Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Еңбекке баулу тапсырмалары



бет8/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
aAvrHqMMbMeAV1hji5RcmgeYYFrbXQxgcacrxvpI

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене шынықтыру, көркем әдебиет)
Балалардың белгі бойынша жан-жаққа жүгіру және белгі бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру.
Педагог балаларға пингвиннің суретін көрсетеді, пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады.
- Пингвиндер ұқсап жүрейік,
Оңға-солға теңселейік:
Топ-топ-топ, топ-топ-топ,
Оңға-солға теңселейік.
Ал енді, пингвиндер, тоқта!
Қане, жиналыңдар сапқа!
Бір-бірімізден қалмаймыз,
Сапта жүріп, ай, жараймыз!
Д. Ахметова
"Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу.
"Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу.

"Қырауды бақылау." (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарына, басқа заттарға қатып, қырауға айналған. Қырау күннің ашық кезінде пайда болады.
Көркем сөз.
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Қимылды ойын. «Ақ қоян». (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет