Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)



бет7/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету.
- Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады.
- Иә, бұл құстар шиқылдайды.
- Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар!
Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.
"Қораз" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру, көркем әдебиет)
Балаларды қораздың (әтеш) қимылдарына еліктеуге ынталандыру, тізелерін жоғары көтеріп, қолдарымен екі санын сыртынан соққылауға үйрету, бұлшық еттерін дамыту; жасалған жаттығудан жағымды әсер алуға талпындыру.
Педагог балаларға қораздың қимылдарын көрсетеді.
- Балалар, мен қандай құсты көрсетемін?
- Иә, бұл құс - қораз. Жарайсыңдар!
- Қанекей, менің соңымнан қайталайықшы, қоразға ұқсап қимылдайық.
- Қораз! Қораз!
Тыңдашы біраз.
Алтын сенің айдарың,
Көрініп тұр айбарың.
Терезеден бір қара,
Бұршақ берем мың дана.
Д. Ахметова
- Жарайсыңдар!
- Балалар, ал қораз қалай дыбыстайды?
- Иә, қораз "ку-ка-ре-ку" дейді.
"Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жүргіншілерді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын көшеде өткен адамдардың қимылдарына аударту, ересек адамдар мен кіші жастағы (баланы) ажыратуға үйрету; адамның дене мүшелері жайында алғашқы ұғымдар беру; топтастармен жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін арттыру.
- Балалар, көшеде сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? Атаңдаршы?
Балалар ағай, апай, бала деп атауы мүмкін.
- Жарайсыңдар!
- Ағайлар мен апайлар сияқты үлкен болу үшін, біз өсуіміз керек.
- Мен өсемін,
Бойым өседі.
Ойым өседі.
Өзіме: "Өс-өс-өс!" – деймін.
Жаттығу екі рет өткізіледі.
Педагог балаларға адамдардың марш адымын көрсетуді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет