Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
"Қуыршақ" сюжетті-рөлдік ойыны. Мақсат-міндеттер: ыдыс-аяқ түрлерінің атаулары туралы білімдерін бекіту, ыдыстарды мақсатты түрде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Тамақ ішу мәдениетіне баулу. Киім атаулары туралы білімдерін бекіту. Балаларда дұрыс шешіну алгоритмі мен киімдерді дұрыс, ұқыпты бүктеу машықтарын бекіту.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)
|
"Кір-қожалақ бала туралы" еретегіні мәнерлеп әңгімелеп беру.
Шығарма сюжетімен таныстырып, мәдени-гигиеналық іс-шаралардың маңыздылығы жайында түсіндіру, бейтаныс сөздерді есте сақтауға көмектесу.
Тақпақ-жаттамақ.
Суым-құрбым,
Барлығының қолын жудың:
Мадина мен Еңлікке,
Қарлығаш пен Ерлікке.
Қолдарымыз әдемі, тап - таза енді,
Риза болып балалар, қуанып келді.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру)
|
Сумен тәжірибелер. Судың қасиеттері.
Мақсат-міндеттер: судың өміріміздегі маңызы туралы айту, судың қай жерде, қандай күйде болатындығын көрсету, су күйінің әртүрлілігі туралы айту.
Су өте әртүрлі болады. Ол, сиқыршы сияқты, жаңбырға, шыққа, мұзға, қарға айнала алады. Су бұл - өзендер, көлдер, теңіздер.
- Бірінші стақанда не бар?
- Су.
- Екінші стақанда не бар?
- Сүт.
Суы мен сүті бар стақанда қасықтар бар. Қасық қай стақанда көрінеді, ал қайсысында көрінбейді?
- Суы бар стақанда қасықты көре аламыз, ал сүттен көре алмаймыз.
- Неге? Су қандай?
- Сүт қандай түсті?
- Енді сиқыршы су бізге судың түсін анықтауға көмектеседі. (Педагог ақ парақты алып, алдымен сумен, содан кейін сүтпен салыстырады).
- Сүт, қағаз сияқты, ақ, бірақ судың түсі жоқ. Су түссіз және мөлдір.
-Балалар, бәріміз тегеш пен екі су құйғыш тұрған үстелге келейікші. Суқұйғыштар қандай түсті? (Жасыл және сары). Қазір мен сендердің қолдарыңа әр суқұйғыштан құямын.
- Айтыңдаршы, жасыл суқұйғышта қандай су бар, ал сары түсте қандай бар?
- Жасыл түсте - жылы су да, сарыда - суық.
- Демек, су суық және жылы болуы мүмкін.
- Сендер қандай су іше аласыңдар, ал қайсысын іше алмайсыңдар?
- Қайнатылған, мөлдір.
- Сиқыршы - су сендерге стақандарға қайнатылған су дайындап қойды.
(Үстелде стақандарда қайнатылған су тұр. Балалар су ішеді.)
- Дәмі қандай су? (Дәмсіз.)
- Судың иісі бар ма? Иіскейікші.
- Жоқ, судың иісі жоқ.
- Су кімге керек?
-Адамдарға, құстарға, жануарларға, балықтарға, өсімдіктер мен жәндіктерге.
|