Жапсырудан ойын-жаттығу
"Гүлденген ағаштар"
Мақсат-міндеттер: көктем мезгілі келісімен табиғат оянып, ормандағы ағаштардың гүлдеп, бүршік атулары жайлы білім беру.
(шығармашылық іс-әрекет)
«Түрлі-түсті гүл шоғы».
Мақсат-міндеттер. Балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.
- Балалар біз, орман алаңымен келеміз деп елестетіңдер. Күн ашық, құстар сайрап жүр, самал жел соғып тұр. Өсімдіктердің хош иісін байқадыңдар ма?
Біз орманда саяхаттамыз, мұнда түрлі-түсті гүлдер бар, ақ, қызыл, көк, сары т.б..
Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін, көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу керек.
(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)
|
"Дәрілік өсімдіктің атауын анықта?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер. Балаларға емдік қасиеті бар өсімдіктердің иісіне, түр-түсіне қарап, атауын табуға үйрету.
Шарты. Педагог дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді дәріханадан әкеліп, кішкентай табақшаларға салып қояды. Балалар екі топқа бөлініп табақшадағы кептірілген өсімдіктерді бақылайды. Әр топ өсімдіктердің атауын дұрыс тауып, олардың қасиеттерін естеріне түсіріп, айтып береді. Өсімдіктің атауы дұрыс табылса, тиісті таңбалауышты ыдыстың жанына қояды.
|