Қимылды ойын «Аюлар мен аралар»
Құмда таяқпен еркін тақырыпта суреттер салу.
(бейнелеу іс-әрекеті)
Серуенненоралу
Жүйелі түрде шешіну, шкафтарға бүктеу, қолды жуу. Шешіну кезінде балалардың шкафқа колготки,сырт киімді салу дағдысын пысықтау. Балалардың достарынан көмек сұрауды сыпайы түрде білдіруді үйрету. Сабын ыдысынан сабын алуға, ересектердің көмегімен қолды сабындауға үйрету. (көркем әдебиет , дербес, еңбек әрекеті).
Түскіас
Түскі ас алдында гигеналық шараларды т: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу,дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , тамақтану кезінде сөйлеспеу, алғыс айту)
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Тамақтанғаннан кейін ауызды шаю.
Күндізгіұйқы
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауы үшін баяу музыка тыңдату. (көркем әдебиет)