Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні


"Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп"



бет2/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
"Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп"
(тәрбиешінің көмекшісімен бірге)
Мақсат-міндеттер. Балаларға жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлықты, тәртіпті көре білуді. Ұжымда тату-тәтті еңбек етуді үйрету.
(еңбек іс-әрекеті)

"Кір сүлгілерді ауыстыру".
Мақсат-міндеттер. Еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрету. Ортақ игілік үшін, ниеттеніп еңбектенуге тәрбиелеу.
(еңбек іс-әрекеті)

Жапсырудан ойын-жаттығу
"Гүлденген ағаштар"
Мақсат-міндеттер: көктем мезгілі келісімен табиғат оянып, ормандағы ағаштардың гүлдеп, бүршік атулары жайлы білім беру.
(шығармашылық іс-әрекет)


«Түрлі-түсті гүл шоғы».
Мақсат-міндеттер. Балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.
- Балалар біз, орман алаңымен келеміз деп елестетіңдер. Күн ашық, құстар сайрап жүр, самал жел соғып тұр. Өсімдіктердің хош иісін байқадыңдар ма?
Біз орманда саяхаттамыз, мұнда түрлі-түсті гүлдер бар, ақ, қызыл, көк, сары т.б..
Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін, көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу керек.
(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

"Дәрілік өсімдіктің атауын анықта?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер. Балаларға емдік қасиеті бар өсімдіктердің иісіне, түр-түсіне қарап, атауын табуға үйрету.
Шарты. Педагог дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді дәріханадан әкеліп, кішкентай табақшаларға салып қояды. Балалар екі топқа бөлініп табақшадағы кептірілген өсімдіктерді бақылайды. Әр топ өсімдіктердің атауын дұрыс тауып, олардың қасиеттерін естеріне түсіріп, айтып береді. Өсімдіктің атауы дұрыс табылса, тиісті таңбалауышты ыдыстың жанына қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет