Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет33/33
Дата22.05.2023
өлшемі143,38 Kb.
#95891
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Балалардың үйге қайтуы

Үйде достық туралы мультфилім көруді ұсыну
Апталық жұмыстан не ұнағанын сұрау.



Ертегі әңгімелер

Бақша ағаштары


Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

    • Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

    • Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

    • Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, -деді баласы.

    • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Ыбырай Алтынсарин

Асыл шөп


Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады.
Сонда Злиха айтты:

    • Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?

    • Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.

    • Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін деді

Злиха

    • Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр деген деді.

Тәртіпсіз лақ


Кеш. Аулада, терек саясында кітап оқып отырғанмын. Кенет тарс – тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім.
Қарасам, көршімнің біріншіде оқитын баласы кішкентай ақжағал лақты қуалап жүр.
Бір кезде жетті-ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, басқа төпелеп жатыр.Үйден әжесі шығып, оның қылығын көрді де:

      • Әй, Тәлтай! Ұрма лақты!

Айқайға алаңдаймын деп, Тәлтай лақтан айырылып қалды. Төніп келген әжесінен қашпай тымыраяды.

      • Неге ұрасың ой, тәртіпсіз?!

      • Лақ тәртіпті ме? Неге еккен ағашымды құлатады?

Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына еккен өрімталы қисайып жатыр. Оны көрген әжесі:

      • Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, - деп қолын бір сілтеп, жөніне кетті.

      • Маған ұрсады, лаққа ұрыспайды, - деп бұртаңдаған Тәлтай құлаған талын тұрғызып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет