Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні



бет16/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Балалармен жеке жұмыс

"Қағаздан бүктеу" оригами жұмысы.
Тақырыбы: "Тырна".
Мақсат-міндеттер. Қағазды бүктеу арқылы әртүрлі аңдар, құстар мен гүлдердің пішіндерін жасауға мүмкіндік беру.
(шығармашылық іс-әрекет)

Жаңылтпаштар жаттау.
1. Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық.
Бес күзетші ... бес пысық.
2. Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
3. Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер».
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер,
«Жайнар кезім келді» - деп,
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып,
Күн нұрына боянып,
Көрік бердің балаға.
Гүлдер, гүлдер не түрлі
Құлпырды да, жетілді.
(қарым-қатынас іс-әрекеті)

"Жұмбақты ойдан шығару" жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың ойлау, елестету, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; дүниетанымын кеңейту.
(қарым-қатынас іс-әрекеті)




Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, қазақ тілі)
Мақсат-міндеттер. Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану. Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу. Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.
Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка)
Мақсат-міндеттер. Қазақ халқынының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға "Қаражорға" биін билету. Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.
Өнер бұрышында қоршаған орта тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.
Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу. Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру, сюжеттерде пішіннің, қимылдың ерекшеліктерін жеткізе білу, кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу. Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру. Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.
Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау. Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.
Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
Мобильді құрылғыларды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу (күніне ата-аналардың рұқсатымен 30 минуттан артық емес мобильді құрылғыларды қолдану).
Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу ); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру.

Балаларды түнгі ұйқыға дайындау

Балалардың беті-қолдарын, аяқтарын тазалап жуғызып ретке келтіріп жатқызу.

Түнгі кезекшіге өткізу

Балалардың денсаулығы туралы мәлімет беріп, тізім бойынша өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет