /
|
Бақылау «Біздің ауладағы ағаштар» Д\ойын Сипаттама бойынша ағашты тап"
Қимылды ойын : «Жапырақтар түсіп жатыр»
Еңбек «Біз еңбекқор баламыз»тақпақ
Мақсаты
. Ойын алаңындағы ағаштарды бақылап олардың бір-бірінен айырмашылығын ажыратып, атауға үйрету. Заттардың қасиеттерін дербес сипаттауға, түсін, мөлшерін, формасын анықтауға олардың әртүрлі белгілер бойынша салыстыруға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл –қозғалыс белсенділіктерін арттыру Ойын алаңындағы құрғақ ағаш бұталарын зерттеу арқылы оның қайтадан өспейтінін түсіндіру. Аулада тазалықты сақтау үшін бұталарды ұжым болып бір жерге жинау.балаларды табиғатты ластамауға оны тазалап ұстауға дағдыландыру, маусымдық еңбек процестерін орындау қабілетін бекіту. /дене шынықтыру ,қоршаған орта,сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,математика негіздері /
|
Бақылау «Аула сыпырушының еңбегі»
Қимылды ойын
«Такси »
Еңбек «Тазалықты сақтаймыз»
Адамдардың еңбегіне құрмет көрсету дағдыларын қалыптастыру балаларды қимыл-қозғалыстарын үйлестіре отырып, бір-бірімен, бағытын өзгертуге , бірге жүруге,балалар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру .ойын алаңының тазалығын назар аударту. / дене шынықтыру ,қоршаған орта,сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,математика негіздері /
|