Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет3/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
aAvrHqMMbMeAV1hji5RcmgeYYFrbXQxgcacrxvpI

(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
"Тап-таза қолдар" ойын жаттығуы
Мақсат-міндеттер: Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Көркем сөз.
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне тағам, міне ас,
Қасық түк те қалдырмас!
(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
(сөйлеуді дамыту)

Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Кім бәрінен де мұқиятты". Баланы теріс қаратып, өз киіміңіз немесе бөлмедегі заттар туралы сұрау.

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен оқу қызметіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Қуанамын мен де, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін!
(сөйлеуді дамыту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет