Таңғы жиын. «Жүрекше» деген ойын ойнату.Жүрекшені екі қолмен алақанда ұстап тұрып, шын жүректен деген сөзді қосып, жақсы тілек айтып, қасыңдағы баланың атын айтып ұсынады. Ойын соңында барлық бала оң алақанын жайып тұрып: «бәрімізге денсаулық тілейміз» - деп терең дем алады.
«Бір шаңырақ астында» тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдату, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
Сөйлеуді дамыту Сын есімдер мен үстеулерді қолдану. «Менің жақын досым» тақырыбында балалардың әңгімесін тыңдау. Достарын сипаттау, олардың жақсы қасиеттері үшін достығы үшін алғыс білдіру.
Қазақ тілі Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Өздері алдын жаттаған тіл ұстартуларын қайталату.
Сурет салу Мүсіндеу Жапсыру,құрастыру «Достық алаңы» тақырыбында суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салуды үйрету.
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуді үйрету. Жеке және топпен бірлесіп жасауды, онда міндеттерді келісіп атқаруды меңгерту. Әр балаға адам мүсінін жасату. Оларды алаңғы жинап, ойнап жүрген балалардың достық алаңын жасату.
Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қатпарлап қию әдісімен өздеріне ұнайтын затты қиып жасату.
Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту. Достық гүлін жасату. Баллардың жасаған гүлдерін бір құмыраға салғызу мадақтау.