Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу



бет11/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Үтіктің қасиеті".
Мақсат-міндеттер. Балалардың үтік туралы білімдерін қалыптастыру; үтіктің тұрмыстағы қолданылу ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту; үлкендердің үтікпен жұмыс істеу әрекетін бақылау дағдыларын жетілдіру; техника және адам туралы ұғым беру.

Музыкадан ойын-жаттығу
"Таза болайық".
Мақсат-міндеттер. Балаларды жаңа ән тыңдауда оның сипаты мен ерекшелігін ажырата білуге үйрету; ән айту кезінде әуеннің мағынасын түсіне отырып, эмоционалды қабылдай білу қабілетін қалыптастыру; топпен ілесе ән айту ережелеріне дағдыландыру; би элементтерін музыка ырғағына сай үйлесімді жасай білуге жаттықтыру; музыкадағы жоғары және төмен дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; техника туралы ұғымдарын кеңейту.


Сюжетті-рөлдік ойыны: "Отбасы".
Мақсат-міндеттер: ойынға деген қызығушылықты дамыту, балалардың арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру.
(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

Сурет салудан ойын-жаттығу
"Сағат".
Мақсат-міндеттер. Балаларды қылқалам арқылы шеңбер сұлбасының бойын, арасына бірдей қашықтықты сақтап жақпалармен безендіруге үйрету.


Ұлттық ойын "Киіз үй"
Ортаға арқалығына орамал ілінген төрт орындық қойылады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, нұсқаушының дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Қар тазалаушы трактор".
Мақсат-міндеттер. Балалардың қардың және трактордың ерекшеліктері туралы ұғымдарын кеңейте отырып, балалардың қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын
қалыптастыру; қабілеті мен зейінін, тілі мен есте сақтауын және байқампаздығын дамыту.


Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Қимылдарды қайталаймыз".
Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Сіз қандай да бір қимылды көрсетесіз, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда, балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет