Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні


(қарым-қатынас іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)



бет13/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
(қарым-қатынас іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)


Ұлттық ойын. Алтыатар ойыны
Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған)баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (суданшығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны ─ 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
(дене шынықтыру)


Қалаған ертегіні мазмұндау.
Мақсат-міндеттер: есте сақтау, елестету, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ертегілер әлемінде деген сүйіспеншілікті арттыру.
(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын. "Ассоциациялар" (көктем мезгілі).
Мақсат-міндеттер. Балалардың көктем мезгілі жайындағы түсініктерін тиянақтау, қысқы құбылыстарға көңіл аудару; "көктем мезгілі" ұғымына сәйкес келетін сөздерді табуға ынталандыру; ой-қиялын дамыту.
Құралдар. Қыс мезгілі жайында суреттер немесе бейнежазба. Көктем мезгіліне байланысты мнемокарточкалар.
Шарты. Балалар көктем мезгіліне байланысты құбылыстарды, жанды және жансыз табиғатта болатын ерекшеліктерді атау керек.
Педагог балалардың тақырыпқа деген қызығушылығын ояту үшін тақпақты оқып беру мүмкін немесе балалардың қыс туралы білетін тақпақтарын кезекпен айтып бере алады.
Мысалы, Ө. Тұрманжановтың өлеңіне көңіл аударуға болады.
Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып.
Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік.
Көбелектей киінген,
Гүлді көріп сүйінген,
Алақайлап жүгірген,
Қып-қызыл бет – бүлдірген,
Қарындасқа қаршадай,
Жас балапан аршадай,
Гүлдің шоғын берейік,
Қуанғанын көрейік.
Педагог көркем сөзді оқып болғаннан кейін, ойынға көшеді. Егер балаларда қиындықтар туындап жатса, көктем туралы суретті немесе бейнежазбаны алдымен көрсетіп, кейін көз алдынан алып қойып, содан соң балаларға қыс жайында ассоцияцияларды айтуды ұсына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет