Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні


Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары



бет10/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (ауладағы бұтақтарды жинау). (еңбек іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Нұсқаулыққа сәйкес және бірлесіп жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, жалпыға бірдей жұмыс істеуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалыс ойындары: "Сұңқар мен түлкі". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер. Ойын ережелерін айтуға, жүгіру кезінде негізгі қимылдарды дұрыс орындауға үйрету.
Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Ең жылдам".
Мақсат-міндеттер. Жылдам жүгіру кезінде жаттығу; ептілікті, физикалық қасиеттерді дамыту.

Серуеннен оралу

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.
Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Көркем сөз
Нәйім-нәйім, бауырсақ,
Қойға қарай жүгірсек,
Қой ішінде көк ісек,
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала үй күшік.
Нәйім-нәйім бауырсақ,
Бауырсақты қуырсақ.
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала ауылсақ. (І.Жансүгіров)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет