Дидактикалық ойын. «Көлеңкесінен таны». Мақсат-міндеттері. Суреттегі көлік түрлерін көлеңкесінен танып, сызық арқылы қосуды ұсынады.
(сөйлеуді дамыту)
Дидактикалық ойын. "Қазынасы бар сандық". Мақсат-міндеттері. Қиял, талдау дағдыларын дамыту.
Ойын материалы және көрнекі құралдар: қорап (сөмке); қорапқа (сөмкеге) салынған жеуге болатын кез келген (жеуге болмайтын) зат.
Сипаттама: ішіндегі затты қолмен сипап сезу арқылы табу.
(сөйлеуді дамыту)
Дидактикалық ойын. «Шектес сандарды ата». Мақсат-міндеттері. Балаларға ойынға қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын ережесі: бұл ойын үшін бірнеше бөліктен жасалған карточка болу керек. Торкөзге жазылған сандар, ал бір торкөзге сан жазылмайды. Балалар сол жоқ санды тауып алып атау керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.
(сөйлеуді дамыту)
Көліктерді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттері. Балаларға балабақша маңайында жүрген көлік үлгілерін бақылауды, барлығына ортақ бөлшектер мен белгілерді (салон, дөңгелектер, рөл, мотор, жүргізуші) айтқызу; түсін, бір-бірінен айырмашылықтарын табуға машықтандыру.