Еңбек тапсырмасы: далаға алып шыққан ойыншықтарды жуу.
Мақсат-міндеттер: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Балалардың еркін ойындары.
Серуеннен оралу
|
"Өз шкафыңды тап" дидактикалық жаттығуы.
Киімге арналған шкафтың не үшін керектігі, қалдай қолдану керектігі жайында айтып, таныстыру; заттық кеңістікті бағдарлай алу қабілетін қалыптастыру; шкаф, есік, сөре, ашу, жабу, қою, бүктеу, ілу сөздері арқылы балалардың сөздік қорын байыту және белсендіру.
|
Түскі ас
|
"Қасықты дұрыс ұстап үйренеміз".
Балаларға қасық ұстап үйрету жұмысын жалғастыру.
Ғажайып сәт.
Қуыршақ Дана топқа қонаққа келеді, ол көжені аузына шашыратпай апара алмайтындығына байланысты көйлегін үнемі былғатып алады екен. Балалар қонаққа "Алақай" деген балабақша өлеңін айтып "тыныштандырады". Содан кейін педагог балаларға сиқырлы қасықтарын алып, Данаға көжені қалай ішуге болатындығын көрсетуді ұсынады. Соңында Дана балаларға сабақ үшін алғыс айтады.
(мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Күндізгі ұйқы
|
Балалардың тыныш ұйқысы үшін қолайлы жағдай жасау.
|
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары
|
"Қоян" тақпақ-оятпағы.
Қоян, қоян, тұршы,
Беті-қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Әдемі көйлек киші,
Бізге қонаққа келші.
Содан кейін балалар аяқ киімдерін киіп, педагогпен бірге су қабылдау шаралары қабылдауға барады:
"Сылдыр, сылдыр, сылдыр су,
Мөлдір суға бетіңді жу.
Жуса таза болады,
Беті-қолың, маңдайың".
Тақпақ-оятпақтың ырғағы баяу, жайлы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |