Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Ортаңғы топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

3 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

13.02-17.02.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналарға кеңес. "Отбасындағы сауықтыру шаралары".

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу; сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрету; ересектерге көмектесуге ынталандыру.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету, шкафты киім мен аяқ киімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу іскерліктерін дамыту.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балалардың өз төсегіне күтім жасау бойынша біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа, басқа біреуге көмектесуге тәрбиелеу; өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша дербестігі мен дағдыларын дамыту.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Өсімдіктерге жарық пен ылғалдың қажеттігі туралы балалардың білімдерін кеңейту, су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту; қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Жаңа еңбек дағдыларын үйрету; жапырақтарға ылғалдың қажеттілігі туралы түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

"Лото" үстел ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды заттарды топтауға баулу, зейінді, байқауды дамыту.
Балалар суреттердің жалпы атаулары бойынша жинайды.
Құралдары: ойыншықтар, киім, тамақ және т. б. заттық карточкалар мен топтастыруға арналаған панно-карточкалар.
(математика негіздері)

"Ұқсайды – ұқсамайды" заттармен ойналатын ойын.
Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды салыстыруға түрі, түсі, формасы, көлемі, материалы бойынша ұқсастықтарын байқауға үйрету; байқағыштығын, ойлауын, тілін дамыту.
Ойын ережесі: екі затты алып, оның ұқсастықтарын көрсету іскерлігі. Кімді көрсетсе, сол жауап береді.
Ойын әрекеттері: ұқсас заттарды іздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет