"Тауық қорасындағы түлкі" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсат-міндеттері. Жалтарып жылдам жүгіруді, қимылдарды үйлестіруге дағдыландыру; күш-жігерді шапшаңдықты, шыдамдылықты дамыту.
Алаңның бір жағында "тауық қора" орналасады. Ол үшін орны сызылады. Бұл жерге тауық, балапандарды сомдайтын балалар жиналады.
Алаңның қарама-қарсы жағында "түлкінің іні" орны сызылып, түлкіні сомдайтын бала санамақпен таңдалады.
"Тауықтар, жем шаштым!" - деп жүргізуші (педагог) ойыншыларды алаңға шақырады. "Тауықтар мен балапандар серуенге шығады, жүреді, ұшады, жем шоқиды".
"Түлкі!" деген белгі естілген кезде "түлкі" інінен шығып, тауықтарға шабады, оларды ұстап алуға ұмтылады". "Тауық пен балапандар қораға қаша жөнеледі".
"Ұсталынды" деген баланы қолмен түртіп қалу керек. Балалар "қора" сызығынан асып кетсе, "түлкі" ұстай алмайды.
Ойын "түлкінің іні толғанша" қайталанады.
Басқа "түлкіні" ойнату үшін, санамақты қайта қолдану керек болады.
"Төмпешіктен төмпешікке секір" қимылды ойын-жаттығуы. Мақсат-міндеттері. Белгіленген орындарға аттап секіру дағдысын дамыту; дене тепе-теңдігін, күш-жігерді жетілдіру.
Еркін ойындар.
Көгөніс бақшасындағы жұмысты бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті) Мақсат-міндеттері. Арамшөптерден бұрын жас көшеттерді бақылау; бақтағы өсімдіктердің барлығы бірдей емес екендігіне назар аударту, оларды салыстыру, мәдени өсімдіктер, арамшөптер мен көшеттерінің арасындағы айырмашылықты көрсету.
- Арамшөптер мәдени өсімдіктердің өсуіне кері әсер етеді, олар қоректік заттарды, ылғалды алып, күн сәулесін жауып тастайды. Арамшөптерді тамырымен жұлып, бақшадан алып тастау керек. Не үшін?
"Арамшөптерді тап." Жердегі барлық өсімдіктер қажет, егер олар адамдарға қажет болмаса, онда құстар, жәндіктер мен жануарлар олардың дәндерімен қоректенеді. Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты, әр шөптің түрі, табиғаттағы әр гүл кездейсоқ емес, бір өсімдік басқасының өсуіне қажет.
Қорытынды: арамшөптер отырғызылған өсімдіктердің қалыпты өсуіне кедергі келтіреді.
Жұмбақтар. 1. Бақшада өседі, көп өнімдерін береді. (Көгөніс.)
2. Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз.)
3. Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр.)